"Өнеркәсiптiк байланыс" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 19 қазан N 1568

      "2000-2001 жылдары жекешелендiруге жататын республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 17 маусымдағы N 912 P000912_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң "Өнеркәсiптiк байланыс" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны жарғы капиталында мемлекеттiң жүз пайыздық қатысуымен "Өнеркәсiптiк байланыс" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "Қоғам") етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.09.12. N 1184
               қаулысымен. P011184_
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Қоғамның жарғысын бекіту кезінде оның қызметінің негізгі мәні:
      инженерлік микросхемалар өндірісі;
      байланыс құралдарының тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерін жүргізу;
      байланыс құралдарын іске қосу-реттеу жұмыстары деп белгілесін;
      2) Қоғамды мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін белгіленген тәртіппен шығарылған жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінің 25 пайызынан аспайтын сомаға акциялардың келесі эмиссиясын шығару жолымен оның жарғылық капиталын ұлғайту шараларын қабылдасын. Акциялардың келесі эмиссиясын орналастыруды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1191 P991191_ қаулысымен бекітілген Республикалық меншіктегі жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлік қоғамдар етіп қайта ұйымдастырудың тәртібіне сәйкес жүргізсін;
      3) осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген іс-шаралар орындалғаннан кейін акциялардың мемлекеттік пакетін сатуды жүзеге асырсын;
      4) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.09.12.
               N 1184 қаулысымен. P011184_
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады