Қазақстан Республикасының шетелдік несие берушілер алдындағы міндеттемелерін орындау және дефолт фактілеріне жол бермеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдар бойынша республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы берген 1991 жылғы 21 желтоқсандағы N И-811, 1992 жылғы 25 наурыздағы, 1992 жылғы 12 мамырдағы, 1992 жылғы 31 тамыздағы, 1993 жылғы 9 наурыздағы, 1994 жылғы 29 маусымдағы N ф-22-3/42, 1995 жылғы 24 наурыздағы N ф-22-3/3/4016, 1995 жылғы 3 сәуірдегі N ф-22-3/5, 1996 жылғы 11 наурыздағы N 27-1-Г/3-96, 1996 жылғы 10 шілдедегі N 0000013, 1996 жылғы 23 қыркүйектегі N 001, 1996 жылғы 23 қыркүйектегі N 002, 1996 жылғы 2 қазандағы N 0000016, 1996 жылғы 20 қарашадағы N 0000019, 1997 жылғы 31 қазандағы N 0000028, 2001 жылғы 29 мамырдағы N 0000045 мемлекеттік кепілдіктерге сәйкес шетел банктері шоттарының негізінде қаражаты қосымшада көрсетілген заемшыларға (бұдан әрі - заемшылар) берілген заемдар бойынша, 2001 жылға арналған республикалық бюджетте "Мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау" бағдарламасы бойынша көзделген қаражаттың шегінде төлемдерді, сондай-ақ кейіннен осы төлемдер кешіктірілген жағдайда айыппұл пайыздарын төлеуді жүргізсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Бас Прокуратурасы (келісім бойынша), Мемлекеттік кіріс министрлігі, Қаржы полициясы агенттігі және "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамы (келісім бойынша) оқшауландырылған қаражаттың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ету жөнінде заемшылардың банкроттығы рәсіміне дейін барлық қажетті шараларды қолдансын және қаржылық міндеттемелері республикалық бюджеттің есебінен орындалған заемшыларға қатысты оқшауландырылған мемлекеттік бюджеттік қаражатты қайтару жөнінде қолданылған шаралар және жұмыстың нәтижелері туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заемшылардың Қазақстан
Республикасының мемлекеттік кепілдіктері бар мемлекеттік емес сыртқы
заемдарды мақсатты пайдалануы жөніндегі қаржылық-шаруашылық қызметіне
тексеру жүргізсін және оларды пайдалануды бұзу фактілері анықталған
жағдайда Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасымен (келісім бойынша),
Қаржы полициясы агенттігімен бірлесіп, кінәлі адамдарды Қазақстан
Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес жауапқа тарту жөнінде
шаралар қолдансын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 24 қыркүйектегі
N 1230 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар
мемлекеттік емес сыртқы заемдарды өтеу жөніндегі төлемдердің
сомасы
---------------------------------------------------------------------------
Заемшы ұйым! Төлем ! Төлем ! Төлем ! Негізгі ! Пайыздар !Басқалары
! валю. ! күні ! сомасы ! борыш ! !
! тасы ! ! ! ! !
---------------------------------------------------------------------------
Франция несие желісі
"Батыс" ААҚ ЕUR 29.05.01 1861,87 0,00 0,00 1861,87
"Батыс" ААҚ ЕUR 19.10.01 1140 882,44 859590,43 281292,01 0,00
--------------------------------------------------------------------------
Израиль несие желісі
"Конденсат" USD 01.11.01 1082500,00 962500,00 120000,00 0,00
АҚ
--------------------------------------------------------------------------
Жапония несие желісі
"Карметком. JPY 03.11.01 303287915,00 285313185,00 17974730,00 0,00
бинат" МАҚ
--------------------------------------------------------------------------
Канада несие желісі
"Конденсат" USD 15.11.01 1543003,48 1291666,67 251336,81 0,00
АҚ
-------------------------------------------------------------------------
Германия несие желісі
"Қазақ.
телеком" DM 18.07.01 17031,75 0,00 17031,75 0,00
ААҚ
"Қазақ.
телеком" DM 15.08.01 9549,71 0,00 9549,71 0,00
ААҚ
"Қазақ.
телеком" DM 30.12.01 8870,83 0,00 8870,83 0,00
ААҚ
ҚР ІІМ ҚТЖД EUR 01.12.01 691718,79 532091,38 159627,41 0,00
"Ақмола жаңа
құрылыс.
индустрия" DM 31.12.01 4583552,06 4129326,10 454225,96 0,00
АҚ
--------------------------------------------------------------------------
АҚШ несие желісі
"Отель-
Астана"
БК ААҚ USD 15.12.01 1210836,44 1012712,00 198124,44 0,00
"Тағам"
МАК USD 15.12.01 1698075,53 1651268,86 36806,67 10000,00
"Кең Дала" USD 15.12.01 9 926384,83 8680848,23 1245536,60 0,00
АҚ
"Өнім" АҚ USD 15.12.01 1231006,10 1076542,70 154463,40 0,00
--------------------------------------------------------------------------
Түркия несие желісі
"Отель-
Астана"
БК ААҚ USD 22.06.01 1468440,04 0,00 1468440,04 0,00
"Айт-Отель"
ААҚ USD 22.06.01 1604427,84 0,00 1604427,84 0,00
"Байланыс-
Құрылысшы"
МАК USD 22.12.01 84875,84 0,00 84875,84 0,00
"Жеңілөнер.
кәсіп" АҚ USD 22.12.01 485442,80 0,00 485442,80 0,00
"Медеу-Эмсаш
-Алатау" БК USD 22.12.01 249546,94 0,00 249546,94 0,00
"Мақсат" АҚ USD 22.12.01 51525,17 0,00 51525,17 0,00
"Игілік" АҚ USD 22.12.01 62827,39 0,00 62827,39 0,00
"Отель-
Астана"
БК ААҚ USD 22.12.01 1476508,39 0,00 1476508,39 0,00
"Айт-Отель"
ААҚ USD 22.12.01 1613243,38 0,00 1613243,38 0,00
--------------------------------------------------------------------------
Барлығы EUR 1834463,10 1391681,81 440919,42 1861,87
USD 23788644,17 14675538,46 9103105,71 10000,00
JPY 303287915,00 285313185,00 17974730,00 0,00
DM 4619004,35 4129326,10 489678,25 0,00
---------------------------------------------------------------------------
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.