Мазут экспорты туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 27 қараша N 1528

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы 2001 жылы Нарын-Сырдария су қоймалары құламасының су-энергетикалық ресурстарын пайдалану туралы келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасы алдындағы мiндеттемелерiн орындауы мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Шымкентмұнайоргсинтез" ашық акционерлiк қоғамына Қазақстан Республикасының аумағынан 2001 жылғы желтоқсаннан бастап 2002 жылғы ақпан бойынша 10167 (он мың бiр жүз алпыс жетi) тонна көлемiндегi мазутты (ТМД СЭҚ ТН коды 2710 00 710 - 2710 00 780) Қырғыз Республикасына шығаруға рұқсат берiлсiн.
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.01.25. N 108
               қаулысымен. P020108_
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден

 

комитетi осы қаулының 1-тармағының орындалуы және әкетiлетiн мазутты

есепке алу жөнiндегi қажеттi шараларды қамтамасыз етсiн.

     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Энергетика және

минералдық ресурстар министрi В.С.Школьникке жүктелсiн.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Жұманазарова А.Б.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады