Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комиссияның ұсынымдарын қарап, Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және бiлiм беру саласындағы 2001 жылғы мемлекеттiк сыйлықтары мына авторларға берiлсiн:
1) 1970-2000 жылдардағы "Қазiргi электрониканың негiзгi материалы - кремнийдi радиациялық-иондық тәсiлдермен түрлендiру жұмыстары циклы үшiн:
Физика-техникалық институтының директоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигi Болат Нығметұлы Мұқашевқа;
Физика-техникалық институтының бас ғылыми қызметкерi, физика-математика ғылымдарының докторы Хабиболла Абдоллаұлы Абдуллинге;
Физика-техникалық институтының бас ғылыми қызметкерi, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Юрий Викторович Горелкинскийге;
Физика-техникалық институтының бас ғылыми қызметкерi, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Игорь Анатольевич Карапатницкийге;
Физика-техникалық институтының жетекшi ғылыми қызметкерi, физика-математика ғылымдарының кандидаты Сайран Мырзахметұлы Киккаринге;
Физика-техникалық институтының аға ғылыми қызметкерi, физика-математика ғылымдарының кандидаты Дәния Махмұтқызы Мұхаметшинаға;
Физика-техникалық институтының жетекшi ғылыми қызметкерi, физика-математика ғылымдарының кандидаты Марат Фаттыхұлы Тамендаровқа;
Физика-техникалық институтының жанындағы Аймақтық жұқа үлдiрдi зерттеу эксперименталдық орталығының атқарушы директоры, физика-математика ғылымдарының докторы Серiкбол Жарылғапұлы Тоқмолдинге;
2) 1983-2000 жылдардағы "Әлемдiк деңгейге сай өнiмдердi: ферросиликоалюминий (әлемде алғаш рет) мен таза сортты күкiрт қышқылын шығаратын техногендiк шикiзатты өңдеу жөнiндегi технологияларды әзiрлеу мен өндiрудi ұйымдастыру" жұмыстары циклы үшін:
техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесi, Жантөре Нұрланұлы Әбiшевке (қайтыс болғаннан кейiн);
Қазақстан Республикасының минералдық шикiзатты кешендi ұқсату жөнiндегi ұлттық орталығының бас директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесi Әбдiрасұл Алдашұлы Жәрменовке;
Қазақстан Республикасының минералдық шикiзатты кешендi ұқсату жөнiндегi ұлттық орталығының Химия-металлургия институты директорының орынбасары, техника ғылымдарының кандидаты Сайлаубай Байсановқа;
Қазақстан Республикасының минералдық шикiзатты кешендi ұқсату жөнiндегi ұлттық орталығы Химия-металлургия институтының бөлiм меңгерушiсi, техника ғылымдарының кандидаты Светлана Ершорақызы Дүйсембаеваға;
Қазақстан Республикасының минералдық шикiзатты кешендi ұқсату жөнiндегi ұлттық орталығының бөлiм бастығы, техника ғылымдарының кандидаты Алма Жолдасқызы Терлiкбаеваға;
Қазақстан Республикасының минералдық шикiзатты кешендi ұқсату жөнiндегi ұлттық орталығының Химия-металлургия институтының бөлiм меңгерушiсi, техника ғылымдарының кандидаты Манат Жақсыбергенұлы Толымбековке;
Қазақстан Республикасының минералдық шикiзатты кешендi ұқсату жөнiндегi ұлттық орталығы Химия-металлургия институтының директоры, техника ғылымдарының кандидаты Болат Пешатұлы Хасенге;
3) 1974-2000 жылдардағы "Қазақстан Республикасындағы тағамтану жөнiндегi ғылымның iргелi және қолданбалы аспектiлерiн әзiрлеу" жұмыстары циклы үшiн:
"Қазақстан Республикасының Тағамтану институты" ЖАҚ президентi, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ресей медицина ғылымдары академиясының және Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигi Төрегелдi Шармановқа;
Алматы Мемлекеттiк дәрiгерлер білiмiн жетiлдiру институтының кафедра меңгерушiсi, медицина ғылымдарының докторы, профессор Ахмет Алдашевқа;
"Қазақстан Республикасының Тағамтану институты" ЖАҚ бөлiм меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Люция Ысқаққызы Қаламқароваға;
М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттiк медицина академиясының кафедра меңгерушiсi, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы және Медицина ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесi Раиса Салмағанбетқызы Көзденбаеваға;
Педиатрия және бала хирургиясы ғылыми орталығы директорының орынбасары, медицина ғылымдарының докторы, профессор Әукен Қиясұлы Мәшкеевке;
"Қазақстан Республикасының Тағамтану институты" ЖАҚ вице-президентi, биология ғылымдарының докторы, профессор Юрий Александрович Синявскийге;
"Қазақстан Республикасының Тағамтану институты" ЖАҚ зертхана меңгерушiсi, медицина ғылымдарының докторы, профессор Шәмiл Сағынұлы Тәжiбаевқа;
"Қазақстан Республикасының Тағамтану институты" ЖАҚ бiрiншi вице-президентi, медицина ғылымдарының докторы, профессор Игорь Гиленович Цойға;
4) 1996-1998 жылдардағы "Қазақстан Республикасы тәуелсiздiгiнiң мемлекеттiк-құқықтық проблемалары" жұмыстары циклы үшiн:
Қазақ академиялық университетiнiң ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигi Салық Зиманұлы Зимановқа;
5) "31 томдық қазақша-орысша және орысша-қазақша ғылыми салалық терминологиялық сөздiктер сериалы" үшiн:
"Рауан" республикалық мемлекеттiк баспасының директоры, техника ғылымдарының кандидаты, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Асқарбек Қабыкенұлы Құсайыновқа;
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң Департамент директоры Әлiбек Асылбайұлы Асқаровқа;
Қазақстан Республикасының Президентi Кеңсесiнiң меңгерушiсi, саясат ғылымдарының кандидаты Махмұд Базарқұлұлы Қасымбековке;
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi кафедрасының профессоры, химия ғылымдарының докторы Немеребай Нұрахметұлы Нұрахметовке;
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетi кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы Махаббат Рымқұлұлы Түсiпбековке;
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң кафедра меңгерушiсi, техника ғылымдарының докторы, профессор Алтынбек Әмiрұлы Шәрiпбаевқа;
6) 1989-2000 жылдардағы "Өскемен титан-магний комбинаты" ААҚ-нда "Титан және ванадий өндiрiсiндегi ғылымды қажетсiнетiн технологиялық процестердi әзiрлеу және енгiзу" жұмыстары циклы үшін:
"Өскемен титан-магний комбинаты" ААҚ президентi Бағдат Мұхаметұлы Шаяхметовке;
"Өскемен титан-магний комбинаты" ААҚ техникалық директоры Борис Абрамович Бродскийге;
Металлургия және кен байыту институтының бас ғылыми қызметкерi, техника ғылымдарының докторы, профессор Владиллен Александрович Козловқа;
"Өскемен титан-магний комбинаты" ААҚ цех бастығы Владимир Гаврилович Колчевке;
"Өскемен титан-магний комбинаты" ААҚ өндiрiстiк-техникалық басқармасы бастығының орынбасары, техника ғылымдарының кандидаты Станислав Николаевич Чайковскийге;
"Өскемен титан-магний комбинаты" ААҚ техникалық директорының орынбасары, техника ғылымдарының кандидаты Александр Иванович Чепрасовқа;
"Өскемен титан-магний комбинаты" ААҚ орталық ғылыми-техникалық тәжiрибелiк өндiрiсiнiң бастығы, техника ғылымдарының кандидаты Александр Иванович Чикодановқа.
2. Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және бiлiм беру саласындағы 2001 жылғы мемлекеттiк сыйлықтарының ақшалай бөлiгiнiң мөлшерi 1700000 (бiр миллион жетi жүз мың) теңге сомасында айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi республикалық бюджетте ғылымға көзделген қаражаттан Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк сыйлығының ақшалай бөлiгiн төлесiн.
4. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Қазақстан
Республикасы Мемлекеттiк сыйлығының лауреаттарына тапсыру үшiн дипломдар
мен куәлiктердi дайындауды қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Қазақстан
Республикасы Yкiметiнiң жанындағы Қазақстан Республикасының Ғылым, техника
және бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комиссиясының
төрағасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлығы лауреатының дипломы
мен куәлiгiне қол қойсын және тапсырсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және
жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Жұманазарова А.Б.