Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. 1993 жылғы 14 ақпанда Каир қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Египет Араб Республикасының Yкiметi арасындағы ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Египет Араб Республикасының Yкiметi арасындағы ақпарат ынтымақтастығы туралы ХАТТАМА Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Египет Араб Республикасының Үкiметi, екi ел арасындағы ақпарат ынтымақтастығының нығаюы екi халықтың мүдделерiне сай келедi деп есептей отырып,
телерадио хабарларын тарату екi халық арасындағы өзара түсiнiстiктi нығайтуда зор роль атқаратындығына үлкен маңыз бере отырып,
мына төмендегiлер жайында келiстi:
1-бап
Тараптар екi Тараптың әрқайсысының өмiрiнiң, мәдениетi мен дiнiнiң әр түрлi жақтарын бейнелейтiн, сондай-ақ екi Тараптың әрқайсысының көрiктi жерлерiн баяндайтын телевизия және радио бағдарламаларын алмасады;
Тараптардың материалдары мен бағдарламалары өзаралық негiзiнде тегiн берiледi;
табыс етушi Тарап авторлық хұқықтар үшiн өзiне жауапкершiлiк алады және олардың жеткiзiлуiне жұмсалатын шығынды өтейдi;
бағдарламалар мен материалдар үшiншi Тарапқа берiлмейдi және коммерциялық мақсатта пайдаланылмайды, сондай-ақ осы бағдарламаларды бағыттаушы Тараптың күнi бұрын берген жазбаша рұқсатынсыз бағдарламаларды қандай да бiр қысқартуға, түзетуге, өзгертуге жол берiлмейдi.
2-бап
Тараптар радио мен теледидар саласында екi ел арасындағы
ынтымақтастықты дамыту мақсатына байланысты осы саладағы басшылар мен мамандардың сапарларын алмасуға жәрдемдеседi. Жолдаушы Тарап барыс-келiстiң шығынын өтейдi, ал қабылдаушы Тарап өз елiндегi жалғасу және жүрiп-тұру шығындарын өз мойнына алады. 3-бап Тараптар әрбiр жеке жағдайда күнi бұрын хабардар ету арқылы екi Тараптың заңдарына сәйкес радио мен теледидар тiлшiлерiне жеңiлдiктер беру үшiн қажеттi жәрдем көрсетуде ынтымақтасады. 4-бап
Тараптар барлық ақпарат салаларында зерттеулердiң ғылыми-техникалық жетiстiктерiмен алмасады. Тараптар екi мемлекеттiң қазiргi ережелерi мен тәртiбiне сәйкес кадрларды даярлау саласында және оқытудың басқа салаларында ынтымақтастық жасайды.
5-бап
Тараптардың қалауы бойынша, арнаулы шартқа сәйкес ғарыштағы және жер бетiндегi техникалық құралдардың көмегiмен бiр Тараптың телебағдарламаларын екiншi Тараптың территориясында қабылдауды қамтамасыз ету қарастырылады.
Қажет болған жағдайда Тараптар жер бетiндегi арнаулы қабылдағыш станцияны орнату және құрастыру үшiн техникалық мамандармен алмасады.
6-бап
Тараптар екi мемлекеттiң де территориясында ақпарат бюроларын ашуға, екi елдiң бұқаралық ақпарат құралдары арасында ынтымақтастықты үйлестiру үшiн жәрдемдеседi.
7-бап
Тараптар екi Тараптың әрқайсысының өмiрдiң әр түрлi салаларындағы жетiстiктерiн бейнелейтiн баспа бұйымдары, көркемдiк көрмелер құжатты фильмдердi көрсету арқылы екi ел халықтарының өзара ынтымақтастығын кеңейту мақсатымен ақпарат апталарын өткiзуге жәрдемдеседi.
Тараптар тиiстi ұйымдар арасында күнi бұрын жасалған өзара
уағдаластық бойынша екi елдiң әрқайсысында белгiлi мерзiмдерде Қазақстан және Египет фильмдерiнiң апталықтарын өткiзетiн болады. 8-бап Осы Хаттаманың ережелерi Тараптардың өзара келiсiмi бойынша толықтырылуы немесе өзгертiлуi мүмкiн. Осы Хаттаманы түсiндiруге және қолдануға қатысы бар даулар келiссөз арқылы шешiлуге тиiс. 9-бап Осы Хаттама Тараптардың заңдарында қарастырылған белгiлi процедураларды орындаған соң күшiне енедi. 10-бап Осы Хаттама 5 жыл мерзiмге жасалады. Егер Тараптардың бiрде-бiреуi оның қолданыста болуы мерзiмiнiң бiтуiнен кемiнде алты ай бұрын оны бұзғысы келетiнi туралы жазбаша ескерту арқылы мәлiмдемесе, ол қолма-қол жаңа мерзiмге ұзартылады. 1993 жылы 14 ақпанда Каир қаласында әрқайсысы қазақ және араб, ағылшын тiлдерiнде үш дана болып жасалды және барлық текстiң күшi бiрдей. Осы Хаттаманы түсінуге байланысты алшақтық болған жағдайда ағылшын тіліндегі текст қолданылады. Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасының Үкіметі үшін Үкіметі үшін Сыртқы істер министрі Ақпарат министрі Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.