"Эйр Астана" жабық акционерлік қоғамын құру мәселелері

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы N 1118 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 қарашадағы N 1714 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "BAE Systems Kazakhstan Ltd." компаниясының арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесін 50 пайыз мөлшерінде белгілеп, "BAE Systems Kazakhstan Ltd." компаниясымен (Ұлыбритания Корольдігі) (бұдан әрі - Компания) "Эйр Астана" жабық акционерлік қоғамын (бұдан әрі - Қоғам) құру туралы құрылтай шартын жасассын;
      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен және Компаниямен (келісім бойынша) бірлесіп, Қоғамның мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын;
      Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және оны пайдалану құқығын берсін.

      2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі 2001 жылға арналған республикалық бюджетте осы мақсатқа көзделген қаражат есебінен Қоғамның жарғылық капиталында мемлекеттің 8 500 000 (сегіз миллион бес жүз мың) АҚШ долларына баламалы мөлшердегі үлесін қалыптастыруды қамтамасыз етсін. <*>
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.12.11. N 1610 қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
      "Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-15-жолмен толықтырылсын:
      "21-15 "Эйр Астана" ЖАҚ";
      2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 160-8-жолмен толықтырылсын:
      "160-8 "Эйр Астана" ЖАҚ".

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары К.Қ. Мәсімовке жүктелсін. <*>
      Ескерту. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.11. N 1610 қаулысымен.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады