Экспортқа бағдарланған кәсіпорындарды қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Жекелеген тауарлардың әкелінуі мен әкетілуіне шектеу енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 желтоқсандағы N 1243
P981243_
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж.,N 45, 410-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
"7502 Өңделмеген никель" деген жол алынып тасталсын.
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі