Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің алғысы туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 24 қазан N 1362.

      1. Қазақстан Республикасының азаматтарын және шетел азаматтарын

     

      моральдық көтермелеу шарасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің

      алғысы болып табылады деп белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Алғысын (бұдан әрі -

      Алғыс) жариялау үшін мыналар:

      1) Қазақстан халқының игілігі жолындағы көп жылғы және тиімді қызметі;

      2) қызметтік міндеттерді үлгілі орындауы, мүлтіксіз мемлекеттік

      қызметі және жұмыстағы басқа да жетістіктері;

      3) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тапсырған айрықша

      маңызды және күрделі тапсырмаларын орындауы;

      4) Қазақстанмен достық қатынастарды дамытудағы зор үлесі;

      5) Қазақстанның экономикалық дамуына жәрдемдесуі негіз болып табылады.

      3. Алғыстың ресми мәтіні:

      1) мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жасалады;

      2) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қол қояды;

      3) оны Премьер-Министр немесе ол уәкілеттік берген басқа да лауазымды

      адамдар тапсырады.

      4. Алғыс:

      1) азаматтың еңбек кітапшасына, мемлекеттік қызметшінің жеке ісіне

      (қызметтік тізіміне), әскери қызметшінің жеке басын куәландыратын құжатына

      енгізіледі;

      2) Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының тиісті құрылымдық бөлімшесінде тіркеледі.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі

      Мамандар:

      Багарова Ж.А.,

      Қасымбеков Б.А.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады