Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасында қаржылық ынтымақтастық туралы келісім (1998-1999 жылдар) және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасында қаржылық ынтымақтастық туралы келісім (2000 жыл) жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 27 қыркүйек N 1261

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Германия Федеративтiк Республикасының Үкiметi арасындағы қаржылық ынтымақтастық туралы келiсiмнiң (1998-1999 жылдар) және Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Германия Федеративтiк Республикасының Үкiметi арасындағы қаржылық ынтымақтастық туралы келiсiмнiң (2000 жыл) жобалары мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрi Жақсыбек

 

Әбдiрахметұлы Құлекеевке Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Германия Федеративтiк

Республикасының Үкiметi арасында қаржылық ынтымақтастық туралы келiсiм

(1998-1999 жылдар) және Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Германия

Федеративтiк Республикасының Үкiметi арасында қаржылық ынтымақтастық

туралы келiсiм (2000 жыл) жасасуға өкiлеттiк берілсiн.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасы

     Премьер-Министрінің

     бірінші орынбасары



                   Қазақстан Республикасының Үкіметі

                                 мен

             Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі

                              арасындағы

                        қаржылық ынтымақтастық

                                туралы

                               келісім

                          (1998-1999 жылдар)



                    Қазақстан Республикасының Үкіметі

                                  мен

             Германия Федеративтiк Республикасының Үкiметi


     Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтiк Республикасы

арасында қалыптасқан достық қарым-қатынастар рухында iс-қимыл жасай отырып,

     осы достық қарым-қатынастарды әрiптестiк қаржылық ынтымақтастық

жолымен нығайтуға және тереңдетуге ерiк бiлдiре отырып,

     осы қарым-қатынастарды қолдау осы Келiсiмнiң негiзiнде жатқанын ұғына

отырып,

     Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуына үлес қосуға

ниет ете отырып,


 
       1998 жылғы 30 қарашада өткен үкiметаралық келiссөздерге, сондай-ақ 1999 жылғы 23 қарашадағы үкiметаралық келiссөздерге сүйене отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:
 

                                 1-бап



 
 
       (1) Германия Федеративтiк Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының Үкiметiне немесе басқа алушыларға Экономиканы қалпына келтiру жөнiндегi кредит институтынан (Майндағы Франкфурт қаласы) келесi сомаларды алу мүмкiндiгiн екi Үкiмет бiрлесiп жүзеге асыратын таңдау ұсынып отыр:
      1. Мына жобаларды iске асыру үшiн жалпы мөлшерi 38 000 000 дейiнгi несие (жазумен: отыз сегiз миллион) немiс маркасы:
      а) 15 000 000 (жазумен: он бес миллион) немiс маркасына дейiнгi мөлшерде "Шағын және орта кәсiпорындарға инвестициялық жәрдем (Шағын және орта кәсiпорындар пайдасына несие желiсi)" (1998 жылғы уағдаластық);
      б) 13 000 000 (жазумен: он үш миллион) немiс маркасына дейiнгi мөлшерде "Арал өңiрiн ауыз сумен қамтамасыз ету" (1998 жылғы уағдаластық);
      в) 10 000 000 (жазумен: он миллион) немiс маркасына дейiнгi мөлшерде "Оңтүстiк Қазақстан облысында энергияның молықпалы көздерiн тиiмдi пайдалану" (1999 жылғы уағдаластық);
      егер жобаларды қарау қорытындысында оларды жүзеге асыруға қаражат бөлудiң орындылығы анықталғанда.
      2. 2 000 000 (жазумен: екi миллион) немiс маркасына дейiнгi мөлшерде Зерттеулер және мамандар қорын құруға қайтарымсыз қаржы салымдары (1998 жылғы уағдаластық).
      3. Егер, жобаны қарау қорытындысында оны жүзеге асыруға қаражат бөлудiң орындылығы анықталса болса және егер оның әлеуметтiк инфрақұрылым жобасы бола отырып, қайтарымсыз қаржы салымын бөлу үшiн алғышарт болып табылатын ерекше талаптарға сай болатындығы қуатталса, "Туберкулезге қарсы күрес жөнiндегi денсаулық сақтау бағдарламасы" жобасын жүзеге асыруға 5 000 000 (жазумен: бес миллион) немiс маркасына дейiнгi мөлшердегi қайтарымсыз қаржы салымы (1999 жылғы уағдаластық).
      (2) Егер, осы баптың 1-тармағының 3-тармақшасында аталған қуаттау осында көрсетiлген жобаға қатысты мүмкiн болмаса, Германия Федеративтiк Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының Үкiметiне Экономиканы қалпына келтiру жөнiндегi кредит институтынан (Майндағы Франкфурт қаласы) қайтарымсыз қаржы салымы ретiнде көзделген сомаға дейiнгi мөлшерде осы жобаны қаржыландыруға несие ұсынады.
      (3) Осы баптың 1-тармағының 1 және 3-тармақшаларында көрсетiлген жобалар Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Германия Федеративтiк Республикасы Үкiметiнiң келiсуi бойынша басқа жобамен ауыстырылуы мүмкiн.
      (4) Егер, осы баптың 1-тармағының 3-тармақшасында көрсетiлген жоба қоршаған орта немесе әлеуметтiк инфрақұрылым саласындағы жобамен, не орта кәсiпорындарды кредитпен қамтамасыз ету жөнiндегi кепiлдiк қормен немесе әйелдердiң қоғамдағы жағдайын жақсартуға, не кедейлiкпен күрес жөнiндегi өзiндiк көмектесудi дамытуға бағытталған шаралармен ауыстырылса және егер, осы жаңа жоба, қор немесе осы шаралар қайтарымсыз қаржы салымын бөлуге алғышарт болып табылатын ерекше талаптарға сай болса, онда мұндай салымның берiлуi мүмкiн; өзге жағдайда, несие берiлуi мүмкiн.
      (5) Егер, Германия Федеративтiк Республикасының Үкiметi мейлiнше кеш мерзiмде Қазақстан Республикасының Yкiметiне осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жобаны дайындау мақсатымен Экономиканы қалпына келтiру жөнiндегi кредит институтынан (Майндағы Франкфурт қаласы) қосымша несие немесе қосымша қайтарымсыз қаржы салымын алу, не осы жобаны жүзеге асыру және оған қызмет қылу үшiн қажеттi тетелес шаралар қолдану мақсатымен қосымша қайтарымсыз қаржы салымын алуға мүмкiндiк берген жағдайда, осы Келiсiм қолданылатын болады.
      (6) Егер, дайындық және тетелес шаралар өткiзу үшiн осы баптың 5-тармағына сәйкес бөлiнген қайтарымсыз қаржы салымдары мұндай шараларды жүзеге асыруға пайдаланылмаса, несиеге ресiмделедi.
 

                                 2-бап



 
 
       (1) Осы Келiсiмнiң 1-бабында көрсетiлген сомалар, оларды бөлу шарттары, сондай-ақ тапсырыстарды орналастыру рәсiмi Германия Федеративтік Республикасындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес Экономиканы қалпына келтiру жөнiндегi кредит институты (Майндағы Франкфурт қаласы) мен несиенi және/немесе қайтарымсыз қаржы салымын алушылар арасында жасалған келiсiм-шарттармен реттеледi.
      Егер несие және қайтарымсыз қаржы салымын беру туралы тиiстi келiсiм-шарттар осы мiндеттеме күшiне енген жыл өтiсiмен сегiз жыл мерзiмде жасалмаса, осы Келісiмнiң 1-бабында көрсетiлген сомаларды беру жөнiндегi мiндеттеме өз күшiн жояды. Бұл мерзiм 1998 жылы келiсiлген сомаларға қатысты 2006 жылғы 31 желтоқсанда, ал 1999 жылы келісiлген сомаларға қатысты - 2007 жылғы 31 желтоқсанда өтедi.
      (2) Егер, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өзi несие алушы болып табылмаса, Экономиканы қалпына келтiру жөнiндегi кредит институтына (Майндағы Франкфурт қаласы) осы баптың 1-тармағына сай жасалатын келісiм-шарттарға сәйкес несие алушылардың мiндеттемелерi жөнiндегi барлық төлемдердiң немiс маркасымен орындалуын кепiлдi етедi.
      (3) Егер, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өзi қайтарымсыз қаржы салымын алушы болып табылмаса, Экономиканы қалпына келтiру жөнiндегi кредит институтына (Майндағы Франкфурт қаласы) осы баптың 1-тармағына сай жасалатын қаржыландыру туралы келiсім-шарттар негiзінде туындауы мүмкiн қаражатты қайтару туралы мүмкiн талаптарын қанағаттандыруды кепiлдi етедi.
 

                                 3-бап



 
 
       Қазақстан Республикасының Үкiметі Экономиканы қалпына келтiру жөнiндегi кредит институтын осы Келiсiмнің 2-бабында көрсетiлген келiсiм-шарттардың жасалуымен және жүзеге асырылуымен байланысты Қазақстан Республикасында алынатын барлық салықтан және басқа да мемлекеттiк алымдардан босатады.
 

                                 4-бап



 
 
       Несие және қайтарымсыз қаржы салымын берумен байланысты жолаушыларды және жүктi құрлықпен, теңiзбен және әуе жолымен тасымалдау кезiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi жолаушылардың және жеткiзушiлердiң тасымалдаушыны еркiн таңдауын қамтамасыз етедi, Германия Федеративтік Республикасында орналасқан тасымалдаушылардың тең құқықты қатысуын болдырмайтын және күрделендiретiн ешқандай шаралар қолданбайды және егер,

 

қажет болса, олардың қатысуы үшiн қажеттi рұқсат бередi.


                                 5-бап


     Осы Келiсiм Қазақстан Республикасының Үкiметi Германия Федеративтік

Республикасының Yкiметiне Келiсiмнiң күшiне енуi үшiн қажеттi ішкi

мемлекеттiк рәсiмдердiң орындалуы туралы хабар берген күнi күшiне енедi.

Хабарлама түскен күн Келiсiмнің күшiне енетiн күнi болып саналады.


     жылғы ____ _________ әрқайсысы қазақ, немiс және орыс тiлдерiнде екi

данамен жасалды және барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Қазақ және немiс

мәтiндерiн түсiндiруде алшақтық болған жағдайда, орысшасы негiзгi мәтiн

болып табылады.


     Қазақстан Республикасының                Германия Федеративтік

     Үкіметі үшін                             Республикасының

                                              Үкіметі үшін


                   Қазақстан Республикасының Үкіметі

                                 мен

             Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі

                              арасындағы

                        қаржылық ынтымақтастық

                                туралы

                                келісім

                               (2000 жыл)



                    Қазақстан Республикасының Үкіметі

                                  мен

             Германия Федеративтiк Республикасының Үкiметi,


     Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтiк Республикасы

арасында қалыптасқан достық қарым-қатынастар рухында iс-қимыл жасай отырып,

     осы достық қарым-қатынастарды әрiптестiк қаржылық ынтымақтастық

жолымен нығайтуға және тереңдетуге ерiк бiлдiре отырып,

     осы қарым-қатынастарды қолдау осы Келiсiмнiң негiзiнде жатқанын ұғына

отырып,

     Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуына үлес қосуға

ниет ете отырып,

     2000 жылғы 28 қыркүйекте өткен үкiметаралық келiссөздерге сүйене

отырып,

     төмендегiлер туралы келiстi:


                                 1-бап



 
       (1) Германия Федеративтiк Республикасының Yкiметi Қазақстан Республикасының Yкiметiне немесе басқа алушыларға таңдау ұсынып отыр, егер жобаны қарау қорытындысында оны жүзеге асыруға қаражат бөлудің орындылығы анықталса және егер оның әлеуметтiк инфрақұрылым жобасы бола отырып, қайтарымсыз қаржы салымын бөлу үшiн алғышарт болып табылатын ерекше талаптарға сай болатындығы қуатталса, "II-Туберкулезге қарсы күрес жөнiндегi денсаулық сақтау бағдарламасы" жобасын жүзеге асыруға Экономиканы қалпына келтiру жөнiндегi кредит институтынан (Майндағы Франкфурт қаласы) 5 000 000 (жазумен: бес миллион немiс маркасы, Евромен есептегенде: 2 556 459,41) немiс маркасын алу мүмкiндiгiн екi Үкiмет бiрлесiп жүзеге асырады.
      (2) Егер, осы баптың 1-тармағының 3-тармақшасында аталған қуаттау осында көрсетiлген жобаға қатысты мүмкiн болмаса, Германия Федеративтiк Республикасының Yкiметi Қазақстан Республикасының Yкiметiне Экономиканы қалпына келтiру жөнiндегi кредит институтынан (Майндағы Франкфурт қаласы) қайтарымсыз қаржы салымы ретiнде көзделген сомаға дейiнгi мөлшерде осы жобаны қаржыландыруға несие ұсынады.
      (3) Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жоба Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Германия Федеративтiк Республикасы Yкiметiнiң келісуi бойынша басқа жобамен ауыстырылуы мүмкiн.
      (4) Егер, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жоба қоршаған орта немесе әлеуметтiк инфрақұрылым саласындағы жобамен не орта кәсiпорындарды кредитпен қамтамасыз ету жөнiндегi кепiлдiк қормен немесе әйелдердiң қоғамдағы жағдайын жақсартуға, не кедейлiкпен күрес жөнiндегі өзiндiк көмектесудi дамытуға бағытталған шаралармен ауыстырылса және егер, осы жаңа жоба, қор немесе осы шаралар қайтарымсыз қаржы салымын бөлуге алғышарт болып табылатын ерекше талаптарға сай болса, онда мұндай салымның берiлуi мүмкiн; өзге жағдайда, несие берiлуi мүмкiн.
      (5) Егер, Германия Федеративтiк Республикасының Yкiметi мейлiнше кеш мерзiмде Қазақстан Республикасының Yкiметiне осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жобаны дайындау мақсатымен Экономиканы қалпына келтiру жөнiндегі кредит институтынан (Майндағы Франкфурт қаласы) қосымша несие немесе қосымша қайтарымсыз қаржы салымын алу, не осы жобаны жүзеге асыру және оған қызмет қылу үшiн қажеттi тетелес шаралар қолдану мақсатымен қосымша қайтарымсыз қаржы салымын алуға мүмкiндiк берген жағдайда, осы Келiсiм қолданылатын болады.
      (6) Егер, дайындық және тетелес шаралар өткiзу үшiн осы баптың 5-тармағына сәйкес бөлiнген қайтарымсыз қаржы салымдары мұндай шараларды жүзеге асыруға пайдаланылмаса, несиеге ресiмделедi.
 

                                 2-бап



 
 
       (1) Осы Келiсiмнiң 1-бабында көрсетiлген сомалар, оларды бөлу шарттары, сондай-ақ тапсырыстарды орналастыру рәсiмi Германия Федеративтiк Республикасындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес Экономиканы қалпына келтiру жөнiндегi кредит институты мен несиенi және/немесе қайтарымсыз қаржы салымын алушылар арасында жасалған келiсiм-шарттармен реттеледi.
      Егер несие және қайтарымсыз қаржы салымын беру туралы тиiстi келісiм-шарттар осы мiндеттеме күшiне енген жыл өтiсiмен сегiз жыл мерзiмде жасалмаса, осы Келiсiмнiң 1-бабында көрсетiлген сомаларды беру жөнiндегi мiндеттеме өз күшiн жояды. Осы сомаларға қатысты мерзiм 2008 жылғы 31 желтоқсанда өтедi.
      (2) Егер, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өзi несие алушы болып табылмаса, Экономиканы қалпына келтiру жөнiндегi кредит институтына осы баптың 1-тармағына сай жасалатын келiсiм-шарттарға сәйкес несие алушылардың мiндеттемелерi жөнiндегi барлық төлемдердiң немiс маркасымен орындалуын кепiлдi етедi.
      (3) Егер, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң өзi қайтарымсыз қаржы салымын алушы болып табылмаса, Экономиканы қалпына келтiру жөнiндегi кредит институтына осы баптың 1-тармағына сай жасалатын қаржыландыру туралы келiсiм-шарттар негiзiнде туындауы мүмкiн қаражатты қайтару туралы мүмкiн талаптарын қанағаттандыруды кепiлдi етедi.
 

                                 3-бап



 
 
       Қазақстан Республикасының Үкiметi Экономиканы қалпына келтiру жөнiндегi кредит институтын осы Келiсiмнiң 2-бабында көрсетiлген келiсiм-шарттардың жасалуымен және жүзеге асырылуымен байланысты Қазақстан Республикасында алынатын барлық салықтан және басқа да мемлекеттiк алымдардан босатады.
 

                                 4-бап



 
 
       Несие және қайтарымсыз қаржы салымын берумен байланысты жолаушыларды және жүктi құрлықпен, теңiзбен және әуе жолымен тасымалдау кезiнде Қазақстан Республикасының Yкiметi жолаушылардың және жеткiзушiлердiң тасымалдаушыны еркiн таңдауын қамтамасыз етедi, Германия Федеративтiк Республикасында орналасқан тасымалдаушылардың тең құқықты қатысуын болдырмайтын және күрделендiретiн ешқандай шаралар қолданбайды және егер,

 

қажет болса, олардың қатысуы үшiн қажеттi рұқсат береді.


                                 5-бап


     Осы Келiсiм Қазақстан Республикасының Үкiметi Германия Федеративтiк

Республикасының Үкiметiне Келiсiмнiң күшiне енуi үшiн қажеттi iшкi

мемлекеттiк рәсiмдердiң орындалуы туралы хабар берген күнi күшiне енедi.

Хабарлама түскен күн Келісiмнiң күшiне енетiн күнi болып саналады.


     жылғы___ ________ әрқайсысы қазақ, немiс және орыс тiлдерiнде екi

данамен жасалды және барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Қазақ және немiс

мәтiндерiн түсiндiруде алшақтық болған жағдайда, орысшасы негiзгi мәтiн

болып табылады.



     Қазақстан Республикасының                Германия Федеративтік

     Үкіметі үшін                             Республикасының

                                              Үкіметі үшін    



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады