Дәрiлiк заттарды мемлекеттiк тiркеу үшiн алымдар ставкаларын бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 14 қараша N 1448. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы K010209_ кодексiне (Салық кодексiне) сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған Дәрiлiк заттарды мемлекеттiк тiркеу үшiн алымдар ставкалары бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық кесiмдердi бiр ай мерзiмде осы қаулымен сәйкес келтiрсiн.
      3. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 14 қарашадағы N 1448 қаулысымен бекiтiлген Дәрiлiк заттарды мемлекеттiк тiркеу үшiн алымдар ставкалары Дәрiлiк заттарды мемлекеттiк тiркеу үшiн алым ставкалары:
      дәрiлiк заттарды мемлекеттiк тiркеу кезiнде алым, төленетiн күнгi қолданыстағы он бiр еселенген айлық есептiк көрсеткiштен тұрады;
      дәрiлiк заттарды мемлекеттiк қайта тiркеу кезiнде алым, төленетiн күнгi қолданыстағы бес еселенген айлық есептiк көрсеткiштен тұрады;
      дәрiлiк заттардың мемлекеттiк тiркелгенiн растайтын құжаттың телнұсқасын беру кезiнде алым, төленетiн күнгi қолданыстағы 0,7-ге еселенген айлық есептiк көрсеткiштен тұрады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады