Қытай Халық Республикасынан Қырғыз Республикасына натрий цианидінің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiне рұқсат беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 8 қазан N 1300

      "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Z960009_ Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнiмдер транзитiнiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 P991143_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Осы қаулыға қосымшада көрсетілген сан мен өту бағыты бойынша натрий цианидін жеткізуге арналған 1999 жылғы 6 желтоқсандағы N С-1131 шарт және 2001 жылы натрий цианидін жеткізуге арналған 2001 жылғы 11 маусымдағы N С-1238 қосымша шарт бойынша "СНИЕК Ксиньянг Корпорейшн Хоргос ЛТД" компаниясы (Қытай Халық Республикасы) "Кумтор Оперейтинг Компани" компаниясы (Қырғыз Республикасы) үшін жеткізетін натрий цианидінің Қытай Халық Республикасынан Қырғыз Республикасына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiне рұқсат етiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi қолданыстағы Халықаралық темiр жол жүк қатынасы туралы келiсiмге және басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес қауiпсiздiктің айрықша шараларын сақтай отырып, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы темiр жол көлiгiмен натрий цианидін тасымалдауды қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден

 

комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағы

арқылы натрий цианидінің транзитiне бақылауды қамтамасыз етсiн. 


Z952368_





V970267_



     4. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі осы

қаулыны іске асыру мақсатында қажетті шараларды қабылдасын.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                    Қазақстан Республикасы Yкiметінің

                                         2001 жылғы 8 қазандағы

                                             N 1300 қаулысына

                                                 қосымша


        1999 жылғы 6 желтоқсандағы N С-1131 шарт және 2001 жылғы

      11 маусымдағы N С-1238 қосымша шарт бойынша "СНИЕК Ксиньянг         

      Корпорейшн Хоргос ЛТД" компаниясы (Қытай Халық Республикасы)

      "Кумтор Оперейтинг Компани" компаниясы (Қырғыз Республикасы)

                   үшін жеткізетін натрий цианидінің

                              Айрықшалауы

---------------------------------------------------------------------------

Р/с!   Өнімнің        !  СЭҚ ТН  ! Өлшем ! Саны ! Тоннасына!Жалпы құны АҚШ

N !   толық атауы    !   коды   !бірлігі!      !   бағасы !  долларымен

   !                  !          !       !      !     АҚШ  !

   !                  !          !       !      !долларымен!

---------------------------------------------------------------------------

1  Натрий цианиді      283711000  тонна   1200    1589,45      1907340

---------------------------------------------------------------------------


     Өту бағыты: Алашанкоу (Қытай Халық Республикасы) - Достық - Луговая

(Қазақстан Республикасы) - Балыкчи (Қырғыз Республикасы).

     Жүкті жөнелту кестесі:

     1-жөнелту - 2001 жылғы қазан-қарашада - 347,28 тонна;

     2-жөнелту - 2001 жылғы қараша-желтоқсанда - 852,72 тонна.



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады