Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Латвия Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-латвия сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссиясын құру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрі Жақсыбек
Әбдірахметұлы Құлекеевке қағидатты сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар
енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Латвия Республикасының Үкіметі
арасындағы Қазақстан-латвия сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі
үкіметаралық комиссиясын құру туралы келісімге қол қоюға өкілеттік
берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Латвия Республикасының Үкіметі арасындағы
Қазақстан-латвия сауда-экономикалық ынтымақтастығы
жөніндегі үкіметаралық комиссиясын құру туралы
келісім
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Латвия Республикасының Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастығы туралы 1994 жылғы 13 қазандағы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Латвия Республикасының Үкіметі Қазақстан-латвия сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссиясын (бұдан әрі - Комиссия) құруға келіседі. Комиссия тең құқықтық және өзара тиімділік қағидаттары негізінде екі ел арасындағы келісімдер мен уағдаластықтарды іске асыру жөніндегі келісілген іс-қимылдарды үйлестіруге міндетті.
1-бап
Комиссияның негізгі міндеттері:
- екі елдің өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастығының нәтижелерін қарау және талдау;
- сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық саласында мемлекетаралық және үкіметаралық келісімдер мен уағдаластықтарды жасауға және іске асыруға септік ету;
- Дүниежүзілік Сауда Ұйымының (ДСҰ) халықаралық мойындалған стандарттары мен қағидаттарына сәйкес сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін қарау;
- екі жақты сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени
ынтымақтастықты жетілдіру мен одан әрі дамыту жөніндегі ұсыныстарды
әзірлеу;
- сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған басқа да
міндеттерді орындау.
2-бап
Комиссия тиісінше Комиссияның қазақстандық және латвиялық тараптарын
(бұдан әрі - Тараптар деп аталатын) құрайтын Қазақстан Республикасы мен
Латвия Республикасының өкілдерінен тепе-теңдік негізінде құрылады.
Тараптардың әрқайсысы Комиссияның Тең төрағасын және мүшелерін
анықтайды.
3-бап
Комиссия отырыстары кезекті және кезектен тыс болуы мүмкін. Комиссияның кезекті отырыстары мүмкіндігінше жылына кемінде бір рет, Қазақстан Республикасында және Латвия Республикасында кезектесіп өткізіледі.
Комиссияның кезектен тыс отырыстары кезек күттірмейтін мәселелерді шешу үшін Комиссияның Тең төрағаларының уағдаластығы бойынша өткізіледі.
Қабылданған шешімдердің орындалу барысын қарау немесе кезекті отырысқа дайындалатын мәселелері келісу үшін Тең төрағалардың немесе Комиссияның уәкілетті сарапшыларының кездесулері өткізілуі мүмкін.
Кез келген Тарап Комиссияның отырысында қаралатын мәселелерге сәйкес өзіне қажет мамандар мен сарапшылар санын шақыра алады.
Тараптар өздерінің дербес құрамы және болуы мүмкін кейінгі өзгерістері туралы кезекті отырысқа дейін 10 күн бұрын бір-біріне хабарлайды.
Тараптар Комиссия отырысын шақырудың нақты күні мен күн тәртібін Комиссияның кезекті отырысы өткізілетін күннен кем дегенде бір ай бұрын, күн тәртібіне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістерді - белгіленген отырыстың өткізілетін күнінен кем дегенде екі апта бұрын келіседі.
Комиссияның отырыстары, егер әр Тараптан Комиссия мүшелерінің кемінде 1/3 бөлігі қатысса заңды деп есептеледі.
4-бап
Комиссия шешімдері екі Тараптың келісімі болғанда қабылданады және Тараптардың Тең төрағалары қол қоятын Отырыс хаттамасымен ресімделеді.
Комиссия отырысында қабылданған шешімдер егер оларда басқа мерзімдер келісілмесе, Хаттамаға қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.
Тараптардың бірінің мәлімдемесі бойынша олардың мемлекеті Үкіметінің одан әрі бекітуіне жататын шешімдер бұған кірмейді.
Тараптардың Тең төрағалары олардың мемлекеттерінің Үкіметтері қабылдаған шешімдер туралы бір-бірін хабардар етуі тиіс.
Екі тараптың Тең төрағалары қажет болған ретте Комиссия отырыстары
аралығындағы кезеңде Комиссия отырысын шақырудан тыс жекелеген мәселелер
бойынша келісілген шешімдер қабылдай алады. Мұндай жағдайда қабылданған
шешімдер келісім бойынша Комиссияның келесі отырысының Хаттамасына
енгізіледі.
5-бап
Комиссия жүктелген міндеттерді орындау мақсатында қажет болған
жағдайда кіші комиссиялар мен жұмыс топтарын құруы мүмкін.
Комиссия кіші комиссиялар мен жұмыс топтарының міндеттерін,
өкілеттіктерін және құрамын анықтайды.
6-бап
Әр Тараптан тиісті Тараптың жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін, сондай-ақ Комиссия қызметіне байланысты ұйымдастыру сипатындағы басқа да мәселелерді шешетін Жауапты хатшы тағайындалады.
7-бап
Комиссияның, кіші комиссиялар мен жұмыс топтарының жұмысын
ұйымдастыруға байланысты шығыстарды қабылдаушы Тарап көтереді.
Қабылдаушы Тараптың мемлекетіне дейінгі жол сапарына байланысты және
Комиссияның, кіші комиссиялардың және жұмыс топтарының Тараптары оның
аумағында болуымен байланысты шығыстарды жіберуші Тарап көтереді.
8-бап
Осы Келісімге Тараптардың өзара келісуі бойынша осы Келісімнің
ажырамас бөліктері болып табылатын хаттамалармен ресімделетін өзгерістер
мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
9-бап
Осы Келісім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және Тараптардың
біреуі екінші Тарапқа оның қолданысын тоқтату туралы өзінің ниетін жазбаша
хабарлау жолдаған күннен бастап екі ай өткенге дейін күшінде қалатын
болады.
__________ жылғы "____" ____________ ____________ қаласында
Комиссияның бірінші отырысында екі түпнұсқа данада әрқайсысы қазақ, латыш
және орыс тілдерінде жасалынды, әрі барлық мәтіннің күші бірдей. Осы
келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушілік туындаған жағдайда,
Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
Қазақстан Республикасының Латвия Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.