Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Қазақстан Республикасы Президентінің "Еуропа Қайта Жаңарту және Даму
Банкінің Басқарушылар Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілдері
туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына
енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің
ЖАРЛЫҒЫ
Еуропа Қайта Жаңарту және Даму Банкінің Басқарушылар
Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілдері туралы
"Қазақстан Республикасының Еуропаның Жаңарту және Даму Банкіне мүшелігі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 25 мамырдағы N 1212 U931212_ Жарлығына сәйкес қаулы етемін:
Мұрат Тиышбекұлы Құдышев Қазақстан Республикасынан Еуропа Қайта
Жаңарту және Даму Банкі Басқарушысының орынбасары қызметінен босатылсын.
"Қазақстанның Даму Банкі" жабық акционерлік қоғамының Төрағасы Сауат
Мұхаметбайұлы Мыңбаев Қазақстан Республикасынан Еуропа Қайта Жаңарту және
Даму Банкі Басқарушысының орынбасары болып тағайындасын.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.