Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік
және прогресс сыйлығының мәселелері" туралы Қазақстан Республикасының
Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына
енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң
Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығының
мәселелерi
"Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығы туралы" 2001 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында қаулы етемін:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығы туралы ереже (1-қосымша);
2) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығын беру жөнiндегi комиссияның дербес құрамы (2-қосымша) бекiтiлсiн.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Президенттің бейбiтшiлiк пен рухани татулық сыйлығы туралы" 1992 жылғы 31 тамыздағы N 903 қаулысы (Қазақстан Республикасы ПYАЖ-ы, 1992 ж., N 31, 471-құжат);
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 31 тамыздағы N 903 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы" 1994 жылғы 20 қазандағы N 1949 қаулысы (Қазақстан Республикасы ПYАЖ-ы, 1994 ж., N 42, 454-құжат);
3) Қазақстан Республикасы Президентінің "Президенттің бейбітшілік пен
рухани татулық сыйлығын беру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің
1992 жылғы 31 тамыздағы N 903 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 1997
жылғы 24 қазандағы N 3716
Жарлығы (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы,
1997 ж., N 47, 435-құжат).
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2001 жылғы ______________
N _______ Жарлығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң
Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығы
туралы ереже
Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығы (бұдан әрi - Мемлекеттiк сыйлық):
демократия мен әлеуметтiк прогрестi дамытқаны үшiн;
бейбiтшiлiктi және халықтар арасындағы достықты, өзара сенiмдi, мемлекетаралық қатынастарда теңдiк пен бiрдей қауiпсiздіктi нығайтуға бағытталған белсендi қызметi үшiн;
қоғамдық және ұлтаралық келiсiмдi орнықтыруға, Республиканың көпұлтты халқының бiрлiгiн нығайтуға қосқан ерекше үлесi үшiн;
Қазақстанның ұлттары мен ұлыстарының мәдениетi мен тарихи дәстүрлерiне деген құрметтi қалыптастыратын терең ойлы публицистикалық шығармалар үшiн берiлетiн болады.
2. Мемлекеттiк сыйлық жыл сайын Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдiктерге берiледi, сондай-ақ отандық, халықаралық және шетелдiк ұйымдарға берiлуi мүмкiн.
3. Мемлекеттiк сыйлыққа ие болған адамдарға "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң Мемлекеттiк бейбітшілік және прогресс сыйлығының лауреаты" атағы берiледi, диплом, омырауға тағатын белгi, куәлiк және ақшалай сыйақы тапсырылады.
4. Мемлекеттік сыйлыққа ие болған адамдарға ақшалай сыйақы 16000 (он алты мың) айлық есептiк көрсеткiшті құрайды және республикалық бюджет қаражатынан төленедi.
5. Мемлекеттiк сыйлық бiр мезгiлде бiрнеше үмiткерге берiлуi мүмкiн, мұндай жағдайда оның ақшалай бөлігі олардың арасында тең бөлiнедi. Мемлекеттік сыйлықты қайталап беруге рұқсат етiлмейдi.
Бұрын қабылданбаған үміткерлер Мемлекеттiк сыйлық беруге қайта ұсыныла алады.
6. Мемлекеттiк сыйлықты Қазақстан Республикасының Президентi салтанатты жағдайда тапсырады.
7. Мемлекеттiк сыйлыққа үміткерлер ұсыну құқығына:
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты мен Мәжiлiсiнiң комитеттерi;
Қазақстан Республикасының Yкiметi;
Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар;
мәслихаттармен келiсе отырып, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) әкiмдерi;
отандық, шетелдiк және халықаралық ұйымдар ие болады.
8. Мемлекеттiк сыйлыққа үмiткерлер кандидатураларын ірiктеу үшiн
мемлекеттiк, қоғамдық қайраткерлерден және өзге де тұлғалардан Қазақстан
Республикасы Тұңғыш Президентiнiң Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс
сыйлығын беру жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылады.
9. Комиссия Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы
консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
10. Комиссия қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының
Конституциясы, заң актiлерi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi
және осы Ереже құрайды.
Комиссияның негiзгi мiндеттерi
11. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
1) Мемлекеттiк сыйлықты беру жөнiнде келiп түскен ұсыныстарды қарау;
2) Мемлекеттiк сыйлық беруге лайықты үміткерлердi Қазақстан
Республикасының Президентiне ұсыну.
Комиссияның құқықтары мен мiндеттерi
12. Комиссия белгiленген тәртiппен:
1) үмiткерлердiң қызметімен және шығармашылығымен тұрғылықты жерiнде
немесе жұмыс орнында танысуға;
2) өз қызметiн жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк органдардан және өзге ұйымдардан құжаттар, материалдар және өзге де ақпараттар сұратуға;
3) қажет болған жағдайда мемлекеттiк органдар мен өзге ұйымдар өкiлдерiн шақыруға және тыңдауға;
4) Мемлекеттiк сыйлық беру тетiгiн жетiлдiру жөнiнде Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныстар енгiзуге құқылы;
Комиссия:
1) Мемлекеттік сыйлық беруге ұсынылған үмiткерлердiң құжаттарын қабылдауға;
2) құжаттарды қабылдау аяқталған соң үмiткерлер тiзiмiн, оларды ұсынған ұйымдарды көрсете отырып, олардың қызметтерi туралы қысқаша мәлiметтердi ресми басылымдарда жариялауға;
3) үмiткерлердiң қызметтерiн жұртшылық арасында кеңiнен әрi ашық талқылауға жәрдем көрсетуге;
4) Мемлекеттiк сыйлыққа үмiткер етiп енгiзiлген кандидатураларды қарауға және осы жылғы Мемлекеттiк сыйлық лауреаттарының саны мен оларға тиесiлi ақшалай сыйақы жөнiнде ұсынымдар әзiрлеуге;
5) белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Мемлекеттiк сыйлық беру туралы Жарлығының жобасын әзiрлеудi және оны
Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгінiң қарауына ұсынуды
қамтамасыз етуге мiндеттi.
Комиссия жұмысын ұйымдастыру
13. Комиссияны Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын
төраға басқарады. Төраға болмаған кезеңде оның мiндеттерiн Комиссия
төрағасының орынбасары атқарады.
14. Комиссия төрағасы:
1) Комиссия қызметiн ұйымдастырады және оған басшылықты жүзеге
асырады;
2) Комиссия отырыстарының күн тәртiбiн түзедi;
3) Комиссия отырыстарын шақырады және оларда төрағалық етедi;
4) Комиссия мүшелері арасынан Комиссия мәжiлiсiнiң күн тәртiбiне
енгiзiлген мәселе бойынша баяндамашыны белгiлейдi;
5) Комиссия құзыретi шеңберінде өзге де өкiлеттiктердi орындайды.
15. Комиссия хатшысы:
1) Комиссия отырысының өткізілуін қамтамасыз етеді;
2) Комиссия отырысының күн тәртібi, өткiзiлетін күні, орны және
уақыты туралы Комиссия мүшелерiн хабардар етедi;
3) келiп түскен құжаттарды Комиссия мүшелерiне ұсынады;
4) Комиссия төрағасының тапсырмаларын орындайды;
5) Комиссия мүшелерiнiң ұсынылған үмiткерлер кандидатуралары бойынша
жасырын дауыс беруiн ұйымдастырады.
16. Комиссия отырысы қажеттiлiгiне қарай өткiзiледі. Комиссия
отырысы, егер оған Комиссия мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екiсi
қатысса, құқылы деп саналады.
17. Комиссия шешiмi жасырын дауыс беру арқылы көпшiлiк дауыспен
қабылданады. Дауыстар тең болған ретте, төрағалық өтеушiнiң дауысы шешушi
болады.
18. Комиссия шешiмі хаттамамен ресімделеді және оған Комиссия
төрағасы қол қояды.
19. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Мемлекеттiк сыйлық беру
туралы актiсi ресми басылымдарда жарияланады.
Комиссия қызметiн қамтамасыз ету
20. Комиссия қызметiн ұйымдық және ақпараттық қамтамасыз етудi
Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм
министрлігi жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2001 жылғы ______________
N _______ Жарлығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң
Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығын беру
жөніндегі комиссияның дербес құрамы
Кекiлбаев Әбіш Кекiлбайұлы - Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк хатшысы, төраға
Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы - Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң орынбасары,
төрағаның орынбасары
Асқаров Әлiбек Асылбайұлы - Қазақстан Республикасы Мәдениет,
ақпарат және қоғамдық келiсiм
министрлiгiнiң Департамент
директоры, хатшы
Комиссия мүшелерi
Атрушкевич Павел Александрович - Қазақстан Республикасы Парламентi
Сенатының депутаты, Қазақстан
халықтары ассамблеясы төрағасының
орынбасары (келiсiм бойынша)
Бектұрғанов Нұралы Сұлтанұлы - Қазақстан Республикасының Бiлім
және ғылым министрi
Бельгер Герольд Карлович - жазушы (келісім бойынша)
Ертiсбаев Ермұхамет Қабиденұлы - Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
Әкімшiлiгi Қоғамдық-саяси
бөлiмінiң меңгерушiсi
Қадырова Зәуре Жүсiпқызы - Қазақстан Республикасы
Парламентiнiң
Мәжiлiсi Әлеуметтік-мәдени даму
жөнiндегi комитетiнiң төрайымы
(келiсiм бойынша)
Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы - Қазақстан Республикасының
Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
келiсiм министрi
Нұртаза Шерхан - Қазақстан Республикасының
Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты
(келiсiм бойынша)
Мұсақожаева Айман Қожабекқызы - Қазақ ұлттық музыка академиясының
ректоры (келiсім бойынша)
Смайылов Камал Сейiтжанұлы - публицист (келiсiм бойынша)
Щеголихин Иван Павлович - Қазақстан Республикасының
Парламентi Сенатының депутаты
(келiсiм бойынша)
Ыдырысов Ерлан Әбiлфайызұлы - Қазақстан Республикасының Сыртқы
iстер министрi
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.