Түрік Республикасының ресми делегациясы мүшелерінің қонақ үйде тұруына, тамақтануына және оларға автокөлік қызметін көрсетуге қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 7 қараша N 1410

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгіне 2001 жылғы

 

4-8 маусымда Астана қаласында өткен Қазақстан-түрiк үкiметаралық

экономикалық комиссиясының екiншi мәжiлiсiне қатысқан Түрiк

Республикасының ресми делегациясы мүшелерiнiң қонақ үйде тұрғаны,

тамақтанғаны және оларға автокөлiк қызметiнiң көрсетiлгенi үшiн шығыстар

бойынша ақы төлеудi 2001 жылға арналған республикалық бюджетте "Өкiлдiк

шығыстар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен жүргiзуге рұқсат

берiлсiн.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі




Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады