Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Оқу-спорт орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын тарату туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 5 қазан N 1290

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы Заң күші бар  Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Оқу-спорт орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны таратылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады