"Қазақстан Республикасында Жануарлар дүниесінің жекелеген түрлерін ерекше жағдайларда пайдалану тәртібі жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 маусымдағы N 969 P000969_ қаулысына сәйкес және жек дуадақ пен ителгіні 2001 жылы табиғаттан алуға биологиялық негіздемеге арналған 2001 жылғы 15 тамыздағы N 09-2151 мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналарға:
1) Шейх Халифа Бин Заидқа (Біріккен Араб Әмірліктері) шаруашылық қызметтің реттелетін режимі бар Кендірлі-Қаясан мемлекеттік қорық аймағының аумағын қоса алғанда, Маңғыстау облысында 100 жек дуадақты және Жусандыдала мемлекеттік қорық аймағының аумағын қоспағанда, Жамбыл облысында 25 жек дуадақты;
Шейх Сурур Бин Мұхаммадқа (Біріккен Араб Әмірліктері) шаруашылық қызметтің реттелетін режимі бар Қаратау және Арыс мемлекеттік қорық аймағының аумақтарын қоса алғанда, Оңтүстік Қазақстан облысында 100 жек дуадақты;
Шейх Бутти Бин Мұхаммадқа (Біріккен Араб Әмірліктері) Қызылорда облысында 50 жек дуадақты;
Шейх Сейф Бин Заидқа (Біріккен Араб Әмірліктері) Қарағанды облысында 50 жек дуадақты;
Ханзада Мансур Бин Саудқа (Сауд Арабиясы Корольдігі) шаруашылық қызметтің реттелетін режимі бар Жусандыдала мемлекеттік қорық аймағының аумағын қоса алғанда, Алматы облысында 50 жек дуадақты 2001 жылғы 1 қыркүйек - 31 қазан кезеңінде өз ителгілерімен аулауына рұқсат берілсін;
2) 2001 жылғы 1 қыркүйек-10 қараша кезеңінде:
Шейх Ахмад Ас-Сабах (Кувейт Мемлекеті) атынан оның өкілі Мубарак Абдулла Әл-Мутейриге Кендірлі-Қаясан мемлекеттік қорық аймағының аумағын қоспағанда, Маңғыстау облысында 10 ителгіні;
Ханзада Абдель Азиз Бин Салман (Сауд Арабиясы Корольдігі) атынан оның өкілі Насер Бин Мұхаммад Әл-Аджмиге Кендірлі-Қаясан мемлекеттік қорық аймағының аумағын қоспағанда, Маңғыстау облысында 10 ителгіні;
Ханзада Фахд Бин Сұлтан (Сауд Арабиясы Корольдігі) атынан оның өкілі Аууад Манси Н.Әл-Мауитиге Жамбыл облысында 5 ителгіні және Алматы облысында 15 ителгіні (балапандарын) аулауға және республикадан тысқары әкетуге рұқсат етілсін.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі:
1) белгіленген тәртіппен 1-тармақта көрсетілген адамдарға ителгілерді аулауына және оларды жек дуадақтарға салуына рұқсат берсін;
2) ителгімен саятшылық құру кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 маусымдағы N 969 P000969_ қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасында Жануарлар дүниесінің жекелеген түрлерін ерекше жағдайларда пайдалану тәртібі туралы ереженің" орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің "Охотзоопром ӨБ" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны көрсетілген ереженің 8-тармағында көзделген қызметтерді көрсетуді және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Зоология институтымен бірлесіп, оларды табиғаттан алуды жүзеге асыратын шетелдік азаматтармен шарт негізінде ителгілер мен жек дуадақтардың өсімін қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен және Қазақстан республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен (келісім бойынша) бірлесіп, саятшылық жүргізілетін жерлерде жоғары мәртебелі қонақтар мен олармен бірге жүретін адамдарды күзетуді және бірге еріп жүруді ұйымдастырсын.
5. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі - Қазақстан Республикасындағы СИТЕС-тің әкімшілік органы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, сұңқар салуды жүргізу үшін жыртқыш қыран құстарды елге әкелу мен одан әкетуді Жойылу қаупі төнген жабайы жануарлар мен өсімдіктер дүниесі түрлерімен халықаралық сауда туралы Z990372_ конвенцияның рәсімдерін
сақтай отырып, жүзеге асырсын.
6. Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан
және Қызылорда облыстарының әкімдері іс-шараларды ұйымдастыруда жан-жақты
жәрдем көрсетсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.