"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне заңсыз көші-қон мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 6 желтоқсан N 1582

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне заңсыз көші-қон

мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан

Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті

Мәжілісінің қарауына енгізілсін.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі


                                                            жоба


                   Қазақстан Республикасының Заңы


         Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне

        заңсыз көші-қон мәселелері бойынша өзгерiстер мен

                     толықтырулар енгiзу туралы


     1. Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне өзгерiстер мен

толықтырулар енгізiлсiн:

     1) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қылмыстық

кодексiн (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 15-16,

211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20,

721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8,

53-құжат; N 8, 54-құжат):

     330-баптың тақырыбында және бiрiншi бөлігінде "күзетiлетін" деген сөз

алынып тасталсын;

     мынадай мазмұндағы 330-2 және 330-3-баптармен толықтырылсын:

     "330-2-бап. Заңсыз көшiп келуге жәрдемдесу


 
       Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан заңсыз өтуге тырысқан не Қазақстан Республикасының аумағына белгiленген құжаттарсыз және тиiсті рұқсатсыз келген адамдарға көлiк құралдарын, жалған құжаттар, тұрғын жай не басқа баспана ұсынудан, сондай-ақ өзге де қызметтер көрсетуден көрiнетін заңсыз көшiп келуге жәрдемдесу, -
      екі жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде не сотталған адамның екi айдан он айға дейiнгі кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екі жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      330-3-бап. Қазақстан Республикасында шетелдiк жұмыс күшiн тарту және пайдалану ережесiн бiрнеше рет бұзу
      1. Жұмыс берушiнiң Қазақстан Республикасының аумағына уәкiлетті органның тиiсті рұқсатынсыз келген немесе рұқсатты алдамшы жолмен алған шетелдiктердi және азаматтығы жоқ адамдарды (заңсыз көшiп келушiлердi) бiрнеше рет жұмысқа қабылдауы, -
      бес жүз айлық есептiк көрсеткіштен жетi жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгі мөлшерде не сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.
      2. Қазақстан Республикасында шетелдiк жұмыс күшiн тарту және пайдалану ережесiн шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның бiрнеше рет бұзуы, -
      жеті жүз айлық есептiк көрсеткіштен тоғыз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде не сотталған адамның жетi айдан бiр жылға дейінгі кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не жүз қырық сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.";
      2) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық іс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; 2001 ж., N 15-16, 239-құжат; 2001 жылғы 9 қарашада "Егемен Қазақстан" және 2001 жылғы 17 қарашада "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актілеріне сот сараптамасын жүргiзу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 қарашадағы Заңы):
      285-бапта:
      екiншi бөлiк "329" деген саннан кейiн ", 330-1, 330-2, 330-3" деген сандармен толықтырылсын;
      жетіншi бөлiкте "330-бабының (бiрiншi бөлiгiнде)" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 7-1-бөлiкпен толықтырылсын:
      "7-1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 330-бабының бiрiншi бөлiгінде көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша анықтауды iс қозғаған шекара қызметінiң органы немесе iшкi iстер органы жүргiзедi.";
      288-баптың бiрiншi бөлiгi "жетiншi" деген сөзден кейiн ", жетiншi-бiр" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінiң Жаршысы, 2001 ж., N 13-14, 175-құжат):
      28-бап мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Шет елге тұрақты тұруға не шет мемлекетте жұмысқа орналасуға Қазақстан Республикасы азаматтарының заңсыз шығуын ұйымдастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн әкелу мақсатында туристiк қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады.";
      4) Әкiмшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; 2001 жылғы 9 қарашада "Егемен Қазақстан" және 2001 жылғы 17 қарашада "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне сот сараптамасын жүргiзу мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 қарашадағы Заңы):
      56-бап мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "3. Осы Кодекстiң 394-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған шетелдiктердi және (немесе) азаматтығы жоқ адамдарды әкiмшілік жолмен кетіру, егер осы құқық бұзушылықты жасауға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 330-2-бабы бойынша сотталған адамдар ықпал еткен жағдайда, ықпал еткен адамдар қаражатының есебiнен жүзеге асырылады.";
      395-бапта:
      тақырыбында "немесе Қазақстан Республикасы азаматының" деген сөздер ", Қазақстан Республикасы азаматының, шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiк "азаматтың" деген сөзден кейiн ", шетелдiктiң және

 

азаматтығы жоқ адамның" деген сөздермен толықтырылсын;

     үшiншi бөлiкте екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

     "азаматтарға, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға - айлық

есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға -

оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - жүзден үш жүзге

дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.".

     2. Осы Заң оны жариялаған күннен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

            Президентi



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады