Қазақстан Республикасына "Агросервистік қызметті (ауылшарқызметі) қолдау" жобасын дайындауға арналған Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің грантын беру туралы Келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 6 қыркүйек N 1157

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасына "Агросервистік қызметті (ауылшарқызметі) қолдау" жобасын дайындауға арналған Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің грантын беру туралы Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі 2001 жылғы 18 мамырда жасасқан Келісім бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жоғарыда аталған Келісімге сәйкес Қазақстан Республикасына берілген 623 600 (алты жүз жиырма үш мың алты жүз) АҚШ доллары сомасындағы грант қаражатының мақсатты және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етсін.
      3. "Қазақстан Республикасының 2000-2002 жылдарға арналған мемлекеттік

инвестицияларының бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің 2000 жылғы 30 желтоқсандағы N 1963  

P001963_

  қаулысына 
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 56, 631-құжат) мынадай 
өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
     көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2000-2002 
жылдарға арналған мемлекеттік инвестицияларының бағдарламасына 2-қосымшада:
     "Ауыл шаруашылығы" салалық секторы мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 
36-1-жолмен толықтырылсын:
___________________________________________________________________________
   1        2             3         4      5       6   7  8   9     10  11 
___________________________________________________________________________
"36-1  Агросервистік   Ауылшаруа.  2001- Барлығы  0,62       0,40  0,22   
       қызметті (ауыл  шылығы      2002 
       шарқызметі)     министрлігі       ХҚДБ     0,62       0,40  0,22  
       қолдау жобасын                    гранты
       дайындау          
___________________________________________________________________________

     қорытынды тарауда:  
     "Барлығы" деген жолдағы:
     
     6-бағандағы "2519.43" деген сан "2520.05" деген санмен ауыстырылсын;
     9-бағандағы "365.26" деген сан "365.66" деген санмен ауыстырылсын;
     10-бағандағы "266.73" деген сан "266.95" деген санмен ауыстырылсын;
     "Сыртқы көздерден барлығы" деген жолдағы:
     6-бағандағы "2067.34" деген сан "2067.96" деген санмен ауыстырылсын;
     9-бағандағы "314.44" деген сан "314.84" деген санмен ауыстырылсын;
     10-бағандағы "211.13" деген сан "211.35" деген санмен ауыстырылсын;
     "гранттар" деген жолдағы:
     6-бағандағы "185.95" деген сан "186.57" деген санмен ауыстырылсын;
     9-бағандағы "85.67" деген сан "86.07" деген санмен ауыстырылсын;
     10-бағандағы "36.61" деген сан "36.57" деген санмен ауыстырылсын.
     4. Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылығы министрлігі және 
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі осы қаулыны іске асыру 
жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.
     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады