Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Орталық госпиталы ғимаратын беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 8 қазан N 1299

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Астана қаласы Молодежный шағын ауданы, 47-үй мекен-жайы бойынша орналасқан Орталық госпиталының ғимаратын Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің (келісім бойынша) теңгеріміне берсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және

 

жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет

қызметімен (келісім бойынша) бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын қажетті

шараларды қабылдасын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады