Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Египет Араб Республикасы Үкіметінің арасындағы Ветеринария саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 7 қараша N 1412

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшін жою тәртібі туралы" 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 2679 U952679_ заң күші бар Жарлығының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Египет Араб Республикасы Үкіметінің арасындағы Ветеринария саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Египет Араб Республикасы Үкіметінің арасындағы Ветеринария саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммедке Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Египет Араб Республикасы Үкіметінің арасындағы Ветеринария саласындағы ынтымақтастық туралы келісімінің жобасына қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат ете отырып, Келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Египет Араб Республикасы
Үкiметi арасындағы Ветеринария саласындағы ынтымақтастық туралы
Келісім

(Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)

      Бұдан әрi - "Тараптар" деп аталатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Египет Араб Республикасының Үкіметі,
      Ветеринария саласындағы ынтымақтастықты әрі қарай дамыту мақсатында,
      жұқпалы ауруларды, олардың таралуын болдырмау және осы салада бақылау орнату мақсатында,
      төмендегiлерге келiстi:

1-бап

      Мемлекеттерінің аумақтарына денсаулыққа зиянды жұқпалы мал ауруларының және мал өнімдерінің енуін болдырмау мақсатында, Тараптар патогенді инфекциялардың тасымалдаушыларды болуы ықтимал мал және мал өнімдерін, басқа да заттарды экспорттау, импорттау және транзиттік тасымалдау мәселелері бойынша ынтымақтастықты жүзеге асырады.

2-бап

      1. Тараптардың құзыреттi органдары:
      а) Қазақстан Республикасы мен Египет Араб Республикасының аумақтарында бұрын тiркелген, Халықаралық эпизоотиялық бюроның (ХЭБ) мал аурулары кодтарының "А" тiзiмiне енгiзiлген мал ауруларының анықталғандығы немесе бiрнеше жыл бойы болмаған осындай iндеттiң қаулауы туралы бiр-бiрiне сұрау салу бойынша дереу хабардар ететiн болады;
      б) ауру малдың түрлерi мен саны, аурудың анықталған жерi, аурудың диагностикасы мен бақылаудың әдiстерi туралы хабарлауы тиiс. Аусыл қаулауы жағдайында қоздырғыштың үлгiсi көрсетiлуi тиiс;
      в) Тараптар Халықаралық эпизоотиялық бюроның (ХЭБ) мал аурулары кодтарының "Б" тiзiмiне енгiзiлген жұқпалы аурулардың қаулауы туралы бiр-бiрiн сұрау салу бойынша хабардар ететiн болады.
      2. Егер осы Баптың 1-тармағының а) тармақшасында аталған аурулардың бiрi Тараптар мемлекеттерi бiрiнiң аумағында пайда болса, онда Тараптар бұл ауруды диагностикалауда бiр-бiрiне көмек көрсететiн және оқшауланған патогендiк агенттiң үлгiлерiмен қамтамасыз ететiн болады.
      3. Тараптардың құзыреттi органдары Қазақстан Республикасында да, Египет Араб Республикасында да ресми түрде хабарлануы мiндеттi болып табылатын жұқпалы аурулар туралы ай сайынғы бюллетеньдермен алмасып тұратын болады.

3-бап

      Малдың денсаулығын қорғау мақсатында Тараптар жұқпалы, паразитарлық және басқа да мал ауруларының пайда болуын болдырмау жөнiндегi ең соңғы қазiргi заманғы бiлiмiнiң практикада қолданылуына қатысты ақпараттармен алмасатын болады.

4-бап

      Ветеринария саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында ғылыми зерттеулердiң тиiмдiлiгiн арттыру үшiн Тараптар:
      - ветеринария ғылыми-зерттеу институттарының ынтымақтастығына көмектесетiн болады;
      - ветеринария саласындағы техникалық журналдармен және басылымдармен алмасуға көмектесетiн болады;
      - ветеринария саласындағы ұйымдық құрылымдарға қатысты тиiсті нормативтiк ережелер және ақпараттармен алмасатын болады;
      - техникалық кездесулер мен бiлiм беру бағдарламалары туралы бiр-бiрiн хабардар ететiн болады және оларға екi Тараптың да сарапшыларының қатысуына мүмкiндiк жасайтын болады.

5-бап

      Тараптар осы Келiсiмдi орындау мақсатында мынадай құзыреттi органдарды тағайындайды:
      Қазақстан Республикасынан - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Ветеринариялық қадағалау департаментi, Египет Араб Республикасының Ветеринария қызметiнiң бас ұйымы. Құзыреттi органдардың ресми атаулары өзгерiлген жағдайда, Тараптар бұл туралы дипломатиялық арналар арқылы бiр-бiрiн дереу хабардар етедi.

6-бап

      Мал өнiмдерi мен шикiзатының, малдың, жемшөптiң, ветеринариялық препараттардың экспорты, импорты әрi транзитi, көлiк құралдарын шекарада зарарсыздандыру, ветеринариялық сертификаттар мен куәлiктер беру жөнiндегi шығыстарды жүк иесi тараптар қол қоятын келiсiмшартқа сәйкес көтередi.

7-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде немесе қолдануда келiспеушiлiк туындаған жағдайда, Тараптар оларды келiссөздер және консультациялар жолымен шешетiн болады.

8-бап

      Осы Келiсiм қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
      Осы Келiсiм бес жыл бойы қолданылады және егер Тараптардың бiрi осы Келiсiмнiң тиiстi кезеңiнiң аяқталуынан кемiнде алты ай бұрын екiншi Тарапқа жазбаша түрде оны тоқтату ниетi туралы жазбаша хабарлама жiбермесе, келесi бесжылдық кезеңдерге өздiгiнен ұзартылатын болады.

9-бап

      Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн және олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын жеке хаттамалар арқылы ресiмделедi әрi осы Келiсiмнiң 8-бабында белгiленген тәртiппен күшiне енедi.

      Осы Келiсiм Тараптар қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.

      ____________ қаласында, 2001 жылғы "___" ___________________ әрқайсысы қазақ, араб, орыс және ағылшын тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды және барлық мәтiнiнiң күшi бiрдей.
      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде немесе қолдануда келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiндi ұстанатын болады.

      Қазақстан Республикасының         Египет Араб Республикасының
            Үкiметi үшiн                        Үкiметi үшiн

      Мамандар:
      Багарова Ж.А.,
      Қасымбеков Б.А.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады