"Авиаөнеркәсiп" жабық акционерлiк қоғамын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 29 қараша N 1542

      Республикада авиация өнеркәсiбiн ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен "Авиаөнеркәсiп" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) құрылсын.
      2. Қоғам қызметiнiң негiзгi мәнi:
      авиация техникасын өндiрудi, жөндеудi және техникалық қызмет көрсетiлуiн ұйымдастыру;
      әзiрлеушiнiң бюллетеньдерi бойынша әуе кемелерiн жетiлдiрудi және қайта жабдықталуын орындау;
      авиация өнеркәсiбi үшiн кадрлар даярлауға қатысу;
      авиация өнеркәсiбiнiң ақпараттық-кiтапханалық орталықтарын құру және дамыту болып айқындалсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамамен белгiленген тәртiппен:
      Қоғамның жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгiне 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен Қоғамның жарғылық қорын қалыптастыру үшiн 77500 (жетпiс жетi мың бес жүз) теңге бөлiнсiн. Z000131_
      5. Алматы қаласының әкiмiне Қоғамды орналастыру үшiн үй-жай бөлу мүмкiндiгiн қарастыру ұсынылсын.
      6. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 P990405_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi коммуналдық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
      "Алматы қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-57- жолмен толықтырылсын:
      "123-57. "Авиаөнеркәсiп" ЖАҚ";
      2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 P990659_ қаулысына:
      Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де

мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы 
акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк 
үлестерiнiң тiзбесiнде:
     "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi" деген 
бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 237-1-жолмен толықтырылсын:
     "237-1 "Авиаөнеркәсiп" ЖАҚ";
     7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Жұманазарова А.Б.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады