Еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдай жасау және 2001 жылғы
желтоқсандағы жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан
Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Демалыс күні 2001 жылғы 29 желтоқсан - сенбі күнінен 2001 жылғы 31
желтоқсан - дүйсенбі күнінен ауыстырылсын.
2. Қажетті өнім шығару, сондай-ақ құрылыс объектілерін іске қосу үшін
еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға
кәсіподақ комитеттерімен келісім бойынша 2001 жылғы 31 желтоқсанда жұмыс
жүргізу құқығы берілсін.
Көрсетілген күнгі жұмыс қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтеледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қобдалиева Н.М.