"Өтпелі кезеңде аз қамтылған халық қатарындағы әйелдер мен балалардың тамақтануын жақсарту" жобасын іске асыру үшін Кедейлікті азайту жөніндегі жапон қорының қаражатынан Азия Даму Банкінің желісі бойынша грант тарту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 9 қазан N 1302

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Өтпелі кезеңде аз қамтылған халық қатарындағы әйелдер мен балалардың тамақтануын жақсарту" жобасын іске асыру үшін берілетін 993677 (тоғыз жүз тоқсан үш мың алты жүз жетпіс жеті) АҚШ доллары сомасындағы грант туралы келісім (бұдан әрі - Грант туралы келісім) жасасу нысанында кедейлікті азайту жөніндегі жапон қорының қаражатынан Азия Даму Банкінің желісі бойынша грант тарту мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің төрағасы Жақсылық Ақмырзаұлы Досқалиевке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Грант туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі

 

993677 (тоғыз жүз тоқсан үш мың алты жүз жетпіс жеті) АҚШ доллары

сомасындағы грант қаражатының мақсатты және тиімді пайдаланылуын

қамтамасыз етсін.

     4. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі

заңнамада белгіленген тәртіппен грантты Қазақстан Республикасының

2001-2003 жылдарға арналған мемлекеттік инвестициялары бағдарламасының

жобасына енгізсін.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады