Халықаралық Төреліктiң Лондон Сотында "Металз Руссия" компаниясымен сот анықтауы бойынша консультант тарту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 10 қараша N 1438

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi Z970163_ Заңының 24-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Халықаралық Төрелiктiң Лондон Сотында қаралатын "Металз Руссия" компаниясының талап-арызы бойынша сот анықтауында Қазақстан Республикасының мүддесiн қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) бiр көзден қызмет көрсетудi сатып алу әдiсiмен консультант тартсын;
      2) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң атынан тартылатын консультантпен консультациялық қызмет кешенiн көрсету шартын (бұдан әрi - Шарт) жасассын;
      3) тартылатын консультантқа Халықаралық Төрелiктiң Лондон Сотында Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң мүддесiн бiлдiруге сенiмхат берсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне Шартқа сәйкес аванс

 

төлеудi жүзеге асыру үшiн 2001 жылға арналған республикалық бюджетте

табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де

күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен

85 000 (сексен бес мың) АҚШ долларына баламалы сомада ақша бөлiнсiн.

     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрiнің орынбасары О.Ә. Жандосовқа жүктелсiн.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі




Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады