Шетелдерде Қазақстан Республикасының оңтайлы имиджін қалыптастыру мен көтеру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі CNN Europe және CNN Asia арналары бойынша Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің он жылдығына арналған имидждік бейнероликтерді трансляциялауды ұйымдастырсын.
2. Әкімшісі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі болып табылатын "Ұлттық имидждік стратегияны іске асыру" бағдарламасы бойынша 80 мың АҚШ долларына баламалы сомада және әкімшісі Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі болып табылатын "Телерадио хабарлары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" бағдарламасы бойынша 370 мың АҚШ долларына баламалы сомада республикалық бюджеттің көзделген қаражатынан толық көлемде қызметтерге алдын ала ақы төлеуді жүргізсін.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан
Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша заңнамада
белгіленген тәртіппен имидждік бейнероликтерді трансляциялау жөніндегі
қызметтерді мемлекеттік сатып алуды бір көзден сатып алу тәсілімен жүзеге
асыру туралы ұсынысына келісім берілсін
.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.