"Азаматтық авиация академиясының әскери факультеті" мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 15 қазан N 1330

      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін әскери мамандарды сапалы даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Азаматтық авиация академиясының әскери факультеті" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) болып қайта аталсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Мекеменің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте 09 республикалық деңгейде кадрлар даярлау бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мұқтажына көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылатын болып белгіленсін.
      4. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 наурыздағы N 368 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

     3) тармақша (құпия).

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады