Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей
Федерациясының Үкіметі арасындағы мұнай транзиті туралы келісімнің жобасы
мақұлдансын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен
Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы
мұнай транзитi туралы
КЕЛIСIМ
Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi
мен Ресей Федерациясының Yкiметi
халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған қағидаттары мен нормаларын,
1992 жылғы 25 мамырдағы Ресей Федерациясы мен Қазақстан
Республикасының арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы
шартты,
1994 жылғы 17 желтоқсандағы Энергетикалық хартияға жасалған Шартты,
Мемлекеттер басшылары 1995 жылғы 20 қаңтарда қол қойған Ресей -
Қазақстан ынтымақтастығын кеңейту және тереңдету туралы Декларацияны,
Мәскеу қаласы,
1993 жылғы 24 қыркүйектегi Экономикалық одақ құру туралы шартты,
Мәскеу қаласы,
1996 жылғы 12 сәуiрдегi Магистралды құбыр өткiзгiшпен мұнай және мұнай өнiмдерi транзитi саласында келiсiлген саясат жүргiзу туралы келiсiмдi, Мәскеу қаласы,
1993 жылғы 25 желтоқсандағы Ресей Федерациясының Yкiметi мен Қазақстан Республикасының Yкiметi арасындағы ынтымақтастық және отын-энергетика кешендерiн дамыту туралы келiсiмдi, Алматы қаласы,
1997 жылғы 25 ақпандағы Ресей Федерациясының Yкiметi мен Қазақстан Республикасының Yкiметi арасындағы мұнай-газ салаларындағы техникалық және экономикалық ынтымақтастық пен ықпалдасу туралы Келiсiмдi, Мәскеу қаласы,
1999 жылғы 4 маусымдағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң аумағы арқылы транзит тәртiбi туралы келiсiмдi, Минск қаласы,
1998 жылғы 8 мамырдағы Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң аумағы арқылы транзиттiң бiрыңғай шарттары туралы келiсiмдi басшылыққа ала отырып,
Тараптардың мұнай-газ кешендерi өзара ықпалдасқанын және Тараптар экономикасының көптеген салалары үшiн даму базасы болып табылатынын тани отырып,
инвестицияны және транзиттi қорғау жөнiндегi халықаралық құқық нормаларының бiркелкi, кемсiтушiлiксiз қолданылуын талап ететiн мұнай транзитi бойынша жобалардың ұлтаралық сипатын тани отырып,
Тараптардың мұнай транзитi саласындағы бұдан былайғы өзара тиiмдi ынтымақтастықты дамыту мен тереңдетуге мүдделi екенiн ескере отырып, төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Тараптар өзара пайда негiзiнде және бiр бiрiнiң экономикалық мүдделерiн ескере отырып, мұнай транзитi саласында ынтымақтастық жасайды.
Осы Келiсім Тараптардың магистралды мұнай құбырларымен мұнай транзитiнiң тәртiбiн, шарттарын және жалпы көлемiн анықтайды.
Мұнай транзитi - бiр Тараптың екiншi Тарап аумағы арқылы мұнайды үшiншi бiр тарап мемлекет аумағындағы тұтынушылар үшiн тасуы.
2-бап
Тараптар мемлекеттерiнiң аумағымен мұнай тасымалы мен транзитiнiң тиiстi жүйесi арқылы Тараптар мұнайдың қауiпсiз, тиiмдi, толассыз, бөгетсiз және тұрақты транзитiн қамтамасыз етедi.
Тараптар транзит шарттарының нашарлауына немесе оның тоқтап қалуына әкелiп соғатын шешiмдердi бiржақты түрде қабылдамауға мiндеттенедi.
Осы Келiсiм бойынша мұнай транзитiне байланысты дау туындаған жағдайда Тараптар ондай дау белгiленген тәртiппен шешiлгенге дейiн мұнай транзитiн тоқтатпауға және қысқартпауға мiндеттенедi.
3-бап
Тараптар мұнай транзитiнiң жаңа жүйелерiн жасау және бар жүйелерiн ұлғайту жобаларын әзiрлеу мен жүзеге асыру ісiнде өзара, сонымен бiрге үшiншi бiр тараптармен ынтымақтастық жасайтын болады.
Тараптардың жұмыс істеп тұрған, тасымал және транзит жүйелерiне шығу мүмкiндiгін тоқтату немесе шектеу қауіпін туғызатын транзит жүйелерiнiң өткiзу қабiлетi жеткiліксіз болған жағдайда Тараптар тасымал және транзит жүйелерiнiң өткізу қабiлетiн тиiсiнше ұлғайту жолымен осы Келiсiмнiң
шарттары мен ережелерiн толық қанағаттандыру үшiн қажеттi іс-қимылдар
жасайды.
Мұнай тасымалы мен транзитiнiң жаңа жүйелерiн жасау немесе бар
жүйелерiн ұлғайту жобаларын жүзеге асырған жағдайда мұнай транзитi
көлемiнiң өзгеруi осы Келiсiмнiң ажыратылмас бөлiгi болып табылатын жеке
Хаттамаларда көрсетiледi.
4-бап
Мұнай транзитiнiң, оның ішiнде экспортқа мұнай тасымалдаудың:
ресейлiк Балтық мұнай құбыры жүйесiне (БМЖ) шығатын;
Бургас - Александруполис мұнай құбыры бойынша;
"Дружба" және "Адрия" мұнай құбыры бойынша;
басқа да ықтимал транзит бағыттары бойынша жаңа жүйелерi пайдалануға
тапсырылған жағдайда,
Тараптар Қазақстан мұнай транзитiнiң мүмкiндiгi мен көлемiн осы Келiсiмнiң ажыратылмас бөлiгi болып табылатын Хаттамаларда әрбiр жаңа жүйе бойынша жеке-жеке көрсететiн болады.
5-бап
Тараптар мұнай тасымалы мен транзитiнiң кез келген жүйесi арқылы тасымалданатын бүкiл мұнайға меншік құқығы тиiстi жүк жөнелтушiлерде сақталатынын мойындайды және оған келiседi. Мұндай мұнай аумағы арқылы тасымал мен транзит жүзеге асырылып отырған Тараптардың мұқтажы үшiн пайдаланыла алмайды.
6-бап
Тараптар жұмыс істеп тұрған тасымал жүйесiмен, оның ішiнде магистралды мұнай құбырлары жүйесiнiң техникалық мүмкiндiктерiн басшылыққа ала отырып, онымен Тараптар мемлекеттерiнiң аумағы арқылы мұнай транзитiнiң кепiлдi мүмкiндiгiн бередi.
7-бап
1. Ресей Тарабы өзiнiң шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi арқылы
Қазақстан мұнайының Ресей Федерациясының аумағы арқылы жұмыс істеп тұрған
ресейлiк магистральдi мұнай құбырлары жүйесiмен өтетiн транзитiн Қазақстан
Тарабы осы Келiсiм қолданылатын мерзiмге мәлiмдеген транзит көлемiн
негiзге ала отырып жүзеге асыру жөнiнде қызмет көрсетедi.
2. Ресей Тарабы Қазақстан мұнайының транзитiн "АК "Транснефть" Ашық
акционерлiк қоғамының мұнай құбырлары жүйесiмен, оның ішiнде:
2.1. Атырау - Самара мұнай құбырымен:
2002 жылы жылына 15 млн. тоннаға дейiн;
2003 жылы жылына 15 млн. тоннаға дейiн;
2004 жылы жылына 19 млн. тоннаға дейiн;
2005 жылы жылына 22 млн. тоннаға дейiн;
2006 жылы жылына 25 млн. тоннаға дейiн.
2.2. Ақтау - Махачкала - Тихорецк - Новороссийск маршрутымен:
жылына 2,5 млн. тоннаға дейiн.
2.3. Новороссийск портында одан әрi тиеу үшiн "Грушевая" стансасынан
- жылына 1 млн. тоннаға дейiн жүзеге асыратын болады.
3. Қазақстан мұнайы экспортының бағыттары ретiнде ресей жағы құбыр
өткiзгiш қуаттарын мына бағыттар бойынша бередi:
Атырау - Самара - Одесса порты
Атырау - Самара - "Дружба" - Адамова Застава
Атырау - Самара - "Дружба " - Фенешлитке
Атырау - Самара - "Дружба" - Будковце
Атырау - Самара - БМЖ
Атырау - Самара - Бутинге порты
Атырау - Самара - Новороссийск порты
Атырау - Самара - Украина МӨЗ-i.
4. Тараптар Қазақстан - Қытай және Ресей - Қытай мұнай құбырларының
құрылысын іске асыру кезiнде мұнайды өзара алмасу операцияларын жүзеге
асыру мүмкіндiгiн мұндай операцияларды жүзеге асырудың Тараптардың
шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi үшiн өзара экономикалық орындылығын
негiзге ала отырып қарайды. Тараптар өзара алмасу операцияларын жүзеге
асыру тәртiбi мен қағидаттарын
Атырау - Кеңқияқ - Атасу - Дружба (Қазақстан),
Ангарск - Дацин (Ресей)
құбырлар желiсi пайдалануға берiлгеннен кейiн осы Келiсiмнiң
ажыратылмас бөлiгi болып табылатын осы Келiсiмге жыл сайынғы Хаттамаларда
белгiлейдi.
8-бап
Қазақстан Тарабы Ресей мұнайының транзитiн "ҚазТрансОйл" Жабық
акционерлiк қоғамының мұнай құбырлары жүйесi бойынша, соның ішiнде
Ресейден экспортталатын мұнай транзитiн:
Омбы - Павлодар - Шымкент - Чарджоу мұнай құбыры желiсiмен,
Омбы - Павлодар - Атасу - Дружба маршрутымен жүзеге асыратын болады.
9-бап
1. Мұнай транзитiнiң бағыттарын және көлемiн Тараптар осы Келiсiмнiң
ажыратылмас бөлiгi болып табылатын осы Келiсiмге жыл сайынғы Хаттамаларда
көрсететiн болады.
2. Тараптар Атырау - Самара, Махачкала - Тихорецк - Новороссийск
мұнай құбырларымен экспортқа шығарылатын мұнай транзитiнiң жыл сайынғы
кестелерiн жасау кезінде iс жүзiнде пайдаланылмаған көлемдердi қалған
жылдар бойынша тепе-тең бөлу қағидатын негiзге алатын болады.
3. Тараптар:
Қазақстан Республикасынан Атырау - Самара, Кеңқияқ -
Орск, Махачкала - Тихорецк - Новороссийск мұнай
құбырларымен,
Ресей Федерациясынан Омбы - Павлодар - Шымкент -
Чарджоу мұнай құбырымен және Омбы - Павлодар
- Атасу - Дружба маршрутымен
экспортқа шығарылатын мұнай транзитiнiң тоқсан сайынғы кестелерiн жасау кезiнде келiсiлген транзит бағыттары бойынша іс жүзiнде пайдаланылмаған көлемдерді қалған тоқсандар бойынша тепе-тең бөлу қағидатын негiзге алуға мiндеттенедi.
10-бап
Тараптардың уәкiлеттi операторлары қажеттi шарттар жасасып, оларда мұнай қабылдаудың, тасымалдаудың, тапсырудың, сақтаудың егжей-тегжейлi ережелерiн, есеп айырысу шарттарын келiсiп алады, сондай-ақ мұнайдың сапалық сипаттамаларын және мұнай транзитiнiң басқа да шарттарын анықтайды.
11-бап
Магистралды тасымал жүйелерi бойынша мұнай транзитiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтерге ақы төлеу Тараптардың тиiстi мемлекеттiк органдары бекiткен тарифтер бойынша жүргізіледі.
Тараптар мұнайдың Тараптар аумақтары арқылы транзитiне Тараптардың ұлттық экспорттаушылары үшiн белгiленген мұнай тасымалына арналған тарифтерден аспайтын кемсiтпеу тарифтерiн қолдануға мiндеттенедi.
12-бап
Осы Келiсiм шеңберiнде ынтымақтастық жасау өздері қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттар мен уағдаластықтар бойынша мiндеттемелердi Тараптардың орындауына нұқсан келтiрмей жүзеге асырылады.
13-бап
Дүлей күш жағдаяттарының пайда болуы салдарынан транзит үзiлген, қысқартылған немесе тоқтаған жағдайда Тараптар өздерiнiң іс-қимылдарын келiсiп алу үшiн тиiстi консультациялар өткiзедi. Дүлей күш жағдаяттары орын алған жағдайда осы Келiсiмде белгiленген мiндеттемелерiн орындауы мүмкiн болмайтын Тарап басқа Тарапты дер кезiнде хабардар етедi.
Транзит магистралды мұнай құбырлары объектiлерiндегi стихиялық апаттар, авариялық жағдайлар және жойқын талқандаулар салдарынан үзiлген, қысқарған немесе тоқтаған жағдайда Тараптар олардың зардаптарын тез арада жою үшiн бiр-бiрiне жәрдем мен көмек көрсетедi. Бұл орайда Тараптар орын алып отырған авариялық жағдай және оны жою мерзiмдерi туралы бiрiн-бiрi дер кезiнде хабардар етедi.
Жүзеге асырылмаған мұнай транзитiнiң көлемi осы кезеңге келiсiлген жиынтық көлемдi қысқартпай-ақ келесi кезеңге қайта бөлiнетiн болады. Бұл жағдайда Тараптар осындай мұнай көлемiн Тараптардың құбыр өткiзгiш жүйелерiмен тасымалдау мен оның транзитiнiң басыңқы тәртiбiн қамтамасыз
етуге мiндеттенедi және соған кепiлдiк бередi.
14-бап
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру мен қолдануға қатысты Тараптар
арасындағы даулар өзара консультациялар мен келiссөздер жүргiзу не
Тараптардың заңнамаларында, халықаралық құқық нормаларында көзделген өзге
де рәсiмдер арқылы шешiлетiн болады.
15-бап
Өзара уағдаластық бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу Тараптардың келiсiмi бойынша жүзеге асырылып, осы Келiсiмнiң ажыратылмас бөлiгi болып табылатын жекелеген Хаттамалармен ресiмделедi.
16-бап
1. Тараптардың осы Келiсiмнiң орындалуын үйлестiру мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органдары:
Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi,
Ресей Тарапынан - Ресей Федерациясының Энергетика министрлiгi болып табылады.
2. Мұнай транзитiнiң жүзеге асырылуы үшiн жауапты уәкiлеттi операторлар болып:
Қазақстан Тарапынан - "ҚазТрансОйл" ЖАҚ,
Ресей Тарапынан - "АК "Транснефть" ААҚ тағайындалады.
Тараптар уәкiлеттi операторларға - Тараптардың шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiне мұнай транзитiн жүзеге асыруды және транзитке байланысты шарттарды (келiсiм-шарттарды) және мұнай тасымалдау ауыстырып тиеу жөнiндегi басқа да құжаттарды рәсiмдеудi, осы Келiсiмге сәйкес жүк жөнелтушiлердiң мүдделерiн бiлдiрудi тапсырады.
17-бап
Осы Келiсiм оған қол қойылған күннен бастап күшiне енедi және бес жыл мерзiмге жасалады, егер бiрде-бiр Тарап Келiсiм қолданылған уақыт iшiнде пайда болған мiндеттемелерiн алдын-ала реттей отырып оның қолданылуын тоқтату ниетi туралы осы Келiсiм мерзiмi аяқталғанға дейiн 6 айдан
кешiктiрмей, жазбаша түрде хабардар етпесе, келесi бес жыл мерзiмге
өзiнен-өзi ұзартылатын болады.
_____ жылғы "___" _________ ________ қаласында қазақ және орыс
тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды, және де барлық мәтiннiң күшi
бiрдей, Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiк пайда болған
жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қобдалиева Н.М.