Аса Қасиетті ІІ Иоанн Павелдің 2001 жылғы 22-25 қыркүйектегі Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапарын ұйымдастыру мен өткізудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 4 қыркүйек N 1138

      Аса Қасиетті ІІ Иоанн Павелдің Қазақстан Республикасына сапарын жоғары ұйымдастырушылық деңгейде дайындау мен өткізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен - 185 070 000 (жүз сексен бес миллион жетпіс мың) теңге бөлінсін, соның ішінде:
      1) Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне сапарды жария етумен байланысты ақпараттық-насихаттық және ұйымдастырушылық-практикалық іс-шараларды жүзеге асыруға - 148 210 000 (жүз қырық сегіз миллион екі жүз он мың) теңге;
      2) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне сапар кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етумен байланысты іс-шараларға - 9 858 000 (тоғыз миллион сегіз жүз елу сегіз мың) теңге;
      3) Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметіне күзеттік іс-шараларды қамтамасыз етуге - 1 957 000 (бір миллион тоғыз жүз елу жеті мың) теңге;
      4) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына Ватикан делегациясына қызмет көрсетуге - 3 834 000 (үш миллион сегіз жүз отыз төрт мың) теңге;
      5) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігіне сапарды өткізу жөніндегі іс-шараларды медициналық және дәрілік қамтамасыз етуге - 7 500 000 (жеті миллион бес жүз мың) теңге;
      6) Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне:
      Аса Қасиетті ІІ Иоанн Павелдің Алматы-Астана-Ереван-Алматы бағыты бойынша чартерлік әуе рейсін қамтамасыз етуге - 10 444 000 (он миллион төрт жүз қырық төрт мың) теңге;
      "Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамының жылжымалы қондырғыларымен іс-шаралардың дыбыс күшейткіштеріне - 367 000 (үш жүз алпыс жеті мың) теңге;
      7) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сапардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларын қамтамасыз етуге - 2 900 000 (екі миллион тоғыз жүз мың) теңге.
      2. 1-тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларында көзделген бюджет бағдарламаларының әкімшілеріне тауарлар мен қызметті бір көзден сатып алуға рұқсат етілсін.
      3. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етсін және 2001 жылғы 15 қазанға дейін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне олардың пайдаланылуы туралы тәптіштелген есеп берсін.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қаражат бөлуді және оның мақсатты пайдаланылуына бақылауды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі:
      1) "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен бірлесіп, сапар кезеңіне елдің басқа аймақтарынан тартылатын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің - 550 (бес жүз елу) қызметкерінің Астана станциясының жолаушы вагондарында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Діни бірлестіктермен

 

байланыстар жөніндегі кеңес хатшылығымен және "Қазақстан темір жолы"

республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен бірлесіп, ел аймақтарынан келетін

зиярат етушілер үшін арнайы жолаушы поездарын құрауды қамтамасыз етсін.

     6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары И.Тасмағамбетовке жүктелсін.

     7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады