Қазақстанның Батыс аймағында құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсiбiн дамытудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 30 қараша N 1548. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.12.22. N 1285 қаулысымен.

      "Ел Президентiнiң 2000 жылғы 24 қазандағы Қазақстан халқына "Еркiн, тиiмдi және қауiпсiз қоғамға" Жолдауында қойылған мiндеттердi iске асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 8 желтоқсандағы N 1826
қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстанның Батыс аймағында құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсiбiн дамытудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
      2. Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының әкiмдерi Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгiмен бiрлесiп, Бағдарламада көзделген iс-шаралардың уақтылы iске асырылуын қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен өзге де орталық және жергiлiктi органдарының Бағдарламаны орындау жөнiндегi қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырсын.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы      
Үкіметінің            
2001 жылғы 30 қарашадағы    
N 1548 қаулысымен        
бекітілген          

Қазақстанның Батыс аймағында құрылыс материалдары,
бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсiбiн дамытудың
2002-2005 жылдарға арналған
БАҒДАРЛАМАСЫ

Астана, 2001 жыл

Бағдарламаның паспорты

Атауы                 Қазақстанның Батыс аймағында құрылыс
                      материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары
                      өнеркәсiбiн дамытудың 2002-2005 жылдарға
                      арналған бағдарламасы

Бағдарламаны          "Ел Президентiнiң 2000 жылғы 24 қазандағы
әзірлеу үшiн          Қазақстан халқына "Еркiн, тиiмдi және
негiздеме             қауiпсiз қоғамға" Жолдауында қойылған
                      мiндеттердi iске асыру жөнiндегi iс-шаралар
                      жоспары туралы" Қазақстан Республикасы
                      Yкiметiнiң 2000 жылғы 8 желтоқсандағы N 1826
                      қаулысы

Негiзгi әзiрлеушi     Қазақстан Республикасы Экономика және сауда
                      министрлiгiнiң Құрылыс iстерi жөнiндегi
                      комитетi, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан
                      және Маңғыстау облыстарының әкiмдерi

Мақсаты               Аймақтың негiзгi қажеттiлiгiн қамтамасыз ету
                      мен импортқа тәуелдiлiгiн төмендету үшiн
                      бәсекеге қабiлетті құрылыс материалдары
                      өнеркәсiбiнiң базасын құру 

Мiндеттерi            Энергия мен ресурс үнемдейтiн тың тиiмдi
                      технологияларды игеру әрi ендiру негiзiнде
                      жұмыс iстеп тұрған және тоқтап қалған
                      өндiрiстi қайта жаңғырту, қайта бейiмдеу,
                      қайта қалпына келтiру және жаңаларын салу
                      жолымен аймақта құрылыс материалдары
                      өнеркәсiбiнiң өндiрiстiк әлеуетiн дамыту 

Басымдықтары          Импорттың орнын басу, жаңа технологияларды
                      енгiзу және жұмыс орындарын құру 

Қаржыландыру          Екiншi деңгейдегi банкiлердің қаражаты,
көздерi               кәсiпорындардың өз қаражаты есебiнен
                      қаржыландыру

Күтiлетiн             Батыс аймақ құрылыс өнiмдерiнiң негiзгi талап
нәтиже                етiлетiн түрлерiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк
                      беретiн құрылыс материалдары өнеркәсiбiнiң
                      базалық кәсiпорындарын алады, елiмiзге шеттен
                      келтiрiлетiн қымбат құрылыс материалдары мен
                      бұйымдарының әкелiнуi шектеледi, құрылыс
                      саласының экспорттық әлеуетi арттырылады,
                      жаңа жұмыс орындары құрылады, аймақта
                      экономиканың одан әрi қарқынды дамуы үшiн
                      алғышарттар жасалады.

Iске асыру мерзiмi    2002-2005 жылдар

1. Кiрiспе

      Қазақстанның Батыс аймағында құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсiбiн дамытудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы "Ел Президентiнiң 2000 жылғы 24 қазандағы Қазақстан халқына "Еркiн, тиiмдi және қауiпсiз қоғамға" Жолдауында қойылған мiндеттердi iске асыру жөнiндегi Iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 8 желтоқсандағы N 1826 қаулысына сәйкес әзiрленген. Бағдарламаны әзiрлеуге республика құрылыс материалдары өнеркәсiбi орындарының жұмыс істеуі үшiн қолайлы жағдай жасау бөлiгiнде импорттың орнын басу саясатын нақты iске асыру себеп болды.
      Қазақстанның Батыс аймағында күрделi құрылыс қарышты қарқынмен жүргiзiлуде, Батыс облыстардың шаруашылық жүргiзушi субъектілерi игерген құрылыс инвестициясының көлемi 2000 жылы 131,1 млрд. теңге болды, оның iшiнде құрылыс-монтаж жұмыстарының үлесi жалпы көлемнiң 38%-ын құрайды, ол 49,8 млрд. теңге.
      Саланың қолда бар өндiрiстiк әлеуетiнiң бүгiнде жартысынан азы пайдаланылуда. Көпшілік жағдайда бұл өндiрiстiң төмен техникалық деңгейiмен және шығарылған өнiмнiң сапасымен айқындалады. Екiншi жағынан, бiрқатар құрылыс материалдары бойынша тиiстi стандарттық сапаға сәйкес келетiн өз өндiрiсiмiз бола тұра шетелдiк инвесторлар мен отандық тапсырысшылар, жобалау және құрылыс-монтаж ұйымдары импорттық өндiрiстiң ұқсас құрылыс материалдары мен бұйымдарын қолданып жүр, бұл да отандық өндiрiстiң дамуына кедергi келтiредi.
      Осының нәтижесiнде, тек 2000 жылдың өзiнде Батыс Қазақстанға 90 млн. АҚШ долларынан астам сомаға құрылыс материалдары әкелiндi, бұл шамамен 13 млрд. теңгеге тең.
      Техникамен қайта жарақтандыру және салу негiзiнен шағын кәсiпкерлік саласында әрi кiшкене өндiрiстер шегiнде кәсiпорындардың өз қаражаты есебінен жүзеге асырылды. Соңғы жылдары Қазақстанның Батыс облыстарында қыш тақталарын, пластикалық құбырларды, металл-жабынқыштарды, ағаштан және пластикадан жасалған ұсталық бұйымдарды, құрғақ қоспаларды және басқа да өнiмдердi шығару жөнiндегi өндiрiстер пайда болды. Бiрақ, аймақтың құрылыс базасында құрылған жаңа өндiрiстiң үлесi азғантай, аймақтың құрылыс материалдарына негiзгi қажеттілігiн қамтамасыз ету саласына өзгерiстер енгiзу және импортты шектеу үшiн олар өндiрген өнiмнiң номенклатурасы мен көлемi жеткiлiксiз.
      Құрылыстың әлдеқайда iрi жобаларын iске асыру мен кәсiпорындарды қайта жаңғырту өз қаражатының жетiмсiздiгiнен тежелiп тұр.
      Құрылыс материалдары өнеркәсiбiнiң даму болашағын бағалай отырып, өндiргiш күштердi орналастырудың аумақтық ерекшелiктерi туралы айтпауға болмайды. Негiзгi күрежолдардың орналасуы мен ұзындығы, тасымалдаудың жоғары көлiктiк тарифтерi әрi энергиялық ресурстар Шығыс және Орталық аймақтардан әкелiнетiн құрылыс материалдарының бағасын арттырады, сөйтiп олардың бәсекеге қабiлетiн төмендетедi. Осы проблема өндiргiш күштердi ұтымды орналастыруды қоса алғанда, теңгерiмдi және ұтымды мемлекеттiк саясатты жүргiзудi талап етедi.
      Батыс Қазақстанның ұзақ мерзiмдi дамыту болашағы, осы аймаққа күрделi құрылысқа инвестицияның тұрақты түсуi мен өсуi және республиканың Батысында құрылыс өнiмдерiнiң iрi рыногын құру аймақта құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсiбiн дамытудың басымдығын айқындайды.
      Аймақ үшiн таяу жылдардағы негiзгi мiндеттер негiзiнен iшкi рынокты қамтамасыз етуге қабілетті, импортты қысқартуға, экспорттық мүмкiндiктер жасауға және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ететiн жаңа технологиялар мен озық техниканы игеру есебiнен сапалы құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өндiрiсiн ұйымдастыру үшiн тікелей отандық, шетелдiк инвестициялар мен займдарды тарту болып табылады.
      Мұндай жағдайда осы Бағдарламаға сәйкес аймақта отандық құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өндiрiсiн дамыту үшiн шаралар қабылдау қажеттiлiгi пiсiп жетiлдi.

2. Қазақстанның Батыс аймағындағы құрылыс материалдары,
бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсiбiнiң қазiргi жай-күйiн талдау

      1. Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және
         құрастырмаларын өндіру

      Кезiнде аймақта одақтық кооперация ескерiле отырып ведомстволық мүдделер негiзге алынып орналастырылған құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын шығару жөнiндегi өндiргіш күштердiң желiсi болды.
      1992 жылы Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында құрылыс материалдары және құрылыс индустриясы өнеркәсiбiнiң негiзiн 319 өндiрiстiк кәсiпорын құрады. Олар негiзiнен құрылыс кiрпiштерiн, темiрбетон бұйымдары мен құрастырмаларды шығарды, сондай-ақ табиғи құмды, қиыршықтасты, ғанышты, әктi, борды және табиғи қаптағыш тасты және т.б. өндiру мен қайта өңдеу жөнiндегi кәсiпорындар болды.
      Бiрақ, аймақтың құрылыс материалдарын шығару жөнiндегi жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындарының негiзгi қоры жаңарып отырмады және моральдық әрi табиғи тозуға ұшырады. Жекешелендiру процесiнiң, меншiк иелерiнiң рыноктық жағдайда қаражатының және басқару дағдысының болмауы немесе жетiспеуi салдарынан, сондай-ақ құрылыс кешенінің өндiрiстiк базасын дамытуға арналған инвестицияның күрт қысқаруынан жұмыс iстеп тұрған өндiрiстiң құрылымы мен техникамен қайта жаңарту баяулап қалды. Техникалық қайта жарақтандырудың артта қалуы құрылыс материалдарының жеткiлiксiз сапасына, импорттық материалдармен төмен бәсекелестiк қабiлетiне себепшi болды, осының нәтижесiнде көптеген кәсiпорынға тоқтап қалу, банкротқа ұшырау және тарау тән болды.
      Өз өндiрiсiнiң болмауынан немесе тоқтап тұруынан қазiргi уақытта осы аймақ толық көлемде құрылыстық шыны, цемент, қаптағыш кiрпiш, еден жабыны (линолеум, ламинат, паркет), бояулар, жылуұстағыш материалдар, металл және алюминий профилдерiнен жасалған құрастырмалар, пластмассадан жасалған бұйымдар және т.б. сияқты өнiмдердi импорттан алады.
     Құрылыс материалдары импортының өсуi отандық құрылыс өнiмдерi өндiрiсiнiң құлдырауына және кәсiпорындардың өндiрiстiк қуатын пайдалануды 10-25%-ға дейiн төмендетуге алып келдi, бұл Қазақстанның Батыс аймағында құрылыс өнiмдерiнiң өндiрiсi көлемiнiң төмендеуiне ықпал еттi. 1991 жылғы өндiрiстiң көлемiмен салыстырғанда 2000 жылы аймақта бұрын жұмыс iстеген өндiрiстiң өнiмдер шығару көлемi шектiк шама бойынша және пайызда мынадай болды:

     табиғи құм                 - 220,5 мың текше метр немесе 17,6%;
     рудалық емес материалдар   - 1 951 мың текше метр немесе 44%;
     силикат кiрпiш             - 16 млн. шартты дана немесе 13%;
     темiрбетоннан жасалған
     жиналмалы құрастырмалар    - 38,3 мың текше метр немесе 7,3%;
     құрылыстық кiрпiш          - 5 млн. шартты дана немесе 2,1%;
     әк                         - 83 мың тонна немесе 87,3%;
     бояулар                    - 10 тонна немесе 0,3%.
     Осыған қарамастан құрылыс кешенiнiң материалдық базасының негiзгi бағыты бойынша 1998 жылы құрылыстың құлдырауы тоқтады, ал кейбiреулерiнде өсу байқалды, бұл саланың бiраз кәсiпорны рынок жағдайларына бейiмделе бастағанын көрсетедi. Айталық, 2001 жылдың 1-тоқсанында 2000 жылдың сәйкес кезеңiне қарағанда құрылыс өнiмдерi өндiрiсiнiң көлемi: рудалық емес материалдар - 252%, табиғи құм - 535%, қыш тақталар - 167%, құрылыстық кiрпiш - 104%, темiрбетоннан жасалған жиналмалы құрастырмалар - 594%, силикат кiрпiш 220% және сол сияқты болды. Көрсетiлген жай бұдан әрi аймақтың құрылыс материалдарына, бұйымдары мен құрастырмаларына қажеттiлiктің өскендiгiн сипаттайды.

      2. Қазақстанның Батыс аймағында құрылыс
        материалдарының, бұйымдарының және құрастырмаларының
        2000 жылғы импорты мен қажеттiлiгi

      Қазiргi уақытта отандық рынок шетелдiк өнiмдермен толып тұр, яғни республиканың аймақтары экспортшы елдер үшiн құрылыс өнiмдерiн сату рыногы болып отыр. Бұл процесс, әсiресе қаралып отырған аймақка тән. 2000 жылы Батыс облыстар бойынша құрылыс материалдары импортының құндық көлемi 90,2 млн. АҚШ долларын құрады, бұл республика бойынша импорттың жалпы көлемiнiң 49,8%-ына сәйкес.
     2000 жылы құрылыс материалдары импортының ең басым көлемi Батыс Қазақстан (41 млн. АҚШ доллары), Атырау (31 млн. АҚШ доллары) облыстарына келедi, одан кейiн Маңғыстау (11 млн. АҚШ доллары) мен Ақтөбе (7,2 млн. АҚШ доллары). Аймақтағы құрылыс материалдарының импорты жөнiндегi деректер 1-кестеде берiлген.

                                                                   1-кесте     

Рет!          
   !                          !      Импорт     !
N !                          !                 !_________________!Қажет.
   !          Атауы           !  Өлшем бірлігі  !        ! сомасы !тілік
   !                          !                 !  саны  !мың АҚШ !
   !                          !                 !        !доллары.!
   !                          !                 !        !  мен   !

1.  Табиғи және басқа да құмдар   мың текше м.    0,909      290,4    242
2.  Рудалық емес материалдар      мың текше м.    8,820      138,8   2107
    (қиыршықтас)
3.  Цемент                        мың тонна       152,7       4586    165
4.  Ғаныш, әк                     мың тонна       118,6     1516,5  124,5
5.  Бор және доломит              мың тонна       0,548       11,2    2,0
6.  Бояулар мен лактар            мың тонна       2,532       3176    2,8
7.  Жақпалар, тығыздағыштар,      мың тонна        5,36       1449    5,7
    бітегіштер
8.  Полимерден жасалған           мың тонна        2,36    11977,3    2,6
    құбырлар және фитингтер
9.  Пластмассадан жасалған        тонна             202       1070    222
    терезелер, есіктер және
    жақтаулар
10. Ағаш талшықты тақта (АТТ)     мың шаршы метр  294,1      243,3    324
11. Линолеум                      мың шаршы метр  382,2       1106    420
12. Қожмақта, минералды мақта     мың текше м.     18,5       2210     21
13. Жаяусоқпақ төсемі             мың шаршы метр   15,3        122     17
14. Жабынқыш, қыш тақталар        мың тонна        49,8       2786     55
15. Бетоннан жасалған             мың тонна        34,2       4745     38
    арматураланбаған бұйымдар
16. Шифер, асбестцемент құбыр     мың тонна       6,255      346,7    7,0
17. Құрылыстық кірпіш             млн.дана        6,831       1659    7,5
18. Силикат және қож кірпіш       млн.дана           -           -     17
19. Қаптағыш қыш тақта            мың шаршы метр  240,1       1729    357
20. Оқшауланған табақтан          тонна             901     2858,7    946
    жасалған панельдер
21. Қара металдан жасалған        мың тонна       17,164     34288     18
    металл құрастырма
22. Алюминийден жасалған          тонна               56     651,5     59
    құрастырма
23. Отқа төзімді кірпіш           мың тонна        5,668    1119,2    6,2
24. Ағаш жаңқалы тақта (АЖТ)      мың шаршы метр   250,3     224,4    263
25. Жиналмалы темірбетон          мың текше м.        -         -      43
    құрастырмалар
26. Гранит, мәрмәр және басқа     мың шаршы           -         -      15
    да тастар                     метр
27. Басқа материалдар, бұйымдар                              119000
    Жиыны:                                                   90200
___________________________________________________________________________

      Құрылыс материалдары мен бұйымдары импортының құрылымын талдау импортталатын материалдардың iшiнен құндық тұрғыдағы үлес салмағы бойынша қара металдан жасалған металл құрастырманың (34,3 млн. АҚШ доллары), полимерден жасалған құбырлар мен фитингтердің (11,9 млн. АҚШ доллары), цементтiң (4,6 млн. АҚШ доллары), бояулардың (3,2 млн. АҚШ доллары), минералды мақтаның (2,2 млн. АҚШ доллары), жабынқыш пен қыш кірпiштердiң (4,4 млн. АҚШ доллары), бетоннан жасалған арматураланбаған бұйымдардың (4,7 млн. АҚШ доллары) және басқалардың алда екендiгiн көрсетедi.

      3. Өндiрiстi дамыту проблемалары

      Құрылыс материалдары өнеркәсiбi кәсiпорындарының жағдайын талдау өндiрiстi дамыту және өнiмдердiң бәсекеге қабiлетiн арттыру проблемалары ел экономикасын дамытудың жалпы проблемаларымен тығыз байланысты және саланың өзiндiк ерекшелiктерi бар екенiн көрсетедi.
      Басты проблемаларға мыналарды жатқызуға болады:
      аймақтың құрылыс материалдарының негiзгi түрлерi бойынша айтарлықтай импортқа тәуелдi болуы;
      өндiрiстi жарақтандырудың төменгi техникалық деңгейi, технологиялық жабдықтар мен кәсiпорындардың негiзгi құралдарының едәуiр моральдық және табиғи тозуы;
      кәсiпорындарда айналым қаражатының және өндiрiстi жаңғырту және техникамен қайта жарақтандыруға арналған қордың болмауы;
      құрылыс материалдары өндiрiсiн қаржыландыруда тәуекелдiң жоғарғы дәрежеде болуынан қаржылық ресурстарға қол жетiмдiлiктiң шектеулiлiгi;
      құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсiбiнiң өндiргiш күштерiн орналастыруда аймақтық сәйкессiздiк;
      энергия ресурстарына және шикiзаттарды тасымалдауға қойылған жоғары тарифтер;
      құрылыс өнiмдерiне төмен төлем қабiлеттi сұраныс;
      импорттың орнын басатын және экспортқа бейiмделген өндiрiстi дамыту үшiн инвестицияның жеткiлiксiз ынталандырылуы;
      мемлекетiшілік өндiрiстiк кооперацияның дамымауы;
      өндiрiлген өнiмнің сапасын басқару стандарттарынан және халықаралық әдiстерiнен артта қалушылық.
      Сонымен бiрге, құрылыс материалдарының өндiрiсiн дамытуға капиталдарды тарту жоғары қаржылық мүмкiндiктердiң есебiнен мердiгерлiк жұмыстарға тендерлердi жиi жеңiп алған және өз елiнен әкелiнетiн құрылыс материалдарының импортына мүдделi шетелдiк құрылыс фирмаларының өктемдiк жүргiзуiне кедергi келтiредi.

                3. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi

      Республиканың Батыс аймағындағы құрылыс материалдарының негiзгi түрлерi бойынша қажеттiлiктi қамтамасыз етуге және импортты шектеуге мүмкiндiк беретiн құрылыс материалдары өндiрiсiнiң базалық өндiрiсiн құру мен қайта оңалту, халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру, экспорттық мүмкiндiктi көтеру және тұтастай алғанда сала мен экономиканы бұдан да қарқынды дамыту үшiн алғышарттар дайындау Бағдарламаның мақсаты болып табылады.
      Батыс Қазақстанның бай табиғи ресурстарын белсендi игеру, сондай-ақ күрделi құрылыстағы инвестициялардың өсуi аймақтың экономикалық және өнеркәсiптiк дамуына едәуiр ықпал етедi.
      Осыған байланысты өнеркәсiптiк саясаттағы ұзақ мерзiмдi стратегиялық мiндетке импорттың орнын басудың белсендi саясатын жүргiзу, еңбектi көп қажетсiнетiн және күрделi жұмсалымды қажет ететiн өндiрiстен ғылымды қажетсiнетiн өндiрiске көшу жолымен құрылыс материалдары өнеркәсiбінің өнiмдерiн әкелуден республиканың тәуелділігiн жоспарлы түрде төмендету жатады.
      Бағдарламамен жергiлiктi ресурстық әлеуеттi пайдалану негiзiнде құрылыс материалдарының бiрқатар бөлiгiнiң жеке өндiрiсiн, оның iшiнде стратегиялық маңызы барларын ұйымдастыру көзделген.
      Қойылған мақсаттарға жету үшiн мынадай мiндеттердi шешу қажет:
      құрылыс материалдары өнеркәсiбiнiң кәсіпорындарын дамыту үшiн нормативтiк құқықтық және нормативтiк-техникалық база жасау;
      жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындарға қайта жаңғыртуды және техникамен қайта жарақтандыруды жүргiзу және энергия мен ресурстар үнемдеушi озық технологияларды енгiзу негiзiнде жаңа өндiрiстер құру;
      инвестицияларды тарту жолымен жобаларды қаржыландыру;
      тiкелей инвестициялар, займдар, несиелер тартудың мүмкiндiктерiн белсендi пайдалану;
      отандық және шетелдiк инвесторларды тарта отырып өндiрiске несие берудiң аралас нысандарын дамыту;
      несиелердi, займдарды тарту жөнiнде мемлекеттiк қолдауды қамтамасыз ету, стратегиялық маңызды, бiрақ тiкелей инвесторлар үшiн күрделi жұмсалымды қажет ететiн және тартымдылығы аз жобаларды мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасына енгiзу;
      икемдi кеден саясатын пайдалану, лизингтiк әдiстердi кеңiнен енгізу жолымен құрылыс материалдары мен бұйымдары өндiрiсiне арналған жаңа технологиялар, машиналар және тетiктер, технологиялық жабдықтар енгiзудi ынталандыру;
      шағын кәсiпкерлiктi белсендi дамыту және салаға жабдықтау лизингiн енгiзу.

4. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары және
басым инвестициялық жобаларды iрiктеу

      Құрылыс саласының материалдық базасын жасау, импортқа тәуелдiлiктi төмендету және өз өндiрiсiнiң материалдарымен аймақтың мұқтажын толық қамтамасыз ету мақсатында бағдарламаны мынадай негiзгi бағыттар бойынша iске асыру жоспарланды.
      Нормативтiк құқықтық және нормативтiк-техникалық қамтамасыз ету.
      Халықаралық талаптарға сәйкес келетiн ұлттық стандарттарды әзiрлеу негiзiнде көрнеу сапасыз импорт тауарлар мен бұйымдарды шектеу үшiн құрылыс өнiмдерiн сертификаттаудың мүмкiндiгiн кеңiнен пайдалану қажет. Осы мақсатта мiндеттi сертификаттауға жататын импортталатын құрылыс материалдары мен бұйымдардың тiзбесiн кеңейту қажет. Бұл шаралар импортқа барар жолдағы бейтарифтiк кедергiлердiң бiрi болып табылады.
      Көрсетiлген шараларды жүзеге асыру үшiн және жоғары сапалы әрi бәсекеге қабiлеттi өнiмдердi өндiру мақсатында нормативтiк-техникалық құжаттарды және мемлекетаралық (ТМД аумағында қолданылып жүрген) әрi Халықаралық техникалық стандарттарға сәйкес келетiн құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын шығаруға арналған стандарттарды жетiлдiру қажет.
      Кәсiпкерлерге құрылыс материалдарының өндiрiсiн қалпына келтiру мен жаңасын ұйымдастыруда мемлекеттiк қолдау және техникалық көмек көрсету.
      Құрылыс материалдарының озық өндiрiсiн жасау мен қалпына келтiру өз кезегiнде күрделi технологиялық процестер мен циклдарды қамтамасыз ететiн, қазiргі технологиялық жабдықтар кешендерiмен жарақтандыруды, шикiзатты қайта өңдеу мен жеткiзудi және басқа да көптеген факторды қажет ететiн көбiнесе iрi күрделi жұмсалымдарға байланысты. Мемлекет тарапынан қолдау мен көмек көрсетiлмеген жағдайда кәсiпорындардың жаңа қуаттарды iске қосуы үшiн өз күшi мен қаражаты жеткiлiксiз. Осыған байланысты мынадай шараларды көздеу қажет.
      Техникалық көмек көрсету саласында:
      аймақта құрылыс материалдарының рыногына маркетингтiк зерттеудi жүзеге асыру;
      өз өнiмдерiнiң ықтимал тұтынушыларын және iшкi рынокта сұранымға ие бұйымдардың номенклатурасын анықтауда саланың кәсiпорындарына ақпараттық қызмет көрсету;
      лизингтiк негiзде берiлуi мүмкiн технологиялық жабдықтардың тiзбесiн анықтау;
      құрылыс материалдары өнеркәсiбiнің отандық өнімдерін жарнамалауға жәрдемдесу болжанып отыр.
      Кәсiпорындар мен жобаларды инвестициялық қолдау шаралары ретiнде:
      тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы қолданыстағы заңнамада көзделген жеңiлдiктер мен артықшылықтарды беру;
      мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасына стратегиялық маңызды жобаларды енгiзу;
      қаржы-өнеркәсiптiк топтардың қаражатын тарту;
      құрылыс өнiмдерiн өндiрушiлер мен тұтынушыларға, бiрiншi кезекте кепiлдi сатып алу мен есеп айырысу бойынша Батыс аймақ аумағында инвестициялық қызметтi жүзеге асыратын аса iрi шетелдiк және ұлттық компанияларға салааралық келiсiмдер жасасуға жәрдемдесу болжанып отыр.
      Мемлекеттiк қолдаудың пәрмендi құралдарының бiрi:
      "Қазақстан Даму банкi" жабық акционерлiк қоғамының несиелiк саясаты туралы 2001-2003 жылдар кезеңiне арналған меморандумы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 12 қыркүйектегi N 1187 қаулысы ;
      "Отандық тауар өндiрушiлердi қолдау шаралары шеңберiнде несиелендiрiлген инвестициялық жобаларды iрiктеу ережесі" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 қыркүйектегi N 1384 қаулысы болуға тиiс.
      Бұл кесiмдермен құрылыс саласы мен құрылыс материалдарының өндiрiсi инвестициялық жобаларды несиелеу кезiнде басым бағыттардың қатарына қосылып отыр.
      Мемлекеттiң инвестициялар бағдарламасына енгiзу есебiнен қаржыландырылатын аймақ үшiн басым және стратегиялық маңызды инвестициялық жобалар.
      Құрылыстық шыны өндiрiсi. Табиғи шикiзаттық ресурстардың көп болуына қарамастан кәдiмгi құрылыстық шыны әлi күнге дейiн импортталып отыр. Өз шыны өнеркәсiбiн құру және шыны мен басқа да өнiмдердi өндiру кезiнде шикiзаттың негiзгi құрамдас бөлiгi ретiнде кальцийленген сода шығару проблемасын шешу қажет. Республикада бұл өндiрiстің жоқ екендiгi ескерiліп, оны қаржыландыру мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына енгiзу есебiнен жүзеге асырылмақ.
      Цемент өндiрiсi. Республиканың өз өндiрiсi болуына қарамастан Қазақстанның Батыс аймағында 2000 жылы цементтiң импорты 153 мың тонна болды. Цемент импорты қазақстандық цемент өндiрушiлердiң алыс орналасуымен және тасымалдау кезiнде тиiсiнше құнының едәуiр артуымен түсiндiрiледi. Шығыс және Оңтүстiк аймақтардан Батыс облыстарға цементтi жеткiзу кезiнде көлiктiк шығыстар цементтi сату құнының 65-70%-ын құрайды. Аймаққа отандық цементтi жеткiзгенде жоғары көлiктік шығыстарды және келешекте оны тұтынудың одан әрi өсуiн ескере отырып цемент, оның iшiнде бiрегей шикiзат кен орнының негiзiнде ақ цемент өндiру жөнiндегi зауытты салу орынды. Оларды өндiру құнын өндiрудiң құрғақ тәсiлiн енгiзу арқылы төмендетуге болады.
      Тiкелей инвестициялар есебiнен қаржыландырылатын басым инвестициялық жобалар.
      Қабырғалық материалдар өндiрiсi. Озық технологиялар базасының негiзiнде қаптағыш қыш кiрпiш және қабырғалық блоктар өндiру жөнiндегi зауыттар салу қажет. Тұрғын үй және қоғамдық мақсаттағы объектiлер құрылысының өсуi әрi қала құрылысының қазiргi талаптары ескеріліп сапалы қаптағыш кiрпiшке қажеттiлiк артады. Бүгiнде Батыс аймақта материалдың осы түрінің өндiрiсi жоқ.
      Бор өндiрiсiн ұйымдастыру. Маңғыстау облысында бордың бiрегей кен орны бар. Ол өзiнiң сапасы мен қасиетi бойынша Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ жақын шетелдерде бар барлық ұқсас кен орындарынан асып түседi. Бор жоғары сапалы ақ цемент пен құрғақ қосындылар өндiрiсi үшiн негiзгi құрамы болып табылады, сондай-ақ өзге де өнiм өндiруде қолданылады.
      Бояулар мен лактар өндiрiсi. Лак-бояулық материалдар импортының мол көлемi, мұнай-химия өнеркәсiбiнiң даму болашағы тиiстi сапалық деңгейде және ассортиментте өнiмнiң көрсетiлген түрлерiнiң отандық өндiрiсiн дамыту жөнiндегi мiндеттi қояды.
      Полимер материалдар мен бұйымдар өндiрiсi. Құбырлар, линолеум мен ламинат шығаруды ұйымдастыруға, экологиялық таза еден жабындарының ассортиментiн кеңейтуге қажеттілiк бар.
      Құрғақ қосындылар өндiрiсi. Әрлеу материалдарының жаңа түрлерiнiң өндiрiсiн игеру аймақта жоғары сапалы шикiзаттың болуымен байланысты. Өнiмнiң осы түрлерiн өндiру жөнiндегi кәсiпорындар республикада негiзiнен Алматы қаласында орналасқан.
      Дәнекерлiк электрод өндiрiсi. Құрылыстық металл құрастырмалар мен құбырларды жинау мен монтаждау үшiн қазiргi уақытта шетелден импортталатын дәнекерлiк электрод өндiрiсiн игеру қажет.
     Осы Бағдарлама отандық құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өндiрiсiн дамыту, құрылыс өнiмдерінің iшкi және сыртқы рыногында олардың бәсекеге қабiлетiн арттыру, елiмiзге қымбат бағалы импортталатын құрылыс материалдары мен бұйымдарын әкелудi азайту және құрылыс саласының экспорттық әлеуетiн арттыру, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құру мен халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру үшiн жағдай жасауға бағытталған.

5. Бағдарламаны қаржыландыру көздерi

      2002-2005 жылдары Бағдарламада көзделген инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн негiзгi қаржыландыру көздерi мен қолайлы жағдайлар мыналар:
     барлық меншiк нысанындағы мүдделi ұйымдардың өз қаражаттары;
     екiншi деңгейдегi банктердiң несиелерi;
     тiкелей шетелдiк және отандық инвестициялар;
     халықаралық қаржы ұйымдарының гранттары.
     Құрылыс материалдары өнеркәсiбiне капиталды тарту әртүрлi нысанда, оның iшiнде лизинг, бiрлескен кәсiпорындар құру және басқалар түрiнде жүзеге асырылмақ.
     2002-2005 жылдары Қазақстанның Батыс аймағында құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсiбiн дамытуға 26 млрд. теңге қажет. Оның ішінен мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасына енгiзу шаралары шеңберiнде тартылатын қаражат 15,836 млрд. теңгенi, тiкелей инвестицияларды тарту есебiнен 10,123 млрд. теңгенi құрайды.

6. Күтiлетiн нәтижелер

      Қазақстанның Батыс аймағының экономикасын дамытудың және осы аймақта көмiрсутектi шикiзат өндiру үшiн инфрақұрылым жасаудың болашағы таяу жылдары осы облыстарда құрылыс индустриясының дамуына оң болжам жасауға мүмкiндiк бередi. Осы болжам саланың қолда бар материалдық базасымен, өндiрiстің минералдық-шикiзаттық ресурстарын және бiлiктi еңбек әлеуетiн ұйымдастыру мен қалпына келтiру үшiн қажеттi негiзгi қорлардың болуымен беки түседi. Жаңа технологияларды және жоғары өнiмдi жабдықтарды енгiзу материалды, энергияны және еңбектi көп қажетсiнетiн өнімдердi 25-30%-ға төмендетуге бағытталған. Құрылыс материалдарының түрлерiн кеңейту де, олардың сапасын арттыру да көзделiп отыр.
      Бағдарламаны iске асыру:
      2006 жылы өнiмнiң негiзгi түрлерi бойынша аймақтың қажеттiлiгін құрылыс материалдары өнеркәсiбiнiң өнiмдерiмен қамтамасыз етудiң көлемiн 70-80%-ға дейiн жеткiзуге;
     құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының импортына аймақтың тәуелдiлiгiн төмендетуге;
     құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының тиiмдi және экологиялық таза түрлерiн кеңейтуге;
     озық технологияны енгiзу есебiнен материалды, энергияны және еңбектi көп қажет ететiн өндiрiстi азайтуға әрi өнiмнiң өзiндiк құнын төмендетуге;
     аймақта саланың өндiрiстiк әлеуеттi одан әрi үдету үшiн база жасауға;
     шамамен 2 200 жұмыс орнын ашуға;
     салықтың нақты түсiмiн арттыруға;
     құрылыс материалдары өнеркәсiбiнiң өнiмдерiн экспортқа шығару мүмкiндiгiн арттыруға мүмкiндiк бередi.
     Бұдан басқа, құрылыс материалдары өнеркәсiбiнiң базалық кәсiпорындарын құру аймақта аралас салаларда - энергетика, отын өнеркәсiбi, сауда және көлiк салаларында тиiмділік бередi.

7. Қазақстанның Батыс аймағында құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсiбiн дамытудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары

Рет!         Іс-шара          ! Аяқталу нысаны !  Орындалуына   !Орындалу
N !                          !                !   жауаптылар   ! мерзімі

1              2                     3                 4            5
___________________________________________________________________________
      Нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық қамтамасыз ету
___________________________________________________________________________
1   Аймақта шығарылатын        Қазақстан Респу.  Экономика және  2002-2004
    құрылыс материалдарына     бликасы Экономи.  сауда министр.  жылдар
    арналған нормативтiк-      ка және сауда     лігі
    техникалық құжаттар мен    министрлігінің
    стандарттарды халықаралық  Құрылыс істері
    талаптар деңгейiнде        жөніндегі коми.
    әзiрлеу                    тетінің бұйрығы
___________________________________________________________________________
     Жаңадан құрылатын және дамушы өндірістерге мемлекеттік қолдау мен    
                            техникалық көмек көрсету
___________________________________________________________________________
2   Құрылыс тауарларының       Батыс аймақтағы   Экономика және  2003 жыл
    көрмесiн өткiзу            көрме             сауда министр.  ішінде
                                                 лігі
___________________________________________________________________________
3   Жеңiлдiктi несие беру      Үкіметке ұсыныс   Экономика және  2002 жыл
    немесе стратегиялық аса                      сауда           ішінде
    маңызды жобаларды мемле.                     министрлігі
    кеттiк инвестициялар
    бағдарламасына қосу
    жолымен инвестициялық
    қолдау жөнiнде ұсыныстар
    дайындау
___________________________________________________________________________
Аймақ үшін басым және стратегиялық маңызды инвестициялық жобаларды іріктеу
___________________________________________________________________________
4   Ақтөбе облысында табақ     Мемлекеттік       Ақтөбе облысы.  2003-2005
    әйнек өндiру жөнiнде       инвестициялар     ның әкімі,      жылдар
    зауыт салу                 бағдарламасына    Экономика және 
                               қосу              сауда министр.
                                                 лігі  
___________________________________________________________________________
5   Батыс Қазақстан облысында                    Батыс Қазақстан 2003-2005
    ақ цемент өндiру жөнiнде    -----"-----      облысының       жылдар
    (құрғақ әдiс бойынша)                        әкімі, Экономи.
    цемент зауытын салу                          ка және сауда
                                                 министрлігі
___________________________________________________________________________
6   Ақтөбе облысында әрлеу     Объекті салуға    Ақтөбе облысы.  2003-2004
    материалдарын, бояулар     тікелей инвести.  ның әкімі,      жылдар 
    мен пигменттер өндiрiсiн   цияларды тарту    Экономика және  
    дамыту                                       сауда
                                                 министрлігі
___________________________________________________________________________
7   Ақтөбе облысында электрод                    Ақтөбе облысы.  2003 жыл 
    өндiрiсiн ұйымдастыру        -----"-----     ның әкімі,
                                                 Экономика және
                                                 сауда министр.
                                                 лігі
___________________________________________________________________________
8   Атырау облысында полиэти.                    Атырау облысы.  2003 жыл
    ленді құбыр өндіру           -----"-----     ның әкімі,
    жөнінде зауыт салу                           Экономика
                                                 және сауда
                                                 министрлігі
___________________________________________________________________________
9   Атырау облысында кальций.  Объектi салуға    Атырау облысы.  2003-2004
    ленген сода өндiру         тікелей инвести.  ның әкiмi,      жылдар
                               цияларды тарту    Экономика
                                                 және сауда
                                                 министрлігі
___________________________________________________________________________
10  Атырау облысында құрғақ                      Атырау облысы.  2003 жыл
    қоспалардың (тығыздағыш,     -----"-----     ның әкімі,
    бiтеме және жақпа                            Экономика
    материалдардың) өндiрiсiн                    және сауда
    ұйымдастыру                                  министрлігі
___________________________________________________________________________
11  Батыс Қазақстан облысында                    Батыс Қазақстан 2003-2005
    озық икемдi технология       -----"-----     облысының       жылдар
    бойынша қаптағыш кiрпiш пен                  әкімі, Экономика
    блоктар өндiрiсiн                            және сауда
    ұйымдастыру                                  министрлігі
___________________________________________________________________________
12  Батыс Қазақстан облысында                    Батыс Қазақстан 2003-2005
    әк өндiрiсiн техникамен      -----"-----     облысының       жылдар
    қайта жарақтандыру                           әкiмi, Экономика
                                                 және сауда
                                                 министрлiгi
___________________________________________________________________________
13  Маңғыстау облысында                          Маңғыстау       2003 жыл 
    линолеум және ламинат        -----"-----     облысының әкiмi,
    өндiрiсiн ұйымдастыру                        Экономика және
                                                 сауда министрлiгi
___________________________________________________________________________
14   Маңғыстау облысында озық                    Маңғыстау       2003 жыл
     икемдi технология бойынша   -----"-----     облысының      
     қаптағыш кiрпiш пен                         әкімі, Экономика
     блоктар өндiрiсiн                           және сауда
     ұйымдастыру                                 министрлiгi
___________________________________________________________________________
15   Маңғыстау облысында бор                     Маңғыстау       2003 жыл 
     өндiрiсiн ұйымдастыру       -----"-----     облысының әкімі,
                                                 Экономика және
                                                 сауда министрлігі
___________________________________________________________________________
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады