Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. 2001 жылғы 16 шілдеде Афины қаласында (Грек Республикасы) жасалған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Грек Республикасының Үкiметi арасындағы экономикалық және технологиялық ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Грек Республикасының Үкiметi арасындағы экономикалық және технологиялық ынтымақтастық туралы КЕЛIСIМ Бұдан әрi Тараптар деп аталатын, Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Греция Республикасының Үкiметi,
теңдiк, өзара тиiмдiлiк және өзара алысу негiзiнде өзара мүдделер аясында Тарап мемлекет арасындағы экономикалық және технологиялық ынтымақтастықты дамытуға ықпал етуге ниеттене отырып,
әртүрлi деңгейлерде және атап айтқанда, шаруашылық субъектiлерi деңгейiнде Тарап мемлекеттер арасында ынтымақтастықты табысты дамыту және байланыстарды нығайту үшiн ұзақ мерзiмдi шаралардың маңыздылығын тани отырып,
төмендегiлер туралы келiсті:
1-бап
1. Тараптар өз мемлекеттерiнiң заңнамалары шеңберiнде және сондай-ақ, 1995 жылғы 23 қаңтардағы, Қазақстан Республикасы мен Европа Қоғамдастығы арасындағы Келiсiм және атап айтқанда, Европа Қоғамдастығы мен оның мүше мемлекеттерi және Қазақстан Республикасы арасындағы Әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы келiсiм сияқты, өздерiнiң халықаралық мiндеттемелерiн назарға ала отырып, жалпы мүдде және тиiмдiлігі бар барлық салада экономикалық және технологиялық ынтымақтастықты дамыту және нығайту үшiн барлық күш-жiгердi жұмсайтын болады.
Осы Келiсiм ережелерiн қолдануда Қазақстан Республикасы Евразия
экономика қоғамдастығына мүшелiктен, ал Греция Республикасы Европа Одағына мүшелiктен туындайтын мiндеттемелермен санасатын болады. 2. Тараптардың ынтымақтастығы: - Тарап мемлекеттер арасында экономикалық байланыстарды нығайтуға және түрлендiруге; - жаңа рыноктар ашуға; - инвестициялауға, бiрлескен кәсiпорындар және ынтымақтастықтың басқа да нысандарын құруға ықпал жасау мақсатымен, шағын және орта кәсiпорындарды қоса алғанда, шаруашылық субъектiлерi арасындағы ынтымақтастықты ынталандыруға бағытталатын болады. 2-бап 1. Осы Келiсiмнiң 1-бабында көзделген ынтымақтастық, мына секторларда жүзеге асырылатын болады: - өнеркәсіп; - кеме жасау құрылысы және кеме жөндеу; - агроөнеркәсiпті қоса алғанда, ауыл шаруашылығы; - құрылыс және тұрғын үй құрылысы; - көлік, теңіз көлігін қоса алғанда; - банк жүйесi, сақтандыру және басқа да қаржылық қызметтер; - туризм; - басшы кадрларды кәсiби оқыту және даярлау; - өзара мүдде бар басқа салалар. 2. Тараптар экономикалық және технологиялық ынтымақтастықтың басымды, сондай-ақ жаңа секторларын айқындау мақсатымен өзара консультациялар өткiзетiн болады. 3-бап
1. Осы Келiсiмде көзделген экономикалық ынтымақтастық, басты түрде, Тарап мемлекеттердiң қолданыстағы заңнамаларына сәйкес, қазақстан және грек кәсiпорындары, ұйымдары және фирмалары арасында жасалған шарттар мен келiсiм-шарттар негізiнде жүзеге асырылатын болады.
2. Тараптар:
- қолайлы инвестициялық ахуал жасау;
- саудалық және экономикалық ақпарат алысуға ықпал жасау;
- Тарап мемлекеттердiң шаруашылық субъектiлерi арасында iскерлiк қатынастарды жолға қоюға ықпал жасау;
- жәрмеңкелер, көрмелер, симпозиумдар, дөңгелек үстелдер және басқаларын ұйымдастыру;
- сауданы ынталандыру жөнiндегі қызметті қолдау арқылы экономикалық ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар жасау жолымен осы қызметтi жүзеге асыру үшiн барлық қажеттi шаралар қолданатын болады.
4-бап
1. Тараптар өздерiнiң ұлттық басымдықтарын назарға ала отырып және өз мемлекеттерiнiң заңнамаларына сәйкес, өз мемлекеттерi, сондай-ақ тиiстi ұйымдар, институттар немесе фирмалар арасында технологиялық және ғылыми ынтымақтастықты дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасайтын болады.
2. Мұндай ынтымақтастық, өзгелерi iшiнде, мынадай нысандарға ие болуы мүмкiн:
- бiрлескен ғылыми-зерттеу бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру;
- арнайы делегаттар шақыруды және оқыту курстарын ұйымдастыру;
- өзара мүдде салаларында оқу бағдарламаларын ұйымдастыру;
- техникалық және ғылыми сараптамаларды қамтамасыз ету;
- симпозиумдар және кеңестер өткiзу;
- сарапшылар және ғылыми-технологиялық ақпарат алысу.
3. Осы Келiсiм шеңберiндегі ынтымақтастық қызметi қорытындылары бойынша алынған ғылыми және технологиялық нәтижелер және басқа ақпарат екi ынтымақтасушы әріптестің келiсiмімен және интеллектуалдық меншiкке қатысты халықаралық ережелерге сәйкес хабарланатын, жарияланатын немесе коммерциялық тұрғыда жасалатын болады.
5-бап
1. Тараптар осы Келiсiмнiң орындалуын қамтамасыз ету мақсатымен Бiрлескен Комиссия құруға келiстi.
2. Бiрлескен комиссия Тараптардың өкiлдерiнен тұратын болады және кезегiмен Қазақстан Республикасы мен Греция Республикасында Тараптардың кез-келгенiнiң бастамашылығымен шақырылатын болады.
3. Бiрлескен Комиссия осы Келiсiмнiң орындалу барысын қадағалайтын және қажет болған жағдайда, оны орындау жөнiнде ұсынымдар тұжырымдайтын болады.
6-бап
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсіндiру және қолдану кезiнде дау және келiспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар оларды өзара келiссөздер мен консультациялар жолымен шешетiн болады.
7-бап
1. Осы Келiсiм Тараптар оның күшіне енуi үшін iшкi мемлекеттiк рәсiмдердiң орындалғаны туралы жазбаша хабар алысқаннан отызыншы (30) күнде күшiне енедi. Ол бес (5) жыл мерзiмге күшінде болады.
2. Осы Келiсiм бес жыл мерзiмге жасалады, егер Тараптардың бiр де бiрi тиiсті кезең өткенге дейiн кемi алты (6) ай iшiнде оның күшін тоқтату ниетi туралы басқа Тарапқа жазбаша хабар жiбермесе, онда, Келiсiмнiң күшi әрдайым дереу 1 жылға ұзартылатын болады.
3. Осы Келiсiм негізінде екi Тараптың шаруашылық субъектiлерi арасында жасалған шарттар мен келісiм-шарттар бойынша мiндеттемелер осындай шарттар мен келiсiм-шарттарда көзделген жобалар толық аяқталғанға дейiн бес (5) жыл күшiн сақтайды.
4. Тараптардың өзара келiсуi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен
толықтырулар енгізiлуi мүмкiн, олар осы баптың 1 пункты бойынша күшiне енедi. 2001 жылғы 16 шілдеде Афины қаласында екi данамен, әрқайсысы қазақ, грек, орыс және ағылшын тілдерiнде жасалған және барлық мәтіндердің күшi бiрдей. Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туған жағдайда, Тараптар ағылшын тiлiндегі мәтiндi басшылыққа алатын болады. Қазақстан Республикасының Греция Республикасының Үкiметi үшiн Үкiметi үшін Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.