Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 8 қазан N 1298. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 шiлдедегi № 602 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.07.2023 № 602 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Кейбiр акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметiн тиiмдi басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 P010290_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 8, 85-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1) мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Осы қаулының 1-тармағының 5), 7), 9) тармақшаларында көзделген iс-шараларды орындау мүмкiн болмаған жағдайда, осындай іс-шаралардың орындалу мерзiмiн уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен келiсiм бойынша ауыстыруы мүмкiн деп белгiленсiн.";

      2) көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:

      1-тармақта:

      "Палымбетов Болат Әбiлқасымұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрi" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мұртазаев Мұрат Арзаұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрi";

      3-тармақта:

      "Палымбетов Болат Әбiлқасымұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрi

      Дүкенбаев Кенжемұрат Дүкенбайұлы - "Электр желiлерiн басқару жөнiндегi қазақстандық компания" ААҚ-ның президентi" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әмрин Асқар Кемеңгерұлы - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Заң департаментiнiң директоры

      Бозымбаев Қанат Алдабергенұлы - "Электр желiлерiн басқару жөнiндегi қазақстандық компания" ААҚ-ның президентi";

      4-тармақта:

      "Оразбақов Ғалым Iзбасарұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Оразбақов Ғалым Iзбасарұлы - Қазақстан Республикасының Экономика

     

      және сауда вице-министрi";

      8-тармақта:

      "Тоқсейiтов Рахымберген Құрманғалиұлы - Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттiк кiрiс бiрiншi вице-министрi" деген жол мынадай редакцияда

      жазылсын:

      "Рахметов Нұрлан Құсайынұлы - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк

      кiрiс вице-министрi";

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Мәжiренов Жомарт Рахымбекұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық

      қауiпсiздiк комитетiнiң департамент бастығы (келiсiм бойынша)".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады