"Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамы акционерлерінің Сату туралы келісімін бұзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 қарашадағы N 1481 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамы акционерлерінің Сату туралы келісімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 2 қыркүйектегі N 826 P980826 қаулысымен бекітілген 1998 жылғы 28 тамызда Қазақстан Республикасы мен "Central Asian Industrial Investment N.V." компаниясының арасында жасалған "Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамы акционерлерінің Сату туралы келісімін (бұдан әрі - Келісім) бұзу туралы "Central Asian Industrial Investment N.V." компаниясының ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) Келісімді бұзсын;
      2) Келісімді бұзғаннан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары О.Ә.Жандосовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады