"Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 18 қазан N 1339

 


     "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылға арналған Заң жобалау

жұмыстарының жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы

25 қаңтардағы N 140 


P010140_


  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының

Үкіметі қаулы етеді:

     1. "Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы" Қазақстан

Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің

Мәжілісіне енгізілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі



           "Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы"

                     Қазақстан Республикасының Заңы


     Осы Заң кешендi кәсiпкерлiк лицензияны жүзеге асыруға байланысты

қатынастарды реттейдi, және франчайзинг қызметiн қолдау мен дамытуға

бағытталған. Заң кешендi кәсіпкерлiк лицензия шартының мазмұнын,

франчайзингтiк қатынастар субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн,

сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы кешендi кәсiпкерлiк лицензияны

қолдау мен дамытудағы мемлекеттiк органдардың ролiн анықтайды.


                        1 тарау. Жалпы ережелер


     1-бап. Осы Заңда пайдаланатын негiзгi ұғымдар

     Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:


 
       1) Кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) - кәсiпкерлiк қызметтiң айрықша құқық кешенiнiң құқық иеленушiсi оны басқа адамға тегiн пайдалануға беретiн кездегi нысаны;
      2) Франчайзингтiк қызмет - кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартын жүзеге асыруға байланысты кәсiпкерлiк қызмет;
      3) Кешендi лицензиар - кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты бойынша болатын тарап, өзiнiң айрықша құқық кешенiн басқа адамға өтемдiк негiзде пайдалануға беретiн айрықша құқық кешенiнiң құқықты иеленушiсi.
      4) Кешендi лицензиат - кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартының тарабы, сол кешендi өзiнiң кәсiпкерлiк қызметi үшiн пайдаланатын лицензиардың айрықша құқық кешенiнiң құқықты пайдаланушысы;
      5) Айрықша құқық кешенi - өзiне бiрқатар интеллектуалдық меншiк объектiлерi (тауар белгiсi, фирмалық атақ, қызмет көрсету белгiсi, патент, лицензия, коммерциялық ақпарат, өндiрiс, технология, ноу-хау және құпиялар және т.б.) кiретiн пайдалану құқығы, онымен құқықты иеленушi (лицензиар) құқықты пайдаланушыға (лицензиатқа) кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты бойынша өтемдiк негiзде беретiн Қазақстан Республикасы заңдарымен қорғалатын айрықша құқық кешенi.
 
      2-бап. Қолдану саласы
 
      1. Осы Заң кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартының қорытындысына, орындалуына байланысты, сондай-ақ франчайзингтiк қатынастарды мемлекеттiк қолдау шараларды қолдану кезiнде туындайтын қатынастарды реттейдi.
      2. Инвестициялармен байланысты бөлiгiндегi франчайзингтiк қатынастар субъектiлерiне инвестицияларды мемлекеттiк қолдау және қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңдары қолданылады.
      Франчайзингтiк қатынастар субъектiлерi - осы Заңмен реттелмеген бөлiгiндегi шағын кәсiпкерлiк өкiлдiктерiне шағын кәсiпкерлiк туралы Қазақстан Республикасының Заңдары қолданылады.
 
      3-бап. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия туралы Заңдар
 
      1. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия туралы Заңдар Қазақстан Республикасының K951000_ Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық K990409_ кодексiне негiзделедi және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда

 

Қазақстан Республикасының франчайзинг туралы Заңдарында көзделгеннен өзге

ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.


     4-бап. Франчайзингтік қатынастардың субъектiлерi


     Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен лауазымды

адамдары сияқты кәсiпкерлер ретiнде тiркелген заңды тұлғалар мен азаматтар

да франчайзингтiк қатынастардың субъектiлерi болып табылады.


              2 тарау. Франчайзингтік қатынастардың дамуын

                       мемлекеттік қолдау және ынталандыру


     5-бап. Франчайзинг қатынастардың дамуын мемлекеттiк қолдау

            және ынталандыру принциптерi


     Қазақстан Республикасындағы франчайзингтiк қатынастарды мемлекеттік

қолдау мынадай принциптерде жүзеге асырылады:


 
       1) азаматтар және Заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметiне мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалардың заңсыз араласуына жол бермеу;
      2) бәсекелестіктi қорғау және монополистік қызметтi шектеу;
      3) шағын кәсiпкерлiктi, инвестицияларды және франчайзингтiк қатынастарды мемлекеттiк қолдау принциптерi мен нысанының бiрлiгi;
      4) франчайзингтiк қатынастарды мемлекеттiк қолдау және дамыту бойынша қызметтердi жүзеге асыру кезiндегi мемлекеттiк органдар қызметiнiң өзара әрекетi мен үйлестiруi;
      5) мемлекеттiк органдар мен қоғамдық бiрлестiктердiң өзара әрекетi;
      6) франчайзингтiк қатынастарды мемлекеттiк қолдау шараларын әзiрлеу және қолдану кезiндегі жариялылық;
      7) кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты бойынша берiлетiн кешендi лицензиардың айрықша құқықтарын сақтау мен қорғау.
 
      6-бап. Франчайзингтiк қатынастардың дамуын мемлекеттік
             қолдау және ынталандыру шаралары
 
      Қазақстан Республикасындағы франчайзингтiк қатынастардың дамуын мемлекеттiк қолдау және ынталандыру мынадай шараларды жүзеге асыру арқылы жүзеге асырылады:
      1) франчайзингтiк қатынастарды дамыту және оған жәрдемдесу жөнiндегi заңдық базасын әзiрлеу және жетiлдiру;
      2) франчайзингтiк қатынастарға жәрдемдесу және оны дамыту жөнiндегi бағдарламаларды әзiрлеу, қабылдау және iске асыру;
      3) франчайзингтiк қатынастар субъектiлерiне Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес жеңiлдiктер мен кепiлдiктер беру;
      4) франчайзингтiк қатынастарды дамытуға және қолдауға бағытталған Заңдарды насихаттауды жүзеге асыру, кешендi кәсiпкерлiк лицензияны жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызметтер көрсету;
      5) интеллектуалдық меншiк объектiлерiн тiркеу және тiркелгендердi айрықша құқық заңдарына сәйкес қорғау;
      6) франчайзингтiк қызмет субъектiлерi - қауымдастықтар мен өзге де қоғамдық бiрлестiктердiң ұйымдастырылуына және жұмыс iстеуiне ықпал ететiн жағдайлар жасау;
      7) кешендi кәсiпкерлiк лицензия туралы заңның сақталуын бақылау;
      8) заңдарға қайшы келмейтiн және Қазақстан Республикасындағы кешендi кәсiпкерлiк лицензияның дамуына және таралуына жәрдемдесетiн өзге де шаралар.
 
      7-бап. Лицензиялаудың жеңiлдетiлген тәртiбi
 
      Кешендi кәсiпкерлiк лицензияны iске асыру кезiндегi франчайзингтiк қатынастар субъектiлерiнiң қызметiн лицензиялау Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес шағын кәсiпкерлiктiң өкiлдерi үшiн көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
 
      8-бап. Кiрiсті пайдалану кепiлдiктерi
 
      Қазақстан Республикасының Заңдарымен белгiленген салықтарды және басқа да мiндеттi төлемдердi төлегеннен кейiн франчайзингтiк қатынастардың субъектiлерi кешендi кәсiпкерлiк лицензияны жүзеге асырудан алынған кiрiстi өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы.
 
      9-бап. Мемлекеттiк органдардың және лауазымды адамдардың
             заңсыз iс-әрекеттерi мен актiлерi кезiндегi зиянды өтеу
             кепiлдiктерi
 
      1. Мемлекеттiк органдардың және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып қабылданған және жүзеге асырылған актiлерi мен iс-әрекеттерi олар қабылданған сәтiнен бастап жарамсыз болып табылады және Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген тәртiппен күшiн жоюға жатады.
      2. Мемлекеттiк органдардың және лауазымды адамдардың қабылданған заңсыз актiлерiнен және заңсыз iс-әрекеттерiнен туындайтын франчайзингтiк қатынастар субъектiлерiне келтiрiлген зиян Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен өтеледi.
 
      10-бап. Мемлекеттiк тексеру кезiндегi кепiлдiктер
 
      1. Кешендi кәсiпкерлiк лицензияны жүзеге асыруға байланысты франчайзингтiк қатынастар субъектiлерiнiң кәсiпкерлiк қызметiн тексеру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда және Қазақстан Республикасының Заңдарымен белгiленген тәртiппен ғана жүргiзiледi.
      2. Франчайзингтiк қатынастар субъектiлерiнiң қызметiн тексерудi Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес осы қызметтi жүзеге асыруға құқылы мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар ғана жүзеге асырады.
 
      11-бап. Франчайзингтік қатынастарды мемлекеттiк реттеу
              кезiндегі жариялылық
 
      1. Франчайзингтiк қатынастардың субъектiлерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кешендi кәсiпкерлiк лицензияны жүзеге асыруға қатысты нормативтiк құқықтық актiлермен, сот шешiмдерiмен және өзге де актiлермен танысуға құқылы.
      2. Франчайзингтiк қатынастарды мемлекеттiк реттеуге қатысты нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайтын мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға мiндеттi.
 
      12-бап. Санаткерлiк меншiк объектiлерiн тiркеу және қорғау
 
      1. Санаткерлiк меншiк объектiлерiн тiркеу Қазақстан Республикасының Заңдарымен көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
      2. Егер шет мемлекеттiң тiркеуiн тану Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген болса, мемлекет Қазақстан Республикасының аумағында тiркелген сияқты басқа мемлекеттердiң аумағындағы да кешендi лицензиардың айрықша құқықтарын қорғайды.
      3. Санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғауды және тiркеудi қамтамасыз ететiн мемлекеттiк орган лицензиар кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты бойынша беретiн айрықша құқықтардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
 
       3-тарау. Кешендi кәсiпкерлiк лицензияның (франчайзингтiң) шарты
                                  мен түрлерi
 
      13-бап. Кешендi кәсiпкерлiк лицензияның (франчайзингтiң) шарты
 
      1. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты бойынша бiр тарап (кешендi лицензиар) екiншi тарапқа (кешендi лицензиат) сыйақыға айрықша құқықтар кешенiн лицензиаттың кәсiпкерлiк қызметiнде қолдану үшiн, соның ішiнде лицензиардың фирмалық атауын, қорғалатын коммерциялық ақпаратты пайдалану үшiн, айрықша құқықтардың басқа да объектiлерiн (тауар белгiсi, қызмет ету белгiсi, патент және т.б.) беруге мiндеттенедi.
      2. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартында қызметтiң белгiлi бiр саласына қатысты қолданылу аумағын көрсетiп немесе көрсетпей, лицензиардың iскерлiк беделi мен коммерциялық тәжiрибесiн белгiлi бiр көлемде (атап айтқанда, пайдаланудың ең төменгi және/немесе ең жоғарғы көлемiн белгiлей отырып) пайдалану көзделедi.
      3. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты өзiне айрықша құқықтарды пайдалануға, үй-жайды және/немесе көлiк құралдарын ресiмдеуге немесе кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға; коммерциялық құпияны және басқа да қызметтiк және/немесе коммерциялық ақпаратты беруге, лицензиардың лицензиатқа шарттың барлық мерзiм бойына басқарушылық, техникалық және

 

ақпараттық тұрақты көмек көрсетуге қатысты мiндеттемелердi қоса алады.

Шартқа лицензиар тарапынан лицензиаттың пайдалануға берiлген кешендi

айрықша құқықтарды пайдалануға қатысты талаптарды орындауын бақылау

шаралары кiредi.

     4. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартын кәсiпкерлiк қызметтiң

жекелеген салаларында қолдану жөнiндегi шектеулер заң актiлерiмен

белгiленедi.


     14-бап. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартының мерзiмi мен

             нысаны


     1. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты белгiлi мерзiмге де, мерзiмсiз

де жасалына алады.

     2. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты жазбаша нысанда жасалуға тиiс.


     15-бап. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартының қатысушылары мен

             тараптары


     1. Кешендi лицензиар мен кешендi лицензиат кешендi кәсiпкерлiк

лицензия шартының тараптары болып табылады.


 
       2. Шарттың тараптары мен үшiншi тұлғалар кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартының қатысушылары болып табылады. Тараптардың келiсiмi бойынша лицензиялық брокер, кәсiпкерлер ретiнде тiркелген өзге де азаматтар, банктiк, сақтандыру және өзге де ұйымдар үшiншi тұлғалар бола алады.
 
      16-бап. Лицензиялық брокер
 
      1. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартын жасаған және орындаған кездегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға немесе кәсiпкерлер ретiнде тiркелген жеке тұлға лицензиялық брокер болып табылады. Лицензиялық брокер өз аты мен тәуекелдiгi бойынша да, лицензия берушiнiң, лицензия алушының немесе франчайзингтiк қатынастардың өзге де субъектiлерiнiң аты мен тәуекелдiгi бойынша да әрекет жасай алады.
      2. Лицензиялық брокерге берiлетiн сыйақы белгi етiлген кезеңдiк төлемдердiң белгi етiлген бiр реттiк төлемi түрiнде, не өзге де, шартта көрсетiлген түрде төленедi.
      3. Осы Заңмен реттелмеген бөлiгiнде лицензиялық брокерге (жеке немесе заңды тұлғаға) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң K990409_ 41 бөлiмiнiң ережелерi қолданылады.
 
      17-бап. Кешендi лицензиардың мiндеттерi
 
      Кешендi лицензиар:
      1) кешендi лицензиатқа техникалық және коммерциялық құжаттамаларды беруге және оған кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты бойынша берiлген құқықтарды жүзеге асыру үшiн қажеттi өзге де ақпараттарды ұсынуға;
      2) лицензиатқа лицензия шартында көзделген кешендi кәсiпкерлiк

 

лицензия шартын орындауға байланысты жүзеге асырылатын қызметтерге өзге де

рұқсаттар беруге;

     3) лицензиатқа кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты бойынша берiлген

құқықтарды жүзеге асыру мәселелерi бойынша оқыту мен консультациялар

өткiзуге;

     4) кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартының шарттарын сақтауға;

     5) кешендi кәсiпкерлiк лицензия туралы Қазақстан Республикасы

заңдарының өзге де талаптарын сақтауға мiндеттi.


     18-бап. Кешендi лицензия алушының мiндеттерi


     Кешендi лицензиат:


 
       1) лицензиардың кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты бойынша шартта аталған тәсiлмен берiлген лицензиялық кешенiн пайдалануға;
      2) лицензиарды өзiнiң өндiрiстiк аумағына кiргiзуге, оған қажеттi құжаттарды беруге және оған кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты бойынша берiлген айрықша құқықтар кешеннiң пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпараттар алуына жәрдемдесуге;
      3) шарт бойынша берiлген айрықша құқықтар кешенiнiң пайдаланылуы жөнiндегi лицензиардың нұсқаулықтары мен нұсқауларын сақтауға;
      4) кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартын жүзеге асыруға байланысты оған лицензиардың беретiн өндiрiс құпияларын, коммерциялық және өзге де ақпараттарды жария етпеуге;
      5) өзi лицензия берушiнiң фирмалық атауын, тауар белгiлерiн, қызмет көрсету белгiлерiн және өзге де жекелiк құралдарын кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартының негiзiнде пайдаланатынын тұтынушыларға олар үшiн ең нанымды болатын тәсiлмен хабарлауға;
      6) лицензиар бәсекелестерiнiң қызметiне қатыспауға, егер өзгесi кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартында көзделмесе;
      7) кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартының қолданыс мерзiмi аяқталғаннан кейiн лицензия берушiнiң жазбаша рұқсатынсыз кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартын жүзеге асыруға байланысты оған лицензиардың беретiн коммерциялық құпияларын, өндiрiс құпияларын және өзге де жасырын ақпараттарды жария етпеуге, егер шартта өзгесi көзделмесе;
      8) өзiне берiлген айрықша құқықтар кешенiн пайдаланғаны үшiн төленетiн төлемдердi дер уақытында жүзеге асыруға;
      9) франчайзингтiк қызметтiң дамуына өз қаражаттарын салуға;
 
      19-бап. Кешендi лицензиардың құқықтары
 
      Кешендi лицензиардың мынадай:
      1) кешендi лицензиаттың кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты бойынша

 

өндiретiн тауарларының, оның көрсететiн қызметтерiнiң сапасын бақылауға;

     2) лицензиаттың өз кәсiпорнын (кәсiпорындағы өз үлесiн) иелiктен

айырған кездегi сатып алу басымдылығына;

     3) лицензиатқа қатысты үшiншi тұлғаның алдында кепiл болуға немесе

кепiлге алушы болуға;

     4) лицензиатпен өзге де шарттар жасасуға, атап айтқанда, оған қатысты

лизинг берушi болуға;

     5) Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес өзге де құқықтарға құқы

бар.


     20-бап. Кешендi лицензиаттың құқықтары


     Кешендi лицензиаттың мынадай:

     1) бұл оның бұрынғы жасалған шарттары бойынша лицензиардың құқықтарын

бұзбаған жағдайында өзге де тұлғалармен кешендi кәсiпкерлiк лицензия

шарттарын жасауға;

     2) лицензия алушымен өзге де, атап айтқанда, лизинг, жалға беру,

алу-сату, кепiл болу және кепiлге алу шарттарын жасасуға;

     3) Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес өзге де құқықтарға құқы

бар.


     21-бап. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты жасалғанға дейiн

             берiлген ақпараттарды қорғау



 
       1. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты жасалғанға дейiн лицензиар ықтимал лицензиатқа шарт жасалған жағдайда берiлетiн айрықша құқықтар кешенi туралы ақпарат бередi. Мұндайда, лицензиар ықтимал лицензиатты берiлiп отырған мәлiметтердiң жасырын сипаты мен оның сақталу қажеттiгі туралы ескертуге мiндетті.
      2. Ықтимал лицензиат оған осы баптың 1-бабына сәйкес берiлген жасырын сипаттағы лицензиардың жазбаша рұқсатынсыз мәлiметтердi жария етуге құқылы емес. Аталған ақпараттар ашылған жағдайда, ықтимал лицензиат лицензиарға тартқызған шығындардың орнын толтыруға мiндеттi.
 
      22-бап. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты бойынша берiлген
              ақпараттарды қорғау
 
      1. Кешендi кәсiпкерлiк-лицензия шарты бойынша берiлетiн жасырын сипаттағы ақпарат Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 126-бабының 1-тармағында көзделген шарттар сақталған кезде Қазақстан Республикасының Заңдарымен қорғалады.
      2. Кешендi лицензиат пен кешендi лицензиар осы баптың 1-бабында аталған ақпараттың жасырындылығының сақталуына шаралар қолдануға мiндеттi.
      3. Кешендi лицензиат оған кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты бойынша берiлетін жасырын мәлiметтердi лицензия берушiнiң соған жазбаша рұқсатынсыз жариялауға құқылы емес. Тараптардың келiсiмiмен лицензиаттың мiндетi және кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартының қолданыс мерзiмi аяқталғаннан кейiн белгiленген мерзiм iшiнде көрсетiлген мәлiметтердi жарияламауы көзделуi мүмкiн.
      4. Осы бапта көрсетілген мәлiметтердi заңсыз жариялаған жағдайда кешендi лицензиат лицензиарға құпия мәлiметтердi заңсыз жариялаудан келген шығынды өтейдi.
      5. Мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалар өз қызметтерiн жүзеге

 

асыруда тiркеу, тексеру, бақылау, қадағалау және басқа да Қазақстан

Республикасының заң актiлерiне сәйкес мiндеттердi орындау үшiн тиiстi

мәлiметтерден өзге, кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты жөнiнде құпия

мәлiметтерге қол жеткiзудi талап етуге құқылы емес.


     23-бап. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия-жұмыс орны


     Кешендi кәсiпкерлiк лицензиямен жұмыс орны - кешендi кәсiпкерлiк

лицензия болып табылады, соған сәйкес лицензиар әзiрленген жұмыс орнын

құрады және оны лицензия кешенiмен лицензиатқа - жеке кәсiпкерге бередi.


     24-бап. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия-кәсiпорын


     Кешендi кәсiпкерлiк лицензиямен кәсiпорын - кешендi кәсiпкерлiк

лицензия болып табылады, бұл ретте лицензиар кәсiпорын құрады және оны

лицензия кешенiмен лицензиатқа бередi.


     25-бап. Конверсиялық кешендi кәсiпкерлiк лицензия


     Кешендi кәсiпкерлiк лицензия - конверсиялық болып табылады, бұл ретте

тараптар дербес кәсiпорында құрылымдық бөлiмшелердi қайта өзгерту

негiзiнде шарт жасасады.


     26-бап. Көп түрдегі кешендi кәсiпкерлiк лицензия


     Кешендi кәсiпкерлiк лицензия - көп түрдегi болып табылады, оның

негiзiнде лицензиат бiрнеше кәсiпорындар құрайды.


     27-бап. Өндiрiстiк кешендi кәсiпкерлiк лицензия



 
       Кешендi кәсiпкерлiк лицензия - өндiрiстiк болып табылады, оның мәнi кешендi лицензиардың жеке өзге де лицензиарды дербестендiру құралымен (оның тауарлары, жұмысы, қызмет көрсетуi) лицензиар жеткiзетiн не оның келiсiмi бойынша шикiзаттарды, материалдарды, технологиялары мен құрал-жабдықтарды пайдаланып, өндiрiске немесе тауар белгiсiмен өндiрiске және тауар сатуға тауар өндiруге лицензиардың құқығы болып табылады.
 
      28-бап. Тауарлы кешендi кәсiпкерлiк лицензия
 
      Кешендi кәсiпкерлiк лицензия - тауарлы болып табылады, оның мәнi лицензиардың тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi тауар белгiсiмен немесе өзге де лицензиарды дербестендiру құралымен (оның тауарларын, жұмыстарын, қызмет көрсетулерiн) кешендi лицензиар беретiн не оның

 

келiсiмi бойынша белгiленетiн маркетинг технологиясын пайдаланып сатуының

құқығы болып табылады.


     29-бап. Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк


     Қызметi кешендi кәсiпкерлiк лицензия қызметiне байланысты ұйымдардың

бухгалтерлiк есебiн жүргiзуi мен қаржылық есептiлiгiн жасау Қазақстан

Республикасының бухгалтерлiк есеп жөнiндегi заңдарына сәйкес жүзеге

асырылады.


                    4 тарау. Қоғамдық бiрлестiктер мен

                     өзге де коммерциялық емес ұйымдар


     30-бап. Қоғамдық ұйымдарды құру


     Франчайзингтiк қатынас субъектiлерi Қазақстан Республикасындағы

франчайзингтiк қатынасты дамыту мен қолдауға, өз мүдделерi мен құқықтарын

қорғауға бағытталған қауымдастықтар, одақтар, қоғамдық бiрлестiктер,

қорлар мен басқа да коммерциялық емес ұйымдар құруға құқылы.


     31-бап. Ұйымдарды тiркеу



 
       Осы тарауда көрсетiлген ұйымдарды мемлекеттiк тiркеу Қазақстан

 

Республикасының Заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.


     32-бап. Ұйымдардың қызметi


     Осы тарауға сәйкес құрылған қоғамдық бiрлестiктер мен басқа да

ұйымдар кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартын жасауға немесе орындауға

байланысты мәселелердi шешу үшiн аралық соттар құруға құқылы; семинарлар,

конференциялар ұйымдастыруға, насихаттауды, оқытуларды ұйымдастыруға,

газеттер, журналдар және басқа да баспа басылымдарын шығаруға, кеңес беру

қызметтерiн көрсетудi жүзеге асыруға, көрмелер ұйымдастыруға және өзге де

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметтердi жүзеге асыруға

құқылы.


     33-бап. Қоғамдық және өзге де мемлекеттiк емес коммерциялық

             емес ұйымдардың мемлекеттiк органдармен және лауазымды

             тұлғалармен өзара іс-әрекетi


     Франчайзингтiк қатынастарды қолдау мен дамыту бойынша iс-әрекеттердi

жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар мен ұйымдар, лауазымды тұлғалар өз

қызметтерiн жүзеге асыру кезiнде осы тарауда көрсетiлген қоғамдық

ұйымдармен және бiрлестiктермен өзара iс-әрекет жасайды.


                      5 тарау. Қорытынды ережелер


     34-бап. Кешендi кәсiпкерлiк-лицензия туралы Заңдарды сақтауды

             бақылау


     1. Мемлекеттiк органдар өздерiнiң құзыретi мен өкiлеттiгi шеңберiнде

кешендi кәсiпкерлiк лицензия туралы заңдарды сақтауды бақылауды жүзеге

асырады.


 
       Қазақстан Республикасының Yкiметi франчайзингтiк қатынасты қолдау мен дамыту жөнiндегi бағдарламаны қабылдау мен iске асыруға бақылауды жүзеге асырады.
 
      35-бап. Жауапкершiлiк
 
      1. Франчайзингтiк қызметке заңсыз араласқан, франчайзингтiк қатынас субъектiлерiнiң бостандығы мен құқығын бұзған, франчайзингтiк қатынасты қолдау мен дамытуға көзделген қаражаттарды мақсатсыз шығындаған немесе өзге де түрде кешендi кәсiпкерлiк лицензия туралы Заңдарды бұзған мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың лауазымды тұлғалары Қазақстан Республикасының заңымен көрсетiлген әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiліктер көтередi.
      2. Франчайзингтiк қатынас субъектiлерi кәсiпкерлiктi жүзеге асыру

 

талаптарын және өзге де Қазақстан Республикасының Заңдарының ережелерiн

бұзған кезде заңмен көзделген жауапкершiлiк көтередi.


     36-бап. Франчайзингтік қатынас субъектілерi арасындағы

             дауларды шешу


     Франчайзингтiк қатынас субъектiлерi арасындағы даулар Қазақстан

Республикасының Заңдарына сәйкес сот тәртiбiмен және/немесе тараптардың

келiсiмi бойынша аралық сотта шешiледi.


     37-бап. Осы Заңның күшiне енуi


     Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енедi.


     Қазақстан Республикасының

           Президентi



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады