Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Латвия Республикасының Үкiметi арасында байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 4 қыркүйек N 1142

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Латвия Республикасының Үкiметi арасындағы байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрі Жақсыбек Әбдірахметұлы Құлекеевке қағидатты сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкiметінің атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Латвия Республикасының Үкiметі

 

арасында байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм жасасуға

өкiлеттiк берiлсiн.



     Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.09.06. N 1152         

              қаулысымен. 


P011152_



     3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


       Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Латвия Республикасының

       Үкіметі арасындағы Байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы

                                  Келісім


     Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен

Латвия Республикасының Үкіметі,


 
       байланыс саласында өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға, Тараптар мемлекеттерінде электр және пошта байланысы желілері мен құралдарының үзіліссіз қызмет етуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ осы салада құқықтық реттеуді жетілдіруге ұмтыла отырып,
      төмендегілер туралы келісті:
 
                              1-бап
 
      1. Тараптар байланыс саласындағы өз қарым-қатынасын халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған нормалары мен қағидаттарына, Дүниежүзiлiк Пошта Одағы Актілерінің ережелерiне және Халықаралық электрлiк байланыс одағының ұсынымдарына сәйкес құрады. Z990382_ V970461_
      2. Осы Келiсiммен, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерi қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық келiсiмдермен реттелмеген мәселелер екi жақтың келiсуi бойынша Тараптар мемлекеттерiнiң заңдарына сәйкес шешiледi.
 
                              2-бап
 
      Осы Келiсiмнің шеңберiнде құзыреттi органдар мыналар болып табылады:
      Қазақстан Тарапы үшiн - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi;
      Латвия Тарапы үшiн - Латвия Республикасының Көлiк министрлігі;
      Құзыреттi органдардың функцияларын басқа органдарға берген немесе құзыреттi органдардың ресми атаулары өзгерген жағдайда Тараптар бұл туралы дипломатиялық арналар арқылы бір-біріне кiдiрiссiз хабарлайды.
 
                              3-бап
 
      Тараптар өз мемлекеттерiнiң аумақтарында адресаттарға жiберiлетiн

 

барлық пошта жөнелтiлiмдерi мен құжаттық хабарлардың үзiлiссiз

қабылдануын, өңделуiн, тасымалдануын және жеткiзілуiн қамтамасыз етедi,

сондай-ақ Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасында белгіленген тәртiппен

тiркелген мерзiмдiк басылымдарды таратуға қатысты өзара қызмет көрсетудi

ұсынады.


                             4-бап


     Тараптар құзыреттi органдар арасында бөлек жасалған халықаралық

шарттың негізінде Қазақстан Республикасы мен Латвия Республикасының жеке

және заңды тұлғалары арасында ақшалай пошта аударымдарымен алмасуды

қамтамасыз етеді.


                             5-бап


     Тараптар өзара тиімді шарттармен өз мемлекеттерінің аумақтары арқылы

электрлiк байланыстың, пошта жөнелтілiмдерінің барлық түрлерінің еркін

транзитін жүзеге асыруға және телевизия мен радиохабарлардың

бағдарламаларын беруге кепілдік береді.


                             6-бап


     Осы Келiсiмдi орындаудан туындайтын есеп айырысулар мен төлемдер

құзыреттi органдардың арасында жасалған халықаралық шарттарға сәйкес

жүргiзiледi.


                             7-бап


     Тараптар байланыс кәсiпорындарында мемлекетаралық хабарларды және

ақпаратты берудiң технологиялық процестерінде жергiлiктi уақытты қолданады.


                             8-бап


     Тараптар өзара тиiмдi шарттармен электрлiк және пошта байланысының

мемлекеттiк желiлерiн пайдалану мен оларды басқару саласында ынтымақтасады.


                             9-бап


     1. Тараптар төтенше жағдайларда байланыс құралдары арқылы хабарлардың

басымдылықпен берiлуін қамтамасыз етедi.


 
       2. Тараптар мемлекетаралық байланыс желiлеріндегi апаттардың салдарын жоюда өзара көмек көрсетедi. Қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiндегi өзара іс-қимыл тәртiбiн құзыреттi органдар әзiрлейдi және келiседi.
 
                              10-бап
 
      1. Тараптар осы Келiсiмдi түсiндiруде және қолдануда туындауы мүмкiн

 

барлық даулы мәселелердi құзыреттi органдар арасында тiкелей келiссөздер

және консультациялар жүргiзу жолымен шешедi.

     2. Осы Келісімде көзделген міндеттемелерді орындау кезінде туындайтын

келіспеушіліктерді уақытша негізде арнайы құрылатын және Тараптар

өкілдерінің тең санынан тұратын үкіметаралық комиссия қарайды.


                             11-бап


     Тараптар пошта және электр байланысы ұйымдарына кез келген

өзгерiстердiң, сондай-ақ көрсетілген қызметтер үшiн өзара есеп айырысу

тәртiбiнiң болжамды енуінен тоқсан күн бұрын бұл туралы екiншi Тарапқа

хабарлайды.


                             12-бап



 
       Тараптар өзара қызмет көрсетудiң бағыттары мен көлемдерiн және өзара есеп айырысу тәртібiн анықтау және нақтылау үшін Қазақстан Республикасы мен Латвия Республикасының Байланыс әкiмшiлiктерi мен кәсiпорындарының арасында тiкелей байланыс орнатылуына мүмкiндiк туғызады.
 
                              13-бап
 
      Тараптар қызмет көрсетуге қатысатын Тараптар мемлекеттерiнiң барлық байланыс кәсiпорындары тұтынушы алдында дер кезiнде және сапалы қызмет көрсету үшiн бiрдей жауапты болатыны туралы келiстi және Дүниежүзілiк Пошта Одағы актілерiнiң ережелерi мен Халықаралық электрлiк байланыс одағының ұсынымдарына сәйкес халықаралық байланыстың сапасыз жұмысына жасалған шағымдарды қарау тәртiбiн белгiлеу қажеттiлiгiн мойындады.
 
                              14-бап
 
      1. Тараптар телефонистер, телеграфистер, техникалық қызметкерлер, байланыс кәсiпорындарының пошта жұмыскерлерi арасында қызметтiк ақпарат алмасу үшiн, сондай-ақ қызметтiк құжаттармен алмасу үшiн орыс немесе ағылшын тілдерiн қолдануға уағдаласты.
      2. Тараптар мемлекеттерi арасында жiберiлетiн пошта жөнелтiлiмдерi

 

мен жеделхаттардың мекен-жайлары орыс немесе ағылшын тiлдерiнде

ресiмделедi. Жеделхаттардың мәтіндерi латын әрiптерiмен қабылдануы және

жiберiлуi мүмкiн.


                             15-бап


     Осы Келісім Тараптардың олар жасасқан басқа да халықаралық

шарттарынан туындайтын құқықтары мен міндеттемелеріне ықпал етпейді.


                             16-бап



 
       Тараптардың өзара уағдаластығы бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделедi.
 
                              17-бап
 
      Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшiне енедi және Тараптардың бiрi кезектi бесжылдық кезең аяқталардан кемiнде алты ай бұрын осы Келiсiмнiң қолданысын тоқтату ниетi

 

туралы екiншi Тарапқа жазбаша хабарламаса, әрбiр келесi бес жылға қолданыс

мерзiмi ұзартылып бес жыл бойы күшiнде болады.


     _____________ қаласында 2001 жылғы "___"__________ әрқайсысы қазақ,

латыш және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды және де барлық

мәтiндердiң күшi бiрдей. Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде

келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге

жүгiнетiн болады.


     Қазақстан Республикасының              Латвия Республикасының

           Yкiметi үшiн                          Үкiметi үшiн



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады