Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасы және Тәжiкстан Республикасы азаматтарының өзара сапарларының шарттарын тәртiпке келтiру туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi тәжiк тарапымен
келiссөздер жүргiзсiн және қағидатты сипаты жоқ өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзуiне рұқсат етiле отырып, Қазақстан Республикасының
Yкiметi атынан көрсетiлген Келiсiмдi жасассын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Тәжiкстан
Республикасының Yкiметi арасындағы Қазақстан Республикасы
және Тәжiкстан Республикасы азаматтарының өзара
сапарларының шарттарын тәртiпке келтiру туралы
КЕЛIСIМ
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен
Тәжiкстан Республикасының Үкiметi,
екi мемлекет арасындағы достық тату көршiлiк қарым-қатынастарды одан
әрi дамыту мақсатында,
екi мемлекет азаматтарының өзара сапарларының шартын тәртiпке
келтiруге ұмтылыс бiлдiре отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Тараптар мемлекеттерінің азаматтары осы Келiсiмде көзделген шарттармен осы Келісiмнiң N 1 және N 2 қосымшаларында аталған жарамды құжаттар бойынша Тараптар мемлекеттерiнiң аумағына келуге, кетуге, транзитпен өтуге және уақытша болуға құқылы.
Тараптар мемлекеттерiнiң азаматтарының жүрiп-тұруы Тараптар мемлекеттерiнiң шекараларындағы өткiзу бекеттерi арқылы жүзеге асырылады.
2-бап
Тараптар шетелге шығу және үшiншi мемлекетке кiру үшiн жарамды құжаттар бойынша Тараптар мемлекеттерiнiң азаматтарын халықаралық жолаушы қатынасы үшiн ашық шекаралардағы өткiзу бекеттерi арқылы үшiншi мемлекетке жiберуге мiндеттенедi.
Тараптардың кез келген құзыреттi органдары арқылы шетке шығуы шектелген адамдардың өздерiнiң мемлекеттерi аумағынан үшiншi мемлекетке шығуларына жол бермеу шараларын қолданатын болады.
Тараптар азаматтардың өзара сапарларының тәртiбi мен режимi жөнiнде үшiншi мемлекеттермен қолданыстағы Келiсiмдер туралы бiр-бiрiн хабардар ететiн болады.
3-бап
Ұлттық паспорттардың иелерi болып табылатын Тараптар мемлекеттерiнiң азаматтары екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына 5 (бес) тәулiкке дейiн тiркеусiз (уақытша тiркелiмсiз) келедi және онда уақытша болады.
Тараптар мемлекеттерiнiң азаматтарына екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына келу кезiнде Тараптардың шекаралық қызметтерi арқылы шығу кезiнде қайтарылуға тиiстi көшi-қон бақылау карточкалары берiледi.
Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес 5 тәулiктен ұзақ мерзiмде болудың ұзартылуы Тараптар мемлекеттерiнiң iшкi iстер органдары арқылы жүзеге асырылады.
Екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына темiр жол көлiгiмен келген азаматтар iшкi iстер органдары беретiн көшi-қон бақылау карточкалары негiзiнде екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында 5 (бес) тәулiк тiркеусiз (уақытша тiркелiмсiз) бола алады.
4-бап
Тараптар мемлекеттерiнiң азаматтары екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында болған кезiнде сол Тарап мемлекетiнiң заңдары мен ережелерiн, оның iшiнде шетелдiк азаматтар үшiн белгiленген тiркелу (уақытша тiркелiм), болу және жүрiп-тұру ережелерiн сақтауы тиiс.
Осы Келiсiм Тараптар мемлекеттерiнiң екінші Тарап мемлекетi азаматтарының келуінен бас тарту, немесе болу мерзiмiн шектеу құқықтарын қозғамайды.
5-бап
Көшi-қон бақылау карточкаларын ресiмдеу және мерзiмiн ұзарту алымдарының тарифтерi көлемi жағынан Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларында белгiленген шетелдiк азаматтың тұрғылықты жерi бойынша тiркелулерiне арналған алымдармен тең келедi және оны Тараптар дипломатиялық арналармен осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын ноталар алмасу арқылы келiсетiн болады.
6-бап
Көшi-қон бақылау карточкаларын ресiмдеу, тiркеу (уақытша тiркелiм) рәсiмiнен:
а) Тараптар мемлекеттерiнiң дипломаттық және қызметтiк паспорттарының иелерi;
ә) Тараптар мемлекеттерiнiң дипломаттық және қызметтiк паспорттарының иелерi болып табылатын Тараптардың дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерiнiң, Тараптар мемлекеттерiнiң аумағында орналасқан халықаралық ұйымдар өкiлдiктерiнiң қызметкерлерi мен олардың отбасыларының мүшелерi;
б) Тараптар мемлекеттерiнiң дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерiнiң, халықаралық ұйымдар өкiлдiктерiнiң әкiмшiлiк-техникалық қызметшiлерi мен олардың отбасыларының мүшелерi;
в) Тараптар мемлекеттерiнiң ресми мемлекеттiк және үкiметтiк делегацияларының мүшелерi және олармен бiрге жүретiн адамдар;
г) жарамды ұлттық паспорттары бойынша және бас декларациядағы (ұшу тапсырмасындағы) жазба болған жағдайда азаматтық авиацияның әуе кемелерi экипаждарының мүшелерi;
ғ) жарамды ұлттық паспорттарымен әрбiр рейске бекiтiлiп отыратын маршруттық парақтар және аттары жазылған тiзiмдер бойынша жолаушылық, поездық, рефрижераторлық, локомотивтiк бригадалардың қызметшiлерi және Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтарында темiр жол көлiгiмен тасымалданатын жүктермен бiрге жүретiн адамдар;
д) алдын ала уағдаластыққа сәйкес жарамды ұлттық паспорттарымен iссапарлық куәлiктерi (ұйғарымдары) бар болған жағдайда қызметтiк куәлiктерi бойынша құқық қорғау органдарының қызметкерлерi. Тараптар мемлекеттерiнiң құқық қорғау органдарының тiзбесi дипломатиялық арналар арқылы анықталатын болады;
е) жарамды ұлттық паспорттар және Тараптардың құзыреттi органдары беретiн тиiстi құжаттар бойынша үкiметаралық фельдъегерлiк байланыс қызметкерлерi босатылады.
Осы баптың "ә" және "б" тармақтарында көрсетiлген адамдар Тараптар мемлекеттерiнiң Сыртқы iстер министрлiктерiнде тiркеледi.
7-бап
Екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағынан темiр жол көлiгi арқылы транзитпен өтетiн Тараптар мемлекеттерiнiң азаматтары осы Тарап мемлекетiнiң аумағына көшi-қон бақылау карточкаларын ресiмдеусiз ұлттық паспорт пен темiр жол билеттерi бойынша келедi, кетедi.
8-бап
Тараптар өзара сыйластық негiзiнде көшi-қон бақылау карточкаларын ресiмдеу және мерзiмiн ұзарту үшiн алымдар алудан:
а) Тараптар арасындағы шарттарға сәйкес ғылым, техника, бiлiм, мәдениет, өнер және спорт саласында алмасу тәртiбiмен жүретiндердi;
ә) Тараптар мемлекеттерiнiң аумағындағы оқу орындарында оқитындарды;
б) Ұлы Отан соғысының ардагерлерiн, оларға теңестiрiлген адамдарды, тиiстi куәлiктерiн көрсетуi бойынша 1-шi және 2-шi топтағы мүгедектердi, сондай-ақ 60-тан асқан азаматтарды;
в) 16 жасқа дейiнгi балаларды босататын болады.
9-бап
Тараптардың шешiмi бойынша төтенше жағдайларда (iндеттер, эпизоотиялар, табиғи апаттар және т.б.) адамдардың, көлiк құралдарының, тауарлардың, жүктердiң, өзге мүлiктер мен жануарлардың шекарадан өтуiн Тараптар уақытша тоқтата алады.
Бұл орайда осындай шараларды қолданушы Тарап алдын ала, бiрақ 72 сағаттан кешiктiрмей, екiншi Тарапқа осындай шаралардың қабылданғандығы және тоқтатылғандығы туралы хабарлайды.
10-бап
Әрбiр Тарап өз мемлекетiнiң ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, қоғамдық тәртiптi сақтау және халықтың денсаулығын қорғау үшiн қажет болса, осы Келiсiмнiң күшiн толық немесе iшiнара уақытша тоқтатуға құқылы.
Осындай шаралардың қабылданғандығы немесе тоқтатылғандығы туралы Тараптар алдын ала, бiрақ шешiмдi қабылдаған сәттен бастап 72 сағаттан кешiктiрмей, бiр-бiрiне дипломатиялық арналар арқылы хабарлайтын болады.
11-бап
Тараптар мемлекеттерi жаңа құжаттарды қолданысқа енгiзген жағдайда, Тараптар олардың қолданысқа енгiзiлуiне дейiн кем дегенде 1 (бiр) ай бұрын дипломатиялық арналар арқылы осы құжаттардың үлгiлерiмен алмасады.
Тараптардың Сыртқы iстер министрлiктерi шетел азаматтарының келуi, кетуi, болуының тәртiбiне қатысты қолданыстағы ұлттық заңнамалар және осы саладағы басқа да ақпаратпен алмасатын болады.
12-бап
Тараптар, қажеттiгiне қарай, осы Келiсiмнiң орындалуына байланысты мәселелердi талқылау үшiн консультациялар өткiзетiн болады.
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру немесе қолдану барысында келiспеушіліктер мен даулы мәселелер туындаған жағдайда, Тараптар оларды консультациялар мен келiссөздер арқылы шешетiн болады.
13-бап
Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделедi.
14-бап
Осы Келiсiм, осы Келiсiмнiң күшiне енуi үшiн қажеттi барлық
мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша
хабарлама алынған күннен бастап күшiне енедi.
Осы Келiсiм белгiленбеген мерзiмге жасалады және Тараптардың бiрi
оның қолданысын тоқтату ниетi туралы екiншi Тарапқа жазбаша хабарлама
жiберген күннен бастап 6 ай өткенге дейiн күшiнде қалатын болады.
____________ қаласында 2001 жылдың "___" ____________ әрқайсысы
қазақ, тәжiк және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа дана болып жасалды және де
барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келіспеушiлiктер туындаған
жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.
Қазақстан Республикасының Тәжiкстан Республикасының
Үкiметi үшiн Yкiметi үшiн
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен
Тәжiкстан Республикасының Yкiметi
арасындағы Қазақстан Республикасы және
Тәжiкстан Республикасы азаматтарының
өзара сапарларының шарттарын
тәртiпке келтiру туралы келiсiмге
N 1-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы азаматтарының
Тәжiкстан Республикасының аумағы бойынша
кiруi, шығуы және жүріп-тұруына арналған
құжаттардың тiзбесi
1. Қазақстан Республикасының дипломаттық паспорты.
2. Қазақстан Республикасының қызметтiк паспорты.
3. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты.
4. Қазақстан Республикасының әуе кемесi экипажы мүшесiнiң куәлiгi
(экипаж құрамында ұшу кезiнде).
5. Қазақстан Республикасына қайта оралуға арналған куәлiк (тек
Қазақстан Республикасына ғана қайта оралу үшін).
6. Yкiметаралық фельдъегерлiк қызмет қызметкерiнiң жеке куәлiгi.
7. Қазақстан Республикасының жеке куәлiгi.
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен
Тәжiкстан Республикасының Yкiметi
арасындағы Қазақстан Республикасы және
Тәжiкстан Республикасы азаматтарының
өзара сапарларының шарттарын
тәртiпке келтiру туралы келiсiмге
N 2-ҚОСЫМША
Тәжiкстан Республикасының азаматтарының
Қазақстан Республикасы аумағы бойынша
кiруi, шығуы және жүріп-тұруына арналған
құжаттардың тiзбесi
1. Тәжiкстан Республикасының дипломаттық паспорты.
2. Тәжiкстан Республикасының қызметтiк паспорты.
3. Тәжiкстан Республикасының шетелдiк жалпы азаматтық паспорты.
4. Тәжiкстан Республикасы азаматының (ұлттық) паспорты.
5. Тәжiкстан Республикасының әуе кемесi экипажы мүшесiнiң куәлiгi
(экипаж құрамында ұшу кезiнде).
6. Тәжiкстан Республикасына қайта оралуға арналған куәлiк (тек
Тәжiкстан Республикасына ғана қайта оралу үшін).
7. Yкiметаралық фельдъегерлiк қызмет қызметкерiнiң жеке куәлiгi.
Қазақстан Республикасы мен Тәжiкстан Республикасының
азаматтарына көшi-қон бақылау карточкаларын беру және ұзарту
үшiн алынатын алымдардың тарифi
Көшi-қон бақылау карточкаларын ресiмдеу - 0,5 АҚШ доллары.*
Көшi-қон бақылау карточкаларын ұзарту:
1 айға дейiн - 5 АҚШ доллары
1 айдан 6 айға дейiн - 10 АҚШ доллары
6 айдан 12 айға дейiн - 20 АҚШ доллары
* - Көшi-қон бақылау карточкаларын беру және ұзарту үшiн төленетiн
алымдар ұлттық валютамен Тараптардың ұлттық банктерi төлеу күнi бекiткен
бағам бойынша жүргiзiледi.
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.