Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң жекелеген республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 26 қараша N 1513

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Алматы селекциялық орман орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны оған Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Лавар" республикалық мемлекеттiк қазыналық оқу-өндiрiстiк селекциялық кәсiпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзілсiн:

      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
      2) "Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектiлерге қатысты мемлекеттiк меншiк түрлерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 9 қарашадағы N 1141 P981141_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 41, 371-құжат):
      көрсетiлген қаулыға 3-қосымшада:
      реттiк нөмiрi 327-жол мынадай редакцияда жазылсын:

     "327  "Алматы селекциялық
           орман орталығы"
           қазыналық кәсiпорны            Жiбек жолы көшесi, 60-үй".
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады