Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 21 қазандағы Z933300_ Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Жайық-Каспий бассейнінде бекіре балықтарын ғылыми мақсатта пайдаланудан басқа оларды аулауға 2002 жылдың 1 қаңтарына дейін тыйым салынсын. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігіне жүктелсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.
Жайық-Каспий бассейнінде бекіре балықтарын аулауға тыйым салу туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 10 қазан N 1308
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз