Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламасының "Ұлы Жiбек жолы аймағын дамыту" және Еуропалық Одақ техникалық көмегiнің "Еуропа - Кавказ - Азия көлiк дәлiзi" жобаларын iске асырудың жекелеген мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 10 қараша N 1437

      Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламасының "Ұлы Жiбек жолы аймағын дамыту" және Еуропа Одағы техникалық көмегiнiң "Еуропа - Кавказ - Азия көлiк дәлiзi" жобалары бойынша жұмысты үйлестiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар вице-министрi Вадим Павлович Зверьков Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламасының "Ұлы Жiбек жолы аймағын дамыту" жобасы бойынша Ұлттық үйлестiрушi болып тағайындалсын.
      2. Шекаралардан өту рәсiмдерiн оңайлату және халықаралық тасымалдарды дамыту мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия "Ұлы Жiбек жолы аймағын дамыту" және "Еуропа - Кавказ - Азия көлiк дәлiзi" жобаларын iске асыру жөнiндегі Қазақстан Республикасы мiндеттемелерiнің орындалуын

 

қамтамасыз етсiн.

     3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Бiрiккен Ұлттар

Ұйымы Даму Бағдарламасының және Еуропалық Одақ комиссиясының Қазақстан

Республикасындағы өкiлдiктерiн қабылданған шешiм туралы хабардар етсiн.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады