1. "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Z000131_ Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950 P001950_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 56, 627-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
ІV "Шығыстар" бөлімінде: 1 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер" функционалдық тобының 2 "Қаржылық қызмет" ішкі функциясының 219 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі әкімшісі бойынша 41 "Кеден бекеттерінің және кеден органдарының инфрақұрылымының құрылысы" бағдарламасынан кейін мынадай мазмұндағы кіші бағдарламалармен толықтырылсын: "30 Кеден бекеттерінің және кеден органдарының инфрақұрылымының құрылысы 453 000 31 Кинологиялық орталық 22 000"; 2) көрсетілген қаулыға 2-қосымшада: ІV "Шығыстар" бөлімінде: 1 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер" функционалдық тобының 2 "Қаржылық қызмет" ішкі функциясының 219 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі әкімшісі бойынша 41 "Кеден бекеттерінің және кеден органдарының инфрақұрылымының құрылысы" бағдарламасынан кейін: 3-бағандағы "Мем. тапсырыс" деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы кіші бағдарламалармен толықтырылсын: "30 Кеден бекеттерінің және кеден органдары инфрақұрылымының құрылысы Мем. тапсырыс 31 Кинологиялық орталық Ұстау". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.