Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды сатып алудың (сатудың), тіркеудің, жобалаудың, салудың (орнатудың), пайдаланудың және шетелден әкелудің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 6 қазан N 1293. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы N 327 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы N 327 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 14 наурыздағы N 359 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң 2000-2003 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды сатып алудың (сатудың), тіркеудің, жобалаудың, салудың (орнатудың), пайдаланудың және шетелден әкелудiң ережесi бекiтілсiн.
      2. "Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиiлiктегi құрылғыларды алу, жобалау, жасау (орнату), пайдалану және шет елдерден әкелу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 9 қазандағы N 851 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., N 39, 588-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған сәтiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің          
2001 жылғы 6 қазандағы    
N 1293 қаулысымен      
бекітілген          

               Қазақстан Республикасының аумағында
    радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды
          сатып алудың (сатудың), тiркеудiң, жобалаудың,
     салудың (орнатудың), пайдаланудың және шетелден әкелудiң
                         ЕРЕЖЕСI

                  1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды сатып алудың (сатудың), тiркеудiң, жобалаудың, салудың (орнатудың), пайдаланудың және шетелден әкелудiң жалпы тәртiбiн анықтайды.
      Радиоэлектрондық құрал деп радиотолқындарды таратуға және қабылдауға арналған бiр немесе бiрнеше радиотаратушы және (немесе) радиоқабылдаушы құрылғылар мен қосалқы жабдықтардан (егер мұндайлары болса) тұратын техникалық құрал түсiнiледі. Радиоэлектрондық құралдарға жұмысы кезiнде жиiлiктерi 9 кГц-тен 400 ГГц-ке дейiнгi электромагниттiк тербелiстердi пайдаланатын радиостанциялар, радиотелефондар, радионавигация, радиоанықтау жүйелерi, теледидар және радиохабарларын таратудың жүйелерi және басқа да құралдар жатады.
      Жоғары жиiлiктi құрылғылар деп өнеркәсiптiк немесе эксперименттiк жоғары жиiлiктi қондырғылар, қуаты ақпарат берумен байланысты емес технологиялық және басқа да мақсаттар үшiн пайдаланылатын осцилляторлары бар жоғары жиiлiктi медициналық аппараттар, сондай-ақ жұмыс iстеуiнде жиiлiктерi 9 кГц-тен 400 ГГц-ке дейiнгi электромагниттiк тербелiстердi пайдаланатын, оқу мақсаттарына арналған және эфирге шықпай пайдаланылатын радиотаратушылар және басқа да құрылғылар түсiнiледi.
      2. Осы Ереженiң талаптары сәулелену қуатына қарамастан 9 кГц-тен 400 ГГц-ке дейiнгi жиiлiк өрiсiнде, Қазақстан Республикасының заңи қарауындағы жер бетiндегi, теңiздегi, әуедегi, ғарыштағы және өзге де объектiлерде, сондай-ақ теңiз акваторияларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша орналасқан шетел объектiлерiнде жұмыс iстейтiн, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды жобалауды, салуды (орнатуды), сатып алуды (сатуды), тiркеудi, пайдалануды және шетелден әкелудi жүзеге асыратын барлық жеке және заңды тұлғалар үшiн мiндеттi.
      3. Осы Ереженiң күшi мыналарға:
      1) Радиожиiлiк жөнiндегi мемлекеттiк ведомствоаралық комиссияның шешiмiмен олардың пайдалануы үшiн бөлiнген өрiстерiнде не Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң радиожиiлiктермен қамтамасыз етуiндегi Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетінің, Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттігінiң (қаржы полициясы), Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметінің, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Азаматтық авиация комитетiнiң (ұшуларды қамтамасыз ету құралдары мен әуе қозғалысын басқару бөлiгiнде) қолдануы және пайдалануы үшiн арналған радиоэлектрондық құралдарға. Радиоэлектрондық құралдар мақсатынан тыс немесе коммерциялық мақсаттарға, не Радиожиiлiк жөнiндегi мемлекеттiк ведомствоаралық комиссия бөлген жиiлiк белдеуiнен тыс пайдаланған жағдайда, осы Ереженің күшi оларға қолданылады;
      2) теле- және радиохабар бағдарламаларын жеке қабылдауға арналған радиоэлектрондық құралдарға, радиосәулелену құрылғылары жоқ тұрмыстық электроника бұйымдарына қолданылмайды.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.09.06. N 936 қаулысымен .

   2-тарау. Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi
           құрылғыларды сатып алудың (сатудың), тiркеудiң,
                    жобалаудың, салудың (орнатудың),
            пайдаланудың және шетелден әкелудiң тәртiбi

      4. Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды сатып алу (сату), жобалау салу (орнату), пайдалану және шетелден әкелу байланыс саласындағы уәкiлеттi орган беретiн рұқсаттың негiзiнде жүзеге асырылады.
      Сатып алуға (сатуға), жобалауға, салуға (орнатуға), пайдалануға және шетелден әкелуге рұқсат талап етiлетiн радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың түрлерiн байланыс саласындағы уәкiлеттi орган анықтайды.
      Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың рұқсат құжаттарын ресiмдеудiң және тiркеудiң тәртiбiн байланыс саласындағы уәкiлеттi орган анықтайды.
      5. Радиоэлектрондық құралдарды пайдаланудың радиожиiлiк спектрiн пайдалануға белгiленген тәртiппен байланыс саласындағы уәкiлеттi орган беретiн және радиожиілік спектрiн пайдаланғаны үшiн ақы төлеген жағдайда, жарамды болып табылатын рұқсаттар негiзiнде жүзеге асырылады.
      6. Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды жеткiзудi және/немесе сатуды байланыс саласындағы уәкiлетті органның рұқсаты бойынша заңды және жеке тұлғалар жүзеге асырады.
      Заңды және жеке тұлғалар тек сертификатталған радиоэлектрондық құралдарды жеткiзу мен сатуды, радиоэлектронды құралдарды сатып алуға байланыс саласындағы уәкiлеттi орган берген, белгiленген үлгiдегi рұқсаты болғанда жүзеге асырады.
      Бұл ретте радиоэлектрондық құралдарды жеткiзу мен сатуды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар, одан әрi бақылау үшiн, уәкiлеттi орган белгілеген нысан бойынша сатылған радиоэлектрондық құралдардың есебiн мiндеттi түрде оның иесiн, санын, үлгiсiн және сериялық нөмiрiн көрсете отырып жүргiзедi.
      7. Меншiк нысанына және радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың мақсатына қарамастан, жеке және заңды тұлғаларға тиесiлi радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылар мiндеттi түрде тiркелуге жатады.
      8. Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды тiркеудi, белгiленген үлгiдегi сауалнамасы қоса берiлiп, жеке немесе заңды тұлғалар ұсынатын өтiнiмнiң негiзiнде оларды пайдалану орны бойынша байланыс саласындағы уәкiлеттi орган жүргiзедi.
      9. Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды тiркеу, олардың иесiне тиiстi рұқсатсыз пайдалануға енгiзу құқығын бермейдi.
      10. Радиоэлектрондық құралдар мен электр байланыс құралдарын салуға жер учаскесiн таңдау байланыс саласындағы уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша, салынатын құралдардың пайдаланыстағы және осы ауданда құрылысы бұрын жобаланған радиоэлектрондық құралдармен және электр байланыс құралдарымен электромагниттiк үйлесiмділігiн қамтамасыз етудi есепке ала отырып әрi радиотаратушы және радиоқабылдаушы құралдарды орналастыру аймақтарын ескере отырып, жүргiзiледi.
      Радиоэлектрондық құралдардың электромагниттiк үйлесiмдiлiгiн сараптау олардың құрылысы үшiн жер учаскесiн таңдау процесi кезiнде жүргiзiледi және байланыс саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiледi.
      11. Қазақстан Республикасында радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды әзiрлеу, жетiлдiру, топтап шығару, сондай-ақ радиожиiлiк спектрiн пайдалана отырып, радиоэлектрондық құралдарды жобалау жөнiндегi ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды жүргiзу осы мақсаттар үшiн 9 кГц-тен 400 ГГц-ке дейiнгi жиiлiктер өрiсiнде Қазақстан Республикасының Радиоқызметтерi арасында жиiлiктер белдеуiн бөлу кестесiне сәйкес Қазақстан Республикасының Радиожиіліктер жөнiндегi мемлекеттiк ведомствоаралық комиссиясы тиiстi жиiлiктер өрiстерiн (белдеулерiн) бөлгеннен кейiн ғана жүргiзiледi.
      12. Азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың өзара әсерiн болдырмау және электромагниттiк үйлесiмдiлiк нормаларын сақтау мақсатында объектiлерде және ғимараттардың төбелерiнде радиотаратушы құралдардың антенна-фидерлiк қондырғыларын орнату байланыс саласындағы уәкiлеттi органның келiсiмiмен жүргiзiледi.
      Объектiлерде және ғимараттардың төбелерiнде радиотаратушы құралдардың антенна-фидерлiк қондырғыларын орнату кезiнде уәкiлеттi санитарлық қадағалау органының келiсiмi мiндеттi түрде қажет.
      12-1. Мемлекеттiк ақпараттық ресурстардың ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың объектiлерiнде және ғимараттарының төбелерiнде тек ведомствоiшiлiк байланыстың радиотаратқыш құралдарының антенналық-фидерлiк құрылғыларын орнатуға жол берiледi.
      Мемлекеттiк органдарда, ұйымдарда орнатылатын радиоэлектрондық құралдар үшiн арнайы бөлiнген техникалық үй-жайлар режимдiк үй-жайлар мен есептеу техникасы құралдары объектiлерiнен кемiнде 10 метр қашықтыққа алыстатылуы тиiс.
      Ескерту. 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006.02.24. N 124 қаулысымен.
      13. Нәтижелерi бойынша белгiленген тәртiппен пайдалануға енгiзу актiсi жасалатын және тiркеу жүргiзiлетiн қабылдау өткiзiлгеннен кейiн ғана радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалануға рұқсат етiледi. Радиожелiнi жабу, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды ауыстыру, оларды пайдаланыстан шығару байланыс саласындағы уәкiлеттi органды мiндеттi түрде жазбаша хабарландыра отырып, бiр ай мерзiмде жүргiзiледi.
      14. Қазақстан Республикасының аумағындағы шет мемлекеттердiң дипломатиялық және консулдық өкiлдiктерiне орнатылатын радиоэлектрондық құралдарды пайдалану Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң ұсынуы бойынша уәкiлеттi орган беретiн рұқсаттың негiзiнде жүргiзiледi.
      15. Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды шетелден әкелу белгiленген тәртiппен байланыс саласындағы уәкiлеттi орган беретiн рұқсаттар бойынша жүзеге асырылады. Әкелуге рұқсат етiлген жабдықтар тiзбесiн байланыс саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      16. Әкелiнетiн радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылар Қазақстан Республикасында радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларға қойылатын техникалық талаптарға сәйкес келген жағдайда, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды әкелуге арналған рұқсат жүктi кедендiк ресiмдеу орны бойынша берiледi.
      Кедендiк ресiмдеуден кейiн және радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды алғаннан кейiн жеке және заңды тұлғалар алынған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылар туралы байланыс саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық басқармаларына белгiленген нысан бойынша мәлiметтер тапсыруға мiндеттi.
      Әкелуге рұқсат бiрмезгiлдiк болып табылады және радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды рұқсатта көрсетiлген мерзiмде және көрсетiлген мөлшерде әкелуге құқық бередi.
      17. Байланыс саласындағы уәкiлеттi орган сертификаттау сынақтарын жүргiзу мақсатында радиоэлектрондық құралдарды әкелуге арналған рұқсатты сертификаттау сынақтарынан өтпеген жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағынан радиоэлектрондық құралдарды әкету туралы кепiлдемелiк мiндеттемелердi ұсынғаннан кейiн екi айға дейiнгi мерзiмге бередi. Сертификаттау жүргiзу үшiн радиоэлектрондық құралдардың әр үлгiсiнiң саны оннан аспауы тиiс.
      18. Ғаламдық жылжымалы спутник байланысының қолданыстағы терминалдарын уақытша әкелу кедендiк бақылаудан өткен кезде мағлұмдамада радиостанцияның (терминалдың) үлгiсi, иесi туралы мәлiметтер (тұратын елiнде оның тұлғасын куәландыратын құжат бойынша) көрсетiлiп, қайта әкету туралы мiндеттеме бойынша жүзеге асырылады.
      19. Криптографиялық қорғауы бар радиоэлектрондық құралдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу белгiленген тәртiппен, көрсетiлген құрылғылардың радиоэлектрондық құралдардың құрамында бар екенiн кеден органдарында мiндеттi түрде тiркеумен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң рұқсаты негiзiнде жүргiзiледi. Көрсетiлген құрылғылардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi белгiлейдi. Криптографиялық қорғауы бар радиостанциялардың (терминалдардың) жұмыс iстеуi Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындау бөлiгiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келiсiм бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкiн.
      20. Арнайы техникалық құралдар мен екі ұдай мақсаттағы техникалық құралдарға, ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына жатқызылған радиоэлектрондық құралдарды шетелден әкелуге, сатып алуға (сатуға) рұқсатты белгiленген тәртiппен келiсiлген тiзбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң органдары мен байланыс саласындағы уәкiлеттi орган ресiмдейдi.
      21. Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды иелерiнiң басқа жеке және заңды тұлғаларға тұрақты немесе уақытша пайдалануға беруi байланыс саласындағы уәкiлеттi органның рұқсаты бойынша тиiстi рұқсат беру құжаттары ресiмделген жағдайда, рұқсат етiледi.
      Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды құқықтық мирасқорлық (мұрагерлiк) тәртiбiмен алған жағдайда, құқықтық мұрагер байланыс саласындағы уәкiлеттi органда тиiстi рұқсаттарды өз атына қайта ресiмдейдi.    

             3-тарау. Жауапкершiлiк және бақылау

      22. Осы Ереженi бұзғаны немесе тиiстi түрде орындамағаны үшiн заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.
      23. Заңды және жеке тұлғаларға тиiстi рұқсат алу үшiн өтiнiш берген кезде мәлiметтердiң растығына жауапкершiлiк жүктеледi.
      24. Байланыс саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды тұлғалары заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) сертификаттар мен тиiстi рұқсаттардың болуын тексеруге;
      2) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды сатып алудың, жобалаудың, сатудың, салудың (орнатудың), пайдаланудың және шетелден әкелудiң тәртiбi бұзылғаны туралы актiлер жасауға, сондай-ақ осы бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беруге құқылы.
      25. Әкiмшiлiк жазалар қолдануға көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi органның Астана және Алматы қалалары бөлiмшелерiнiң және облыстық бөлiмшелерiнiң бастықтары құқылы.

                   4-тарау. Қорытынды ережелер

     26. Байланыс саласындағы уәкiлеттi орган осы Ережеге сәйкес өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыруда министрлiктермен, ведомстволармен, заңды және жеке тұлғалармен өзара iс-қимыл жасайды.
      27. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi күнделiктi жұмысында және радиоэлектрондық құралдармен және/немесе жоғары жиiлiктi құрылғылармен жабдықталған автокөлiктердiң техникалық байқауын жүргiзу кезiнде автомобильдер мен басқа да көлiк құралдарында радиоэлектронды құралдарды және/немесе жоғары жиiлiктi құрылғыларды орнатуға байланыс саласындағы уәкiлеттi органның рұқсаты болуына бақылау жасайды.
      28. Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды заңсыз пайдаланудың жолын кесудi қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес байланыс саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiмен, Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттігімен және Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгiмен (қаржы полициясы) бiрлесiп жүзеге асырады. <*>
      Ескерту. 28-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.09.06. N 936 қаулысымен .
      29. Қазақстан Республикасының кеден органдары кедендiк ресiмдеу орындарында Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезiнде байланыс саласындағы уәкiлеттi органға әкелiнген радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылар туралы тоқсан сайын ақпарат ұсына отырып, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларға байланыс саласындағы уәкiлеттi орган берген рұқсаттың болуын талап етуге мiндеттi.
      29-1. Мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда радиоэлектрондық құралдарды орнатуды, оларға техникалық қызмет көрсетудi (жөндеу, профилактикалық жұмыстар), айырбастауды, пайдаланудан алуды осы мемлекеттiк органның, ұйымның мамандандырылған бөлiмшелерi жүзеге асырады.
      Мамандандырылған бөлiмшелер болмаған жағдайда радиоэлектрондық құралдарды орнату, оларға техникалық қызмет көрсету (жөндеу, профилактикалық жұмыстар), айырбастау, пайдаланудан алу жөнiндегi жұмыстарды орындаушы ұлттық қауiпсiздiк органдарымен келiседi.
      Ескерту. 29-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006.02.24. N 124 қаулысымен.
      30. 27-29-1-тармақтарды iске асыру тетiгiн және орындау тәртiбiн тиiстi министрлiктер мен ведомстволар анықтайды.
      Ескерту. 30-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.02.24. N 124 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады