Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы N 3827
Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті
Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы
20 қаңтардағы N 3827 Жарлығына толықтыру енгізу туралы
Қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы кәсіптік мерекелер мен атаулы күндер туралы" 1998 жылғы 20 қаңтардағы N 3827 U983827_ Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 1, 1-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы кәсіптік
мерекелер мен атаулы күндердің тізбесі:
"Білім күні - 1 қыркүйек" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы
жолмен толықтырылсын:
"Мұнайшы күні - қыркүйектің бірінші жексенбісі".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.