Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы N 1118 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 11 желтоқсан N 1610

      "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 22 желтоқсандағы Z000131_ Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Эйр Астана" жабық акционерлік қоғамын құру мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы N 1118 P011118_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 30, 397-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі 2001 жылға арналған республикалық бюджетте осы мақсатқа көзделген қаражат есебінен Қоғамның жарғылық капиталында мемлекеттің 8 500 000 (сегіз миллион бес жүз мың) АҚШ долларына баламалы мөлшердегі үлесін қалыптастыруды қамтамасыз етсін.".

 

     4-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші

орынбасары Д.К.Ахметовке" деген сөздер "Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсімовке" деген сөздермен ауыстырылсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады