Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы азаматтардың өзара сапарлары туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының
Заңы
"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі
арасындағы азаматтардың өзара сапарлары туралы
келісімді бекіту туралы"
Ашхабад қаласында 2001 жылғы 1 наурызда жасалған Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы азаматтардың
өзара сапарлары туралы келісім бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiкменстан Үкiметiнің
арасындағы азаматтардың өзара сапарлары туралы
КЕЛIСIМ
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен
Түрiкменстан Үкiметi,
екi мемлекет азаматтарының өзара сапарларының тәртiбiн реттеуге
ұмтылысты басшылыққа ала отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары осы Келiсiмнiң 1 және 2-Қосымшаларда санамаланған жарамды құжаттар бойынша және осы Келiсiмде көзделген шарттармен екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына келе алады, кете алады, транзитпен өте алады және онда уақытша бола алады.
2-бап
1. Жарамды дипломаттық немесе қызметтiк паспорттардың иегерлерi болып табылатын бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары шекараны кесiп өткен сәтiнен бастап отыз тәулiк бойы визаны ресiмдемей-ақ екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына келе алады, кете алады, транзитпен өте алады және онда уақытша бола алады.
2. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетiлген Тараптар мемлекеттерiнiң азаматтары екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында отыз тәулiктен артық уақыт болуға ниет бiлдiрсе, онда виза алу үшiн өздерi азаматтары болып табылатын Тарап мемлекетiнiң дипломатиялық өкiлдiгiнiң немесе консулдық мекемесiнiң жазбаша өтiнiшi қажет.
3-бап
1. Дипломаттық немесе қызметтiк паспорттары бар және екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында орналасқан өздерiнiң дипломатиялық өкiлдiктерiнiң және консулдық мекемелерiнiң, ресми өкiлдiктерiнiң, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың қызметкерлерi болып табылатын бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары өзiнiң бүкiл жұмыс кезеңi ішiнде екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына визасыз келе алады, кете алады және онда бола алады.
Аталған адамдар өздерi болатын мемлекеттегi Сыртқы iстер министрлiгiнiң тиiстi тiркеуiн алуы тиiс.
2. Осы баптың 1-тармағының ережесi, онда аталған және дипломаттық, қызметтiк, сондай-ақ ұлттық паспорттардың иегерлерi болып табылатын адамдардың отбасы мүшелерiне де қолданылады.
4-бап
1. Қазақстан Республикасының Атырау және Маңғыстау облыстарында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының көрсетiлген облыстардағы тұрғылықты орнын растайтын Қазақстан Республикасы азаматының ұлттық паспорттары бойынша және жеке куәлiгi бар болған жағдайда Түрiкменстанның Балканск уәлаятының аумағына 5 тәулiктен артық емес мерзiмге визаны ресiмдемей-ақ келе алады, кете алады және онда уақытша бола алады.
2. Түрiкменстанның Балканск уәлаятында тұрақты тұратын Түрiкменстанның азаматтары Түрiкменстанның ұлттық паспорттары бойынша және онда Түрiкменстанның көрсетiлген уәлаятындағы тұрғылықты жерiн растайтын тiркелiм туралы мөртаңба болған жағдайда Қазақстан Республикасының Атырау және Маңғыстау облыстарының аумақтарына 5 тәулiктен артық емес мерзiмге визаны ресiмдемей-ақ келе алады, кете алады және онда уақытша бола алады.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген азаматтардың 5 тәулiк визасыз болу мерзiмi олардың баратын пунктiнде iшкi iстер органдарының белгiленген тәртiпке сәйкес тiркеу сәтiнен бастап есептеледi.
4. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған Тараптар мемлекеттерi азаматтарының Тараптар мемлекеттерiнiң көрсетiлген аумақтарында 5 тәулiктен артық мерзiмде болуына Тараптар мемлекеттерiнiң уәкiлеттi органдары өздерiнiң ұлттық заңдарына сәйкес беретiн визалардың негiзiнде рұқсат етiледi.
5-бап
Осы Келiсiмнiң 1 және 2-Қосымшаларында санамаланған құжаттар бойынша келудiң визасыз тәртiбi мына адамдарға:
а) ұлттық паспорттары бойынша және бас декларацияда (ұшу тапсырмасында) жазба болған жағдайда азаматтық авиациясының әуе кемелерi экипаждарының мүшелерiне;
б) теңiзшiлердiң паспорттары бойынша және кеме журналында жазба немесе одан көшiрме болған жағдайда теңiз және өзен кемелерi экипаждарының мүшелерiне;
в) ұлттық паспорттары мен атаулы тiзiмдер, әрбiр рейс үшiн бекiтiлетiн маршруттық парақтар бойынша поездық, рефрижераторлық және локомативтiк темiр жол бригадаларының қызметкерлерiне;
г) ұлттық паспорттары бойынша және үкiметаралық фельдъегерлiк байланыс қызметкерлерiнiң куәлiгi болған жағдайда үкiметаралық фельдъегерлiк байланыс қызметкерлерiне қолданылады.
6-бап
Екiншi Тарап мемлекетiнiң визасын алу үшiн бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары, осы Келiсiмде көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, белгiленген тәртiппен ресiмделген және өздерi баратын мемлекеттiң тиiстi заңды немесе жеке тұлғасынан алынған шақыру қағазын қабылдайтын мемлекеттiң дипломатиялық өкiлдігіне немесе консулдық мекемесiне табыс етедi.
7-бап
1. Тараптар мемлекеттерiнiң уәкiлеттi органдары қабылдайтын мемлекеттiң аумағында тұрақты тұратын жақын туыстары бар адамдарға осы мемлекеттiң заңнамасына сәйкес ресiмделiп, аталған туыстарынан келген шақыру қағазын көрсетуi бойынша бiр жылға дейiнгi мерзiмге жарамды көп дүркiндiк визаларды беретiн болады.
2. Өтiнiш берген сәттен бастап 24 сағат iшiнде Тараптар мемлекеттерiнiң уәкiлеттi органдары Тараптардың құзыреттi органдары берген және растаған құжатты көрсетуi бойынша ауыр науқастанып жатқан туысқанына бару немесе оны жерлеуге қатысу мақсатымен (он күнге дейiнгi болу мерзiмiмен) жол жүретiн адамдарға визаны тегiн беретiн болады.
8-бап
Виза бергенi үшiн консулдық алымдардың мөлшерiн Тараптар өзара кепiлдiк шарттарымен белгілейдi және дипломатиялық арналар бойынша келiседi.
9-бап
1. Виза бергенi үшiн консулдық алымдар екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағындағы оқу орындарында оқып жүрген бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтарынан алынбайды.
2. Тараптар өзара кепiлдiк негiзiнде Тараптардың қолданыстағы халықаралық шарттарына сәйкес ғылым, техника, бiлiм, мәдениет, өнер және спорт саласында алмасу тәртiбiмен жол жүретiн адамдарға қатысты виза бергенi үшiн консулдық алымдардың жеңiлдiктi тарифтерiн қолданатын болады.
3. Тараптар өзара кепiлдiк негiзiнде туризм желiсi бойынша сапарға шығатын Тараптар мемлекеттерiнiң азаматтарына визаны ресiмдеуде оңайлатылған тәртiптi қолданады.
Визаны ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбiнiң тетiгiн Тараптар дипломатиялық арналар бойынша келiсетiн болады.
10-бап
1. Тараптар мемлекеттерiнiң азаматтары Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес мемлекеттiк шекараны кесiп өтуi кезiнде қажетті рәсiмдердi сақтай отырып, халықаралық және екi жақты қатынастар үшiн белгiленген өткiзу бекеттерi арқылы бiр Тарап мемлекетiнiң аумағына келе алады, кете алады және транзитпен өте алады.
2. Тараптар дипломатиялық арналар бойынша мемлекеттік шекара арқылы өткiзу бекеттерiнiң тiзбелерiмен алмасатын болады.
11-бап
Бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары, осы Келiсiмде көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, белгiленген тәртiппен берiлетiн транзиттiк визалардың негiзiнде екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағы арқылы транзитпен өте алады.
12-бап
1. Бiр Тарап мемлекетiнің азаматтары екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында болған кезiнде сол мемлекеттiң заңын, оның iшiнде шетелдiк азаматтар үшiн белгіленген тiркеудiң, болудың және жүрiп-тұрудың ережелерiн сақтайтын болады.
2. Осы Келiсiм өз аумағына екiншi Тарап мемлекетi азаматтарының келуiнен бас тарту немесе олардың болу мерзiмiн шектеу сияқты әрбiр Тараптың құқығына ықпал етпейдi.
13-бап
Егер бұл мемлекеттiң ұлттық қауiпсiздiгiн, қоғамдық тәртiптi сақтауды немесе халықтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету үшiн қажет болса, Тараптардың әрқайсысы осы Келiсiмнiң қолданысын уақытша, толық немесе iшiнара тоқтатуға құқылы.
Осындай шаралардың қабылданғандығы және олардың күші жойылғандығы туралы Тараптар алдын-ала, бiрақ шешiм қабылданған сәттен бастап 72 сағаттан кешiктiрместен, бiр-бiрiне дипломатиялық арналар бойынша хабарлайтын болады.
14-бап
Тараптар осы Келiсiм жасалған сәттен бастап отыз күн iшiнде осы Келiсiмге 1 және 2-Қосымшаларда санамаланған құжаттардың үлгілерiмен алмасатын болады.
Тараптар мемлекеттерi жаңа құжаттарды қолданысқа енгiзген жағдайда, Тараптар кем дегенде оларды қолданысқа енгiзуден 30 күн бұрын дипломатиялық арналар бойынша осы құжаттардың үлгiлерiмен алмасатын болады.
15-бап
Тараптардың келiсiмi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресiмделедi.
16-бап
Тараптар, қажеттілігiне қарай, осы Келiсiмнiң ережелерiн қолдану мәселелерi бойынша ақпарат және консультациялар алмасатын болады.
Осы Келiсiмнiң ережелерiн орындау немесе қолдану барысында туындайтын кез келген келiспеушiлiктер немесе даулы мәселелер Тараптардың консультациялары мен келiссөздерi арқылы шешiлетiн болады.
17-бап
Осы Келiсiм белгiсiз мерзiмге жасалады. Осы Келiсiм қол қойылған сәтiнен бастап уақытша қолданылады және оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшiне енедi.
Осы Келісімнің қолданысы Тараптардың бірі екінші Тараптың оның
қолданысын тоқтату ниеті туралы ресми жазбаша хабарламасын алған күннен
бастап тоқсан күн өтісімен тоқтатылады.
Ашхабад қаласында 2001 жылғы 1 наурызда әрқайсысы қазақ, түрікмен
және орыс тілдерінде екі дана болып жасалды және де барлық мәтіндердің
күші бірдей.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған
жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді ұстанатын болады.
Қазақстан Республикасының Түрікменстан
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен
Түрiкменстан Yкіметiнің арасындағы
азаматтардың өзара сапарлары
туралы келiсiмге
1-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы азаматтарының Түрiкменстанның аумағына
келуiне, кетуiне және онда жүрiп-тұруына арналған құжаттардың
ТIЗБЕСI
1. Дипломаттық паспорт;
2. Қызметтiк паспорт;
3. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (және 4-баптың
1-тармағында ескерiлген жағдайларда Қазақстан Республикасы азаматының
жеке куәлiгі);
4. Теңiзшiнiң паспорты (кеме журналында жазба немесе одан көшiрме
болған жағдайда);
5. Әуе кемесi экипажы мүшесiнiң ұшу куәлігі (экипаж құрамында ұшу
кезiнде);
6. Yкiметаралық фельдъегерлiк байланыс қызметкерiнiң жеке куәлiгi;
7. Қазақстан Республикасына қайта оралуға арналған куәлiк (Қазақстан
Республикасына қайта оралу үшiн ғана).
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен
Түрiкменстан Yкіметiнің арасындағы
азаматтардың өзара сапарлары
туралы келiсiмге
2-ҚОСЫМША
Түрiкменстан азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағына
келуiне, кетуiне және онда жүрiп-тұруына арналған құжаттардың
ТIЗБЕСI
1. Дипломаттық паспорт;
2. Қызметтiк паспорт;
3. Түрiкменстан азаматының паспорты;
4. Түрiкменстанның азаматтығы туралы жазбасы немесе белгісi бар
бұрынғы КСРО үлгiсiндегi жалпыазаматтық шетелдiк паспорт (2001 жылдың
31 желтоқсанына дейiн);
5. Теңiзшiнiң паспорты (кеме журналында жазба немесе одан көшiрме
болған жағдайда);
6. Әуе кемесi экипажы мүшесiнiң ұшу куәлiгi (экипаж құрамында ұшу
кезiнде);
7. Үкiметаралық фельдъегерлiк байланыс қызметкерiнiң жеке куәлiгi;
8. Түрiкменстанға қайта оралуға арналған куәлiк (Түркiменстанға қайта
оралу үшiн ғана).
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.