Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 және 2000 жылғы 19 қазандағы N 1568 қаулыларына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 12 қыркүйек N 1184

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
      1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 P990405_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері

 

мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен

шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

     "Алматы қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі

123-48-жолмен толықтырылсын:

     "123-48. "Өнеркәсіптік байланысты" ЖАҚ";

     2) "Өнеркәсіптік байланыс" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта

ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы

19 қазандағы N 1568 


P001568_


  қаулысына:

     1-тармақтағы "Өнеркәсіптік байланыс" ашық акционерлік қоғамы (бұдан

әрі - "Өнеркәсіптік байланыс" ААҚ)" деген сөздер "Өнеркәсіптік байланыс"

жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам)" деген сөздермен ауыстырылсын;

     2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

     "1) Қоғамның жарғысын бекіту кезінде оның қызметінің негізгі мәні:

     инженерлік микросхемалар өндірісі;

     байланыс құралдарының тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерін

жүргізу;

     байланыс құралдарын іске қосу-реттеу жұмыстары деп белгілесін;


 
       2) Қоғамды мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін белгіленген тәртіппен шығарылған жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінің 25 пайызынан аспайтын сомаға акциялардың келесі эмиссиясын шығару жолымен оның жарғылық капиталын ұлғайту шараларын қабылдасын. Акциялардың келесі эмиссиясын орналастыруды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1191 P991191_ қаулысымен бекітілген Республикалық меншіктегі жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлік қоғамдар

 

етіп қайта ұйымдастырудың тәртібіне сәйкес жүргізсін;

     3) осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген іс-шаралар

орындалғаннан кейін акциялардың мемлекеттік пакетін сатуды жүзеге асырсын;

     4) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі




Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады