Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің жобасын мақұлдау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 11 қыркүйек N 1175

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының

Үкіметі арасындағы трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау

саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі




            Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қытай Халық

       Республикасының Үкiметi арасындағы трансшекаралық өзендерді

         пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы

                               Келісім


     Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының

Үкiметi (бұдан әрi Тараптар деп аталатын)

     екi мемлекет арасындағы достық және тату көршiлiк қатынасты одан әрi

дамыту мен нығайту мақсатында;


 
       екi мемлекеттің трансшекаралық өзендерiнiң су ресурстарын пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыра отырып;
      халықаралық құқықтың жалпы жұрт қабылдаған қағидаттары мен нормаларын басшылыққа ала отырып, тәуелсiздiк, егемендiк пен аумақтық тұтастық, бiр-бiрiнiң iшкi iстерiне араласпау, теңдiк пен өзара тиімдiлiк және бейбiт қатар өмiр сүру қағидаттарын өзара құрметтеу негізiнде, өзара түсiнiстiк, өзара ымыраға келу мен достық консультациялар рухында;
      екi мемлекет арасындағы трансшекаралық өзендердiң су ресурстарын

 

пайдалану және қорғау саласындағы мәселелердi әдiлеттi әрi ұтымды түрде

шеше отырып;

     осы Келiсiмдi жасасуды ұйғарды және төмендегілер туралы келiстi:


                                 1-бап


     Осы Келiсiмдегі "трансшекаралық өзендер" түсiнiгі Қазақстан

Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы мемлекеттiк шекара

сызығын кесiп өтетiн немесе мемлекеттiк шекара сызығы бойынша орналасқан

барлық өзендер мен өзен ақабаларын бiлдiредi.


                                 2-бап


     Трансшекаралық өзендердi пайдалану және қорғауда Тараптар әдiлеттiк

пен ұтымдылық қағидаттарын ұстанатын болады, сондай-ақ шынайылық, тату

көршілiк пен достық тұрғысынан тығыз ынтымақтасады.


                                 3-бап


     Тараптар су тасқыны апаттары мен қолдан iстелген авариялардың алдын

алу немесе олардың Тараптардың бiр мемлекетiне нұқсан келтiретiн ықтимал

елеулi зардаптарын жеңiлдету жөнiнде алдын ала тиiстi шаралар қолданып,

күш-жiгер жұмсайтын болады.


                                 4-бап


     Өзара мүдделердi есепке ала отырып, Тараптардың бiрде-бiрi екiншi

Тараптың трансшекаралық өзендердiң су ресурстарын тиiмдi пайдалануына және

қорғауына шек қоймайды.


                                 5-бап


     Тараптар ынтымақтастықты мынадай салаларда жүзеге асыра алады:

     - су мөлшерi мен сапасын бақылау және өлшеу постыларының орналасу

жерлерiн келiсу және белгiлеу;

     - бақылаудың, өлшеудiң, талдау мен бағалаудың бiрыңғай әдiстерiн

зерттеу;


 
       - Тараптар келiскен постылардағы гидрологиялық бақылау мен өлшеулердiң мәлiметтерiне талдау жүргізу және оларды жиынтықтау;
      - су тасқындары, мұзданулар және басқа да табиғи апаттар әсерлерiнiң алдын алу немесе жеңiлдету жөнiнде мүмкiн болатын бiрлескен зерттеулердi жүргізу;
      - трансшекаралық өзендер сулылығының және суының сапасының келешектегi өзгеру үрдiстерiн зерттеу;
      - қажет болған жағдайда, трансшекаралық өзендердi пайдалану және қорғау саласында бiрлескен зерттеулер жүргізу мен тәжiрибе алмасу.
 

                                 6-бап



 
 
       Тараптар деректер мен ақпараттар алмасу уақытын, саны мен мазмұнын келiседi және белгiлейдi. Тараптардың бiрi осы Келiсiмнiң 7-бабына қайшы келмейтiн және келiсiлген алмасудың мәнi болып табылмайтын төтенше маңызды гидрологиялық ақпаратты беру туралы екiншi Тараптан талап еткен жағдайда, соңғысы мүмкiндiк болған жағдайда және белгiлi бiр шарттармен аталған талапты қанағаттандыруы тиiс.
      Тараптар жоғарыда аталған алмасатын немесе берiлетiн ақпаратқа қатысты құпиялылықты сақтауға және оны Тараптар арасында өзгеше Келiсiм болған жағдайды есептемегенде, үшiншi Тарапқа бермеуге мiндеттенедi.
 

                                 7-бап



 
 
       Осы Келiсiмнiң кез келген ережесi Тараптардың бiрiнiң өзiнiң мемлекеттiк қорғанысы мен қауiпсiздiгiне қатысты төтенше маңызды ақпараттарды немесе мәлiметтердi екiншi Тарапқа беруi үшiн қандай бiр негiз қызметiн атқара алмайды.
 

                                 8-бап



 
 
       Тараптар трансшекаралық өзендердi пайдалану және қорғау жөнiндегi Қазақстан-Қытай бiрлескен комиссиясын (бұдан әрi Бiрлескен комиссия деп аталады) құрады, ол өз қызметi және осы Келiсiмдi iске асыру бойынша тиiстi мәселелердi шешу туралы Ереженi әзiрлеу үшiн жауапты болады.
      Бiрлескен комиссия әрбiр Тарап тағайындайтын бiр өкiл мен оның екi орынбасарынан тұрады.
 

                                 9-бап



 
 
       Бiрлескен комиссияның осы Келiсiмнiң орындалуының мәселелерi, сондай-ақ трансшекаралық өзендердi пайдалану және қорғауға байланысты мәселелер талқыланатын мәжiлiсi жылына бiр рет, алма-кезек Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтарында өткізiлiп тұрады. Мәжiлiстердi қабылдаушы Тараптың өкiлi шақырады және оның төрағалық етуiмен өткiзiледi. Тараптардың өкiлдерi сарапшылардың жәрдемiне жүгiнуi және оларды Бiрлескен комиссияның мәжiлiсiне тартуы мүмкiн.

 

     Қажет болған жағдайда, Тараптардың бiрi Бiрлескен комиссияның

кезектен тыс мәжiлiсiн өткiзудi ұсынуы мүмкiн.

     Әрбiр мәжiлiстiң қорытындысы бойынша әрқайсысы орыс және қытай

тiлдерiнде екi данада Хаттама жасалады.


                                 10-бап


     Бiрлескен комиссия мәжiлiсiн өткiзуге жауапты Тарап тұрғын жай мен

көлiк құралдарын ұсынады. Тараптардың әрқайсысы тамақтану мен тұру

жөнiндегi шығыстарды өздерi көтередi. Мәжiлiстердi өткiзуге қатысы жоқ

өзге шығыстар Тараптар арасындағы келiсiм жолымен шешiледi.


                                 11-бап


     Осы Келiсiм өздерi қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық

шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.


                                 12-бап


     Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде және қолдануда қандай да бiр

келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар оларды консультациялар арқылы

шешетiн болады.


                                 13-бап



 
       Тараптардың өзара келiсуi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар осы Келiсімнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын жеке Хаттамалармен ресiмделедi.
 

                                 14-бап



 
 
       Осы Келiсiм 8 жыл мерзiмге жасалады және оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшілiк рәсімдерді Тараптардың орындағандығы туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшiне енедi.
      Егер Тараптардың бiрi осы Келiсiмнiң қолданыс мерзiмi аяқталардан 6

 

ай бұрын оның қолданысын тоқтату ниетi туралы екiншi Тарапқа жазбаша

нысанда хабарламаса, онда осы Келiсiм келесi төрт жылға өздiгiнен

ұзартылады және оның күшiн тоқтату дәйектiлiк тәртiбiмен жүзеге асырылады.


     ____________ қаласында 2001 жылғы ____ ______________ әрқайсысы

қазақ, қытай және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды және де барлық

мәтiндердiң күшi бiрдей.

     Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған

жағдайда Тараптар орыс және қытай тiлдерiндегі мәтiндердi басшылыққа

алатын болады.



     Қазақстан Республикасының             Қытай Халық Республикасының

          Yкiметi үшiн                             Yкiметi үшiн



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады