Каспий теңізі қайраңының қазақстандық бөлігін игерудің жекелеген мәселелері

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 28 тамыз N 1112

      Каспий теңізі қайраңының қазақстандық бөлігін игеруді жеделдету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі 2001 жылғы 1 желтоқсанға дейін Каспий теңізі "Қаражанбас-теңіз" қайраңының учаскесінде көмірсутекті шикізатты барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнінде ашық конкурс өткізсін.
      2. "Жамбыл облысындағы Амангелді газ кен орындарының тобын игеруді жеделдету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 сәуірдегі N 456 P010456_ қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақ алынып тасталсын.
      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 сәуірдегі N 456

 

қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001

жылғы 16 шілдедегі N 964 


P010964_


  қаулысының күші жойылды деп танылсын.

     4. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар

министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады