Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Жекелеген жекешелендiрiлген кәсiпорындардың дебиторлық және кредиторлық берешектерiн реттеу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуге арналған комиссия таратылсын.
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мына шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын:
1) "Жекелеген жекешелендiрiлген кәсiпорындардың берешектерiн реттеу
жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу үшiн комиссия құру туралы" Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 тамыздағы N 1178 қаулысы;
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 тамыздағы N 1178
қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 26 сәуiрдегi N 558 қаулысы.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Жуманазарова А.Б.