Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 30 желтоқсандағы N 1963 қаулысына өзгерiстер енгізу және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 4 желтоқсандағы N 1795 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 27 қараша N 1527

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасының 2000-2002 жылдарға арналған мемлекеттік инвестицияларының бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 30 желтоқсандағы N 1963 P001963_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 56, 631-құжат) мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2000-2002

 

жылдарға арналған мемлекеттік инвестицияларының бағдарламасына 3-қосымшада:

     "Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызмет көрсету" салалық секторы мен

реттiк нөмiрi 1-жол алынып тасталсын;

     "Барлығы" деген жолда:

     6-бағандағы "1341,60" деген сан "1338,60" деген санмен ауыстырылсын;

     "Заемды игеру" деген жолдағы 10-бағандағы "364,82" деген сан "361,82"

деген санмен ауыстырылсын;

     "Кепiл мөлшерi" деген жолдағы 9-бағандағы "168,00" деген сан

"165,00"деген санмен ауыстырылсын.

     2. "Анкара қаласында (Түркия Республикасы) Қазақстан Республикасының

дипломатиялық өкiлдiк ғимараты кешенiн салу туралы" Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2000 жылғы 4 желтоқсандағы N 1795 


P001795_


  қаулысының күші

жойылды деп танылсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі         


     Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Жұманазарова А.Б.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады