"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 28 қараша N 1530

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы

Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына

енгізілсін.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



                                                                 Жоба


                      Қазақстан Республикасының Заңы


              Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы


     Осы Заң Қазақстан Республикасында атап өтiлетiн мерекелердiң құқықтық

негiздерiн айқындайды.


     1-бап. Қазақстан Республикасында атап өтiлетiн

            мерекелер


     Қазақстан Республикасында ұлттық мерекелер, мемлекеттiк мерекелер,

кәсiби және өзге де мерекелер атап өтiледi.


 
       Ұлттық мерекелер - Қазақстан мемлекеттiлiгінiң дамуына елеулi ықпал еткен ерекше тарихи мәнi бар оқиғалардың құрметiне Қазақстан Республикасында белгiленген мерекелер. Ұлттық мерекелердi мейрамдау кезiнде орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдарда ресми iс-шаралар өткiзiледi.
      Мемлекеттiк мерекелер - қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға

 

арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтары дәстүрлi атап өтетiн

мерекелер. Мемлекеттік мерекелердi мейрамдау кезiнде ресми іс-шаралар

өткiзiлуi мүмкiн.

     Кәсiби және өзге де мерекелер - ұлттық және мемлекеттiк мерекелер

мәртебесi берiлмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетiн

мерекелер.


     2-бап. Ұлттық мерекелер


     Қазақстан Республикасындағы Ұлттық мереке - 16-17 желтоқсанда атап

өтiлетiн 16 желтоқсан - Тәуелсiздiк күнi.


     3-бап. Мемлекеттiк мерекелер


     Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк мерекелер мына күндерi атап

өтiлетiн мерекелер:

     Жаңа жыл - 1-2 қаңтар;

     Халықаралық әйелдер күнi - 8 наурыз;

     Наурыз мейрамы - 22 наурыз;

     Қазақстан халқының бiрлiгi мерекесi - 1 мамыр;

     Жеңiс күнi - 9 мамыр;

     Қазақстан Республикасы Конституциясының күнi - 30 тамыз, Республика

күнi - 25 қазан.


     4-бап. Кәсiби және өзге де мерекелер


     Кәсiби және өзге де мерекелер Қазақстан Республикасындағы мереке

күндер болып табылады.

     Мереке күндер тiзбесiн Қазақстан Республикасының Президентi

белгiлейдi.


     5-бап. Мереке күндер



 
       Қазақстан Республикасындағы ұлттық және мемлекеттiк мерекелер

 

Қазақстан Республикасының еңбек заңына сәйкес мереке күндер деп танылады.

     Қазақстан Республикасындағы мереке күндер жұмыс істемейтiн күндер

болып табылады.

     Демалыс және мереке күндерi сәйкес келген ретте мерекеден кейiн

келетiн жұмыс күнi демалыс күнi болады.


     6-бап. Қорытынды ережелер


     Осы Заң жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.


     Қазақстан Республикасының

           Президенті



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Жұманазарова А.Б.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады